TV-5_lekcija.pptx
- Количество слайдов: 7
Тележурналистиканың бейнелеуші құралдары. /Экран тілінің элементтері- бейне, дыбыс, сөз, кадр, план, ракурс/
Экран тілінің элементтері • Телевизия туындыларының көркемдік сапасын арттыруда телеоператорлық, телережиссуралық және монтаждау өнердің де алар орны айырықша • Жекелеген бейнелерді лайықты әрі кәсіби жоғары деңгейде түсірудің өзі камераны дұрыс орналастырудан, сурет нысаны мен камера екеуінің арасындағы қашықтықты дәл сәйкестіруден, түсіру нүктені нақты белгілеуден басталатын күрделі өнер • Көрермен назарын эфирге аудару үшін, бейнебаянды жандандырып, мазмұнын тереңдету үшін жекелеген бейнеден басқа понарамалық, ракурстық, «наезд» , «отьезд» тәсілдері пайдаланылады
• Понарамалық бейне - бір нүктеден немесе белгілі бір нысаннан келесі жағына барып бітетін үзіліссіз қозғалысқа негізделген бейне көріністің түрі. Понараманы ішінара жоғарытөмен, көлбеу және айналма деп бөледі. • «наезд» -түсірілетін нысанға жақындап баратын қозғалысқа негізделген бейне «отьезд» нүктеден немесе нысаннан шегінуді білдіретін қозғалыс ракурстық бейне -нысанды бір қырынан ба немесе тас төбесінен, әлде көлбетіп түсіруді айтады
• Телехабар даярлау ісі үш сатыға бөлінеді: өндірістен бұрынғы өндіріс барысындағы өндірістен кейінгі Бұл үшеуінің әрбірі технологиялық, техникалық, шығармашылық ізденісті талап етеді
• кассета, батарея жеткілікті ме, микрофон дұрыс істеп тұр ма ? • оператор мақсатын нақты түсінуі тиіс • редактор қайда, не мақсатпен бара жатқанын алдын ала түсіндіруі керек • микрофонды дұрыс орналастырудың өзінің айтарлықтай рөлі бар. • тілші мен режиссер оқиға орнынан оралған соң монтаж үстеліне жайғасқанда оның «жамау-жасқауына» жарататын қосымша бейнелердің де алдын ала түсірлігенін қадағалау керек
Телетекст • Қарапайым әр, сөз атаулардыі түсінікті, нақты анық жазу қысқартпау, тырнақша мен сілтемені өз мәтінінде қолданудан қашу, үтір, нүктелердің өзіне мән беру, сандарды қолданғанда шұбыртпай қысқартып мазмұнын жоймай жеткізу, адамдардың аты-жөндерін толықтай дұрыс атау, есімдіктерді жөнімен қолдану, мейлінше көрермендерге тікелей қайырылу, қазақ тілінің құнарлы нәрін толық пайдалана білу
Теледидардағы бейне • Телевизияға арналып жазылатын туындының басты ерекшелігі - сөз бен бейнесюжет бірбірін толықтырады • Көп сөзділіктің салдарынан тамаша бейнесюжеттің құны түсіп қалатынын ұмытпаңыз • Бейне мен сюжет бір-біріне сәйкес болуы керек • Архив материалдарынан гөрі жаңадан түсіріліп келген бейнелер әрқашан да құнды
TV-5_lekcija.pptx