
Фонетика.pptx
- Количество слайдов: 12
тексерген: Кудеринова Қ. орындаған: Жантаева А. Қаскелең, 2014 жыл
Буын жігін қалай табуға болады?
Мақсаты: БУЫН ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ БІЗДЕГІ БУЫН ТҮРЛЕРІ БУЫН ЖІГІ ҚАЙТКЕНДЕ ОҢАЙ ТАБЫЛАДЫ?
Буын жүйесі қай тілде де белгілі орын ұстайды. Әсіресе біздің тілімізде оның орны ерекше, маңызы өзгеше, артықша. Өйткені қазақ тілінің өркендеу сатысы-буыншыл кезеңнен дыбысшыл кезеңге ауысып болмаған дәуірде тұр.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ДЫБЫС (ФОНЕМА) ДЕГЕН КАТЕГОРИЯ БАР БОЛҒАНЫМЕН, ОЛ ӘЛІ ЖЕТІЛІП БОЛМАҒАН, ӘЛІ ДЕ БАЛАҢ, ЖАС. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ДЫБЫСТАРЫ КӨП ОРЫНДА ӨЗ БЕТІЛІК КЕЙІПКЕ КІРЕ АЛМАҒАН; БУЫН ІШІНДЕГІ ДЫБЫСТАР БОЛЫП БІРЛЕСІП ҒАНА ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ТҮРГЕ ЕНЕДІ.
Қытай тілінде сөз ерекше орын алады. Өйткені ол тілде жалғау, жұрнақтар мардымсыз. Сөз тудыру, түрлендіру, сөйлем құрау секілділердің бәрі де бүтін сөздердің ілгері-кейінді ықпалдың келіп құрмаласуынан болады. Сондықтан Қытайдың ең кішкентай бөлшегі “сөз” болып табылады, және жазуы сөз жүйесінде құрылған.
Біздегі буын түрлері Қазақ тілінің буындарын буын ішіндегі дыбыстардың санына қарай да жіктеуге болады; Буын ішінде түрлі дыбыстардың түрлі тәртіппен тізілуіне қарай да жіктеуге болады; Буынның аяқ дыбысының түріне қарай да жіктеуге болады.
Дыбыстар санына қарай: Бір дыбысты буын Екі дыбысты буын Төрт дыбысты буын Үш дыбысты буын
Ашық буын Тұйық буын
Буын ішіндегі дыбыстардың тізілу тәртібіне қарай топтастыру: 1. Ды буын (жалаң) 2. Дз-Ды буын (ашық) 3. Ды-Дз буын (жеңіл тұйық) 4. Дз-Ды-Дз буын (жеңіл бітеу) 5. Ды-с. Дз-қДз буын (ауыр тұйық) 6. Дз-Ды-с. Дз-қДз буын (ауыр бітеу)
Қорытынды: Дауысты дыбыссыз буын болмайды; Бір буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды; Дауысты дыбыс жалғыз өзі де буын бола алады; Бір буында үштен артық дауыссыз дыбыс болмайды; Еш уақытта алдында екі дауыссыз дыбыс қатар келмейді; Сөз ішінде дауыстыдан басталатын буын болмайды.
Назарларыңызға рахмет!!!
Фонетика.pptx