
a_sha_prezentatsia.ppt
- Количество слайдов: 6
Теңге валютасы
§ 1992 жыл Қазақстанның халықаралық сахнаға белсенді шыққан жылы болды.
§ 3 наурыз күні республика БҰҰ мүшесі болды, кейінірек басқа да халықаралық ұйымдардың құрамына енді. Сол кезде мемлекеттік нышандар әзірленді.
§ 1993 жылдың қаңтар айында Қазақстанды біртұтас, зайырлы және демократиялық мемлекет ретінде жариялаған Конституция қабылданады. Саяси жүйедегі реформалардың жалғасы 1995 жылы 30 тамызда екінші Конституцияны қабыладуға әкеп соқты. § Алайда Қазақстан 1991 жылы өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялаған кезден емес, ұлттық валютаны енгізгеннен бастап дербес болды деуге болады. Мемлекеттің өзіндік экономикасының қалыптасуы сол кезде басталды. § Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің ішінде Қазақстан рубль аймағынан ең соңғы болып шықты. Алғашында ұлттық валютаға екі кезеңмен көшу жоспарланған: алдымен уақытша ақша енгізу, содан кейін тұрақты ақша енгізу. Нәтижесінде уақытты бекер құртпай, бірден ресми валюта енгізу керек деп шешілді.
§ Оны әзірлеуге деген дайындық құпия түрде өтті. Теңгеге көшу 1991 жылы көзделген болатын. Сол кезде жоғары санатты төрт шеберден тұратын «арнайы топ» құрылған болатын. Олар Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Түзелханов және Хайрулла Ғабжалиловтар болатын. Жұмыс Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден басталды. Осы кезде валютаны теңге деп атау идеясы пайда болды, теңге - орыстың «деньги» деген сөзіне айналған «таньга» , «донга» , «теньга» деген нұсқалары бар тарихи түрік сөзі. Содан кейін көптеген дау туындады, «ақша» деген нұсқа болды, елбасына «алтын» деген нұсқа ұнады, алайда барлығы «теңгеге» келіп тоқтады.
Назарыңызға рақмет!!! Адильбекова М. М Ф-1104
a_sha_prezentatsia.ppt