Тазы
Мезолит дәуірінде қолға үйретілген ит екі түрлі жабайы тұқымнан оңтүстікте шиебөріден, солтүстікте қасқырдан шығып жер бетіне тегіс тараған хайуан дейді қазіргі ғылым. Иттің шығу тегі туралы бір ғана ортақ ит тұқымынан бастау алған және түрлі тұқымдар ұзақ эволюциялық (тарихи дамудың нәтижесі деп қарайтын монофилетикалық және көп негізден шықты дейтін полифилетикалық теориялар бар. Жартас бетіне салынған суреттерді есептемегенде тазыға ұқсас кейіптегі бейнелер Мысыр перғауындарының ескерткіштерінде бейнеленген. Осыдан 3400 жыл бұрынғы деректерде ұзын сирақты тұрықты, тұмсығы үшкіл, құлақтары тік, құйрықтары иректеліп дөңгеленген иттер бейнеленген. Қысқасы олардың сүлбасы тазыға көбірек келіңкірейді (ат пен иттің басқа тұқымдары бұдан көп кейін бейнеленген, яғни кешірек қолға үйретілген). Ал араб бәдеуилерінің ермегі болған тазылар арабтардың дін тарату жорығы кезеңінде Азияға кеңінен таралған дейді зерттеушілер. Дін таратумен тазы да бірге келді деуінің себебі ислам діні таралған аумақта, дәлірек айтқанда Алтай, Гималай тауларына дейінгі аралықта (батыста Испания жерінедейін) арабытазыға ұқсас иттер ұшырасады. Орта Азияның қатал табиғатына үйлесу үшін тазыларды ғұндардың итінің сипатына ұқсайтын ұзын сабалақ жүнді, салпаң құлақты жергілікті тұқыммен будандастырып, жаңа сұрып шығыстың салпаң құлақ тазысы дүниеге келді
Тазы - орташа ғана бойы бар жүйрік ит, жүні тықыр, оның есесіне, құйрығы мен салпаң құлағының ұшын ұзын шашақты жүн басқан. Басқа аңшы иттерге қарағанда бұлар ақылдырақ, иесіне шын берілген, адамға жұғысқыш, ал өзге иттерге өшпенділеу келеді. Өздері өте батыл, әрі орасан жүйрік болады. Тазылар күшті болмайды, бірақ денелері сидам, арық, жеңіл, жүйрік, әрі өжет келеді. Олар қуса жетеді де, қашса құтылады. Қоян, түлкі сияқты үсақ аңдарды олар құтқармайды. Айлаға икемділігі сондай, тазылар аяғын сындыру, қайыру, мойнын шығару деген кінаратқа ұрынбайды.
Тазыларды тұқымына қарай қазақтар кумай, кумай тазы, таза қандылығы мен түгіне қарай; құны, құны тазы, будандасқан болса; дурегей, дурегей тазы, қайын қаптал деп бөледі. Мұның соңғылары қасқыр алатын күшті иттер. Олар жалғыз жарым да екеулеп немесе тобымен жүріп, "ұтылап" аң алады, ал үйретілген болса аушы құспен де тізе қосып қимылдайды. Тазы иттердің түгі салыстырмалы түрде аз, сүйықтау келеді. Ал кескін сымбатына қарай таулы, орманды өңірдегі аңшыл иттер ірі сүйекті, шомбал денелі болса, далалы құмды өңірлерде дене бітімі шағын, шарғылау келеді.
Тазының жылдам, ширақ қозғалуына оның сүйек қаң- қаларының берік жетілгендігі, шеміршек, жұлын-тұтасының, сүйектер мен сіңіртарамысының бір-бірінің қимыл- қозғалысын икемдей, шапшаңдыққа келтіре алатындығымен тура байланысты. Мойын омыртқа жетеу, ауыз омыртқасы қанаты жұқа, жалпақ, артқа қарай көсіле жатқан, үстінде шүйделі төмпегі болмайды. Арқа омыртқа он үш, олардың жоталық өсінділері жуан, алдыңғы омыртқалар да иіле келген. Оған ұштасқан он үш жүп қабырғаның тоғызы дөңгеленіп иіліп тұрады.
Аң аулау
Ағайын адамдар, сондай-ақ құдандалы жегжаттар арасынан күшік асырап алуға тыйым салынады. Себебі "итше ырылдасып", "араз болып кетеді" деп сақтандырады. "Иттің шені қарғыбау" дейтін қазақтар иелі күшіктің мойнына асыл тұқымнан шыққандығы мен иесінің шені мен салтанаты, дәулет дәрежесіне қарай қарғыбауын тағады Тазы иттерді той, ас, үлкен басқосуларға жүйрік ат, алғыр қыранымен бірге алып барады. Мұндайда әлбетте тазының қарғыбауын жаңалап алмастырады. Онымен бірге ит "сыбағасына" қарық болатыны белгілі. Әйгілі тазы күшігіне ақ отаудың сол жағынан мамық төсектен орын бергені жайында әңгімелер кездеседі. Оған тіптен құлынды бие беріп алады