“Тауықтарды өсіруге арналған қора жайларға
“Тауықтарды өсіруге арналған қора жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық және гигиеналық талаптар, тауықтарды күтіп бағу жағдайлары және оны жақсарту шаралары”
Құс шаруашылығы - мал шаруашылығы құрамындағы ең тез жетілгіш, әрі қысқа мерзім ішінде көптеген жұмыртқа мен құс етін аз шығын жұмсау арқылы өндіруге болатын сала. Тауықтың жұмыртқасы мен еті құнды тағам ретінде есептеледі. Олар ақуызға өте бай, құрамында жеңіл сіңірілетін май, көмірсу, витаминдермен бірге минералды заттар болады. Мысалы: бройлер балапанының етінің құрамында 22, 5% ақуыз болады, күркетауық етінде 21% , үйректің етінде 17% , қаздың етінде 15% , ал қой етін ақуыздың мөлшерін 14, 5%, шошқа етінде 13, 8%болады.
Құстар мынадай шаруашылық-биологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді: 1. Жоғары өсімталдығымен, бір мекеннің жылына екі жүзге дейін балапан алуға болады. 2. Жыныстық тез жетілуімен, тез жұмыртқалайтын мекеннің тұқымдары 4 -5 айлығында жұмыртқа сала бастайды. 3. Тез өсу жылдамдығымен, етті тұқым балапандары 63 күнде 800 -1200 г салмаққа жетеді. 4. Жоғары сойыс етімен, 80%ұшасы салмағының тағамға жарамды бөлігі. 5. Денесінің жоғарғы температурасымен, 40 -41˚C. 6. Күшті және қарқынды газ алмасуымен ерекшеленеді.
Археологиялы қ қазбалардың мәліметі бойынша, үй тауықтары бұдан 5000 жыл бұрын Үндістанда қолға уйретіле бастаған. Содан шығыс пен батыс елдеріне тараған. Қазіргі үй құстарының жабайы құстардан айырмашылығы мол, көп өзгеріске ұшыраған. Егер банкив тауығы жылына 8 -14 жұмыртқаласа, үй тауықтары, мысалы: леггорн тауығы 12 айда 280 -290 дана жұмыртқа береді. Банкив әтеші 0, 9 -1, 2 кг салмақта болса, бройлер тауығының балапаны 49 күнде 1, 3 -1, 5 кг салмақта болады.
Мекиен тауықтарды күту. Тауықтың өнімділігі мен олардың денсаулығының күйі көп жағдайда мінез-құлықтарына және бірімен өзара қарым-қатынастарына байланысты. Тауықтардың мінез-құлқын байқай отырып, кейбір тауықтардың шұқитын және басқаларын астаушадан қуатынын байқауға болады. Әсіресе, бұл шектен тыс тығыз қондырғанда, азықтану мен суарудың шағын көлемінде жиі байқалады. Өзін күйзелісте сезінген тауықтар азықты аз жейді, оны нашар сіңіреді, жұмыртқаны аз салады.
Құстардың шұқуы рациондағы ақуыздың күрт азаюынан, су ішудегі үзіліс болуынан, ас тұзының немесе кейбір микроэлементтердің, витаминдердің жетіспеушілігінен, құстардың шамадан тыс тығыз тұруынан, әр түрлі салмақтағы құстар секциясын жабдықтаудан, жарықтың шамадан тыс күшті сәулеленуінен, дененің қауырсынданбаған жерлерінде қан тарататын тамырлардың анық байқалуынан және басқа да жағдайда болуы мүмкін.
Мекиен тауықтарды бағу әдістері Еркін Торда Жер көлемін ұлғайту, жеке бақылау Құстар еркін қозғала мен құстарды алады, бұл жарамсыздыққа денсаулықтарының шығару; мекиендер тобын жақсы күйін және бірқалыпты өнім алу үшін жұқпалы ауруларға жабдықтау жеңілдей төзімділігін түседі; өнім өндіруге азық жоғарылатады. Жұмыртқ шығыны а жақсы береді. азаяды; неғұрлым таза жұмыртқа алынады және т. б.
Құстарды ұстау жүйелері Еденде Торда Әдістері: 1. Ауыстырылмайтын төсеніште ұстау 2. Тақтайша еденде 3. Торлы еденде
Ауыстырылмайтын төсенішті төсер алдында еденді жуып, дезинфекциялайды. Төсеніш ретінде сабан, жүгерінің майдаланған сабақтары, ағаш ұнтағы алынады. Алдымен төсеніш қалыңдығы 6 -8 см болады, сосын он күннен кейін оның қалыңдығы 20 -25 см жеткенше тағы төсейді. -Типтік құс қораларының ұзындығы 72, 84 және 96 м, ені 12 және 18 м болады. -Құсты қораға кіргізбестен қораны және қондырғыны дайындау керек. -Құстарды топпен ұстайды, бір секцияда 1000 бас құс болады. 5 -6 құсқа бір ұяшық орнатады. Құсты орнату тығыздығы 5 -6 баc/м³. Зақымдалған, мұздаған, ылғалды, шіріген төсенішті қолдануға болмайды.
Торда ұстаудың артықшылығы: -Орнату тығыздығының жоғарылығы 30 бас/м³; -санитариялық гигиеналық жағдайды жақсарту; -азық экономиясы(10%); -жоғары өнімділік. Торда ұстаудың кемшіліктері: Бағасының қымбаттылығы, созылмалы стресс, технологиялық аурулардың пайда болуы.
Құс қораларындағы микроклимат және оны жетілдіру. Құс қоралардағы микроклимат құс организміне айтарлықтай әсер етеді. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап, сапасы кемиді. Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа райына, азықтандыру тәсілдеріне, қоршаулардың түрлеріне, желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты Жоғары және төменгі температураға да құс организмі өте сезімтал болып келеді. Ауадағы жоғары ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып, тотығу – тотықсыздану процесін тежейді. Мұның өзі құстың тәбетін төмендетіп, азықтың сенімділігін нашарлатып, түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін, әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді, сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек. Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор. Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгідей жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады.
Тауықтарды азықтандыру және азық сапасына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар. Үй құстарының ішінде ең кеңінен тарағаны-тауық. Тауықты тәулігіне 3 - 4 рет азықтандырады. Ертеңгісін тәулігіне беретін дәннің күндік мөлшерінің 1/3 - ін, одан 2 сағат өткен соң қоректігі 30 - 40 мину жететіндей етіп ылғалды қойыртпақ жем береді. Құрғақ ұн қоспасын, жеу мөлшеріне қарай, оттыққа салып тұрады. Кешкісін, жатарға тек қана астық дәнін шашады. Егер күн суық болса, дән мөлшерін көбейтеді. Құстарды араластырылған күрделі азықпен жемдегенде, қойыртпақ жемнің тез ашып, бұзылып кететінін ескеріп, оны құсқа берер алдында дайындап, ыдыстарын таза ұстаған жөн.
Тауықтар белгілі бір уақытпен азықтандырылып, оларға берілген азық сапасы гигиеналық талапқа сай болуы керек. Бұл ережені сақтамау салдарынан, құс арасында түрлі аурулар болуы мүмкін. Құстарда болатын аурулардың көп түрі, мысалы: авитаминоз, пуллороз, пастереллез, кокцидоз, нас морк, микоплазмос және т. б. аурулар олардың азықтануымен, соның ішінде азық құрамындағы заттарға байланысты туындайды. Сондықтан да ең алдымен азық рационына яғни оның сапасына мән беру керек. Барлық құнарлы азықтар, соның ішінде протеин, биологиялық белсенді және минералдық заттардың болуы, азық рационында дұрыс бағалануы керек.
Тауықтарды сумен қамтамасыз ету жүйелері және суға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар. Жұмыртқадан шыққан беттегі балапан организміндегі су мөлшері 70% , ал ересек құстарда оның үлесі бүкіл дене салмағының 52 -58% тең болады. Суға әрқашан жол ашық болуы тиіс, ал күн ыстық болғанда ол салқын, ал температура төмен болғанда жылы болуы қажет. Құс экстенсивті күтілген жағдайда суарғыштардың орнын күнде ауыстырып отыру керек, әйтпесе олардың маңайы суланып кетеді. Қолданылатын суарғыштардың жиектеріне немесе үстеріне құс отыра алмайтындай болуы тиіс, әйтпесе ондағы су олардың саңғырықтарымен лезде ластанады.
Суды тұтыну талабы көптеген факторларға: жұмыртқалау қарқынына, құстың жасына, салмағына, қоршаған ортаның температурасына, сондай - ақ азықтың консистенциясына, сумен қамтамасыз ету жүйесіне және т. б. байланысты. Құстың организмі тұтынатын судың мөлшері мен сапасын қатты талғайды. Суаруды шектеу мекиендердің жұмыртқалауын тоқтатады, ал екі тәулік бойы су ішпесе құс өледі. Жұмыртқалап жүрген және овуляция кезінде тауықтардың су ішуінде айырмашылықтар бар екені байқалады. Овуляция кезінде құстың ішуі арта түседі. Құстың тәуліктік азықпен қоректенуі температура жағдайларына байланысты орташа шамадан 60% , ал суды тұтынуы 300%-ға дейін ауытқуы мүмкін. Суды тұтыну оның сапасына да байланысты. Ішетін су таза, мөлдір, түссіз, иіссіз, дәмсіз болуы тиіс.
Жұмыртқалайтын тұқымды балапандар мен тауықтарды құрғақ азықтармен қоректендірген кезде, олар шамамен мынадай мөлшерде су қабылдайды: 1 -30 күнге дейінгі балапандар -0, 1 ; 31 - 60 күндік -0, 15 ; 61 -90 күндік -0 , 20 ; жылына 200 жұмыртқа тапқан кезде , тауықтар 35 -0, 40 ; 280 жұмыртқа тапқан кезде -0, 5 л. Ауа температурасы 25˚C дан жоғарылаған кезде құстың суды тұтынуы артып, шырынды азықтармен қоректендірген кезде, азая түседі. шама
Тауықтар жұқпалы және жұқпалы емес ауруларға шалдығады. Жұқпалы аурулар тауықтың өлім-жітіміне апарып соғатын инфекцияның таралуынан пайда болады. Мұндай аурулар бір тауықтан екіншісіне жұғып, тез етек алады. Соның салдарынан бүкіл құсты індет аралайды. Жұқпалы емес аурулар құстардың дұрыс күтілмеуінен, азықтануы кезіндегі кемшіліктерден пайда болады да, ондай ауру құстардың бірінен екіншісіне таралмайды. Жұқпалы ауруларды жоюда және оның алдын - алуда дезинфекция негізгі шаралардың бірі болып саналады. Оны қолданудағы мақсат сыртқы ортадағы ауру тудыратын микробтарды жойып жіберу. Дезинфекцияның бірнеше әдістері бар, олар: механикалық, физикалық және химиялық.
Күн сәулесі, кептіру, от, аптап ыстық, қайнату - бұлар физикалық дезинфекциялаушы құралдар. Күн сәулесі құс обасына, пастереллезге, кокцидиозға т. б. ауруларға қоздырғыш болып табылатын организмдерді өлтіріп жібереді. Қайнап тұрған ыстық су - сенімді дезифекция құралы. Құрал - саймандарды, киім - кешектерді, аспаптарды қауырсын, жұмыртқа, құс еттерін т. б. ыстық сумен зарарсыздандырылады. Егер қайнап тұрған суға сілті қосса, онда тіпті әсерлі болады. Химялық дезинфекциялаушы заттардың ең кең тарағаны және ең тиімдісі хлорлы және жаңа сөндірілген әк, күйдіргіш натрий немесе күйдіргіш калий, формалин, карбол қышқылы және т. б. Дезифекцины арнаулы ерітінділерде автомобильдің дезинфекциялайтын қондырғысын пайдаланып, тозаңдату арқылы гидропульттер және басқа да тетіктердің жәрдемімен жүзеге асырады. Құс қораны алдын - ала тазалап, қора жай мен құрал-саймандарды жуған соң екі рет жалпы профилактикалықдезинфекция жасайды.
Дезинфекциялық зат ретінде 4%- тік дихлоризоцион қышқылының мононатрийлі тұзының судағы ерітіндісі пайдаланылады. Ондағы еріген бөлшектердің диаметрі 130 -150 мкм, 100 -150 мл/ месе алынған. Аталған ерітіндінің бактериялық белсенділігі лабораторияларда, өндірістік және жартылай өндірістік жағдайларда тексеріледі. Құстарға жұқпалы ауру таратушы ( кенелер ) және тынышын алатын жәндіктерді құртуға бағытталып, ұйымдастырылатын шаралар дезинсекция болып табылады. Күнделікті және профилактикалық дезинсекциялар болады. Қора жайлар мен құс денесінен жәндіктерді жоюға бағытталған шаралар күнделікті дезинсекция деп аталады.
Дератизация(франц. «de» -жоямын, лат, ratus-егеуқұйрық)-адам мен малға зиян келтіретін кеміргіштерге қарсы шаралар жиынтығы. Құс қоралардағы азық сақтау орыны мен цехт арды кеміргіштерден қорғау нәтижесінде және оларға жағдай жасауға негізделетін шаралардың бірі-профилактикалық шара болып табылады. Кеміргіштердің көбейіп кетпеуін қадағалау керек. Сондықтанда барлық азық сақтау орындары темірмен, цементпенжәне әйнектермен жабдықталуы керек. Құс қораларда кеміргіштердің көбейіп кетпеуіне назар аударылу керек. Ол үшін кеміргіштерге қарсы шаралар ұйымдастырылады, барлық құс қоралары мен олардың территориялары тексеріледі және де кеміргіштердің қандай азықпен азықтанатындығын анықтайды.
Құс шаруашылығында кеміргіштермен күресуде мына тәсілдер қолданады: Биологиялық Механикалық Химиялық Кеміргіштерді Кеміргіштерме алдап, яғни н күресуде Кеміргіштерге қақпан құру мына улы өз жауларын жолымен заттар тікелей қолдану ұстауға қолданылады: р (ит, мысық)және болады. Ол үшін атиндан, зооку де арнайы құс марин, крысид, бактериялар қораларында әр фосфид пайдаланылады. 10 м²сайын бір цинка, фторлы қақпан натрий. орнатылады.
Дезодорация - субстратта шіріген кезде пайда болатынжағымсыз иісті жасанды түрде жою немесе оны басып тастау. Қора ішіндегі ауаның құрамындағы зиянды газдардың мөлшерін азайту мақсатында химиялық тәсіл-дезодарант және дезинфектант қолдануға болады. Дезодорацияны барлық бөлімдерде бірдей іске асырады, ол үшін әртүрлі аэрозолдарды және еденді жуатын ерітінділерді қолданады. Аэрозоль түрінде қолданылатын заттар: 2%- ы сутегінің пероксиді ерітіндісі (1 м/м² ) , 3%- ы жоғары молекулал сірке қышқылы ерітіндісі (150 -200 мл/м² ) , альдегиді. Бұл ерітінділермен қора жақтауларын күніне бір рет өңдейді.
Антропозоонозды аурулардың алдын алу және құс шаруашылығы қызметінің еңбек ету жағдайын жақсарту шаралары Құс тұмауы - септицемия, домбығу, тыныс және ас қорыту мүшелерінің зақымдануымен ерекшеленетін жұғымтал ауру. Ауруды алғаш рет Италияда Перрончито (1880) тауықтың сүзегі деген атпен сиптталады. Қоздырушысы - INFLUENZA A. INFLUENZAVIRUS ортомиксовирустар туыстастығына жататын, құрамында РНҚ бар, сүтқоректілер мен құстарға ортақ тұмау вирусының А тобына жатады. Негізгі антигендер: Н ( гемагглютинин ) және N(нейраминидаза).
Шаруашылыққа құстың тұмауының вирусы жеммен, құрал - жабдықтармен әкелінеді, әсіресе жұмыртқа мен құс етін салған ыдыстарқауіпті. Вирус тыныс жолы, ауыз, тері асты, бұлшықет арқылы енгенде ауру қоздырады. Аурудың таратушы факторлары: кемірушілер, мысық, жабайы құстар. Вирус тыныс жолдарына енген соң, жылдам көбейеді, қанға өтеді де, эритроциттерге жабысып, бүкіл денеге тарайды. Аурудың алдын алу үшін құс фермалары мен фабрикаларында санитариялық реттілікті сақтаудың, зоогигиеналық талаптарды орындаудың маңызы зор. Ауының вир
Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
гигиена баукага.ppt
- Количество слайдов: 25

