Тауарлы материалдық қорлар есебі ТМҚ-р — өндіріс циклінде


Тауарлы материалдық қорлар есебі

ТМҚ-р — өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс үдерісінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толықтай аударады. ТМҚ-ға мыналар жатады: — шикізат, материал, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар; — аяқталмаған өндіріс; -субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар. Материалдық қорлар былайша жіктеледі: — негізгі материалдар – шығарылатын өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық негізін құрайды; — көмекші материалдар — өндірілетін қнімге белгілі бір қасиеттер дарытады.

Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде «ТМҚ-р есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін: Орташа өлшемді құн бойынша – есепті кезеңде қозғалысы болған әр бір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.

Қоймалардағы материалдық қорларды есепке алуды материалдық жауапты адамдар немесе олардың келісімімен есепшілер материалды есепке алу карточкаларында (ү.М-№17). Материалдардың әрбір номеріне жеке карточкалары ашылады, ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі. Алған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталу орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады.

Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары нормадан жоғары және кем болса, оның ауытқуына дабыл анықтамасы (ү.М-№34) толтырылады. Бухгалтерия белгіленген мерзімдерде қойманың тікелей өзінде жазбалардың дұрыстығын және карточкадағы қалдықтардың шығарылуын тексереді. Материалдық қорлардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды, бухгалтер қоймада құжаттарды өткізу тізімін ( ү.М-№18а) толтыру арқылы қабылдайды

ФИФО – есепті кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соңында пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады. ЛИФО – кейінгі сатып алулардың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығару ағымдағы кірістер мен шығындардың сәйкестілігін қамтамасыз етеді және инфляцияның құрылыс қызметі нәтижелеріне ықпалын ескеруге мүмкіндік береді

Қоймадағы тмқ-р есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді. Карточка номенклатуралық нөмір бойынша материалдардың әр бір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды жауапты адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыс құжаттары негізінде жүргізеді.

Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы кітабы» тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай, ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі. Қоймадан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрін» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.

Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды. Құжаттарды қабылдау қоймада «Құжаттарды тапсыру реестрін» жасау арқылы іске асады. Материалды жауапты адамның жұмысындағы ауытқушылықтар анықталғанда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиіс.

. Бухгалтерияда материалдық анықтама есебінің жинақтаушы тізімдемесі негізінде немесе материалдарды жауапты адамдардың материалдық қорлардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп беру негізінде «материалдардың ақша түріндегі қозғалысы” тізімдемесі жасалынады. Бұл тізімдеме 2 бөлімнен тұрады

. 1-бөлімде, кәсіпорынға нақты өзіндік құны мен есептік құны бойынша материалдардың түсуі жөнінде деректер жинақталады. 2-бөлімде, құндылықтардың есептік бағасы мен нақтылы өзіндік құны бойынша қалдықтары мен қозғалысы туралы деректерінің жиынтығы жасалады. Ағымдық есеп деректерінің негізінде цехтар (учаскелер) бухгалтерияға материалдардың өндірісте пайдаланылуы туралы және үнемнің немесе артық жасаудың себептерін көрсете отырып, нормадан ауытқушылар туралы рапорттар мен есеп береді. Материалдар қозғалысын есепке алу жөніндегі шоттар корреспонденциясы төмендегінше:

Ағымдық есеп деректерінің негізінде цехтар (учаскелер) бухгалтерияға материалдардың өндірісте пайдаланылуы туралы және үнемнің немесе артық жасаудың себептерін көрсете отырып, нормадан ауытқушылар туралы рапорттар мен есеп береді. Материалдар қозғалысын есепке алу жөніндегі шоттар корреспонденциясы төмендегінше: 1. Дт 1310- Кт 3310- өнім жеткізушілерден келіп түскен материалдық құндылықтардың құнына; 2. Дт 1420- Кт 3310- жабдықтаушылардың шот фактурада тұрған салық сомасына; 3. Дт 1310- Кт 6210- негізгі құралдарды жоюдан кіріске алынған материалдарға; 4. Дт 8010, 8030- Кт 1310- негізгі және көмекші өндіріске босатылған материалдар құнына; 5.Дт 7210- Кт 1310- үй жайларды, ғимараттарды жөндеуге, жалпы шаруашылықтың және басқару мақсатындағы жабдықтауға жұмсалған материал құнына.

ТМҚ-ды түгендеу олардың орын-орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға, өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақытылы анықтауға саяды. Түгендеу материалды жауапты адамдардың қатысуымен, міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу, өлшеу жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей, материалды жауаптының айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болады.

Жеке бөлімшелерде жүйелі өткізілген түгендеуден кейін оларға кіруге болмайтындай жабылып, мөрленеді. Егер түгендеуді өткізу кезінде ТМҚ-р түссе, онда оларды материалды жауапты адам түгендеу комиссиясының қатысуымен қабылдайды және түгендеуден кейін тізілім немесе материалдық есеп бойынша кіріске алады. Мұндай құндылықтарға түскен ай-күніне сілтеме жасалып, түгендеу комиссиясының төрағасы қолы қойылып, «Түгендеу кезінде түскен ТМҚ-р» атты арнайы тізімдеме ( опись) жасалады. Түгендеу негізінде, аса қажет болған жағдайда тек қана субъекті басшысының және бас бухгалтерінің жазбаша рұқсатымен ТМҚ-р босатылады, ол түгендеу комиссиясының төрағасы қол қойған Түгендеу кезінде босатылған ТМҚ-р жеке тізілімдемесінде өткізіледі.

11644-presentation2_the_last.ppt
- Количество слайдов: 14