Режим.pptx
- Количество слайдов: 13
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК АУМАҚТАН ТЫС ҚАЙТА ӨҢДЕУ. Кеден Ісі - 342 Орындаған: Мейірбаев Бекен Телеубаева Құндыз Малаев Шыңғыс
Жоспар: 1. Жалпы ережелер. 2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу бойынша операциялар. 3. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі. 4. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары. 5. Қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру. 6. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімінің мазмұны.
(ағыл. customs treatment (regime) of goods processing out of the customs territory; нем. Zollverfahren der Warenverurbeitung auber dem Zollgebiet n) - Экспорттықбақылау шараларын қоспағанда, қазақстандық тауaрларлы тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кедендік баждардан және салықтардан толық немесе ішінара босата отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және оларды кейіннен әкелу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс әкетуге және пайдалануға арналған кедендік режим. Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидалары
1. Жалпы ережелер 1. Осы Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 348, 361 және 373 -баптарына сәйкес әзірленді және тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімдерімен орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты (бұдан әрі – Қайта өңдеу шарттары туралы құжат) беру, сондай-ақ оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу және оны кері қайтарып алу (жою) тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидалардың әрекеті тауарларды қайта өңдеуді көздейтін өзге кедендік рәсімдерге қолданылмайды. 3. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты осы Қағидаларға 1қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары арасында бөлінген Кеден одағы Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) бойынша тауарлардың атауына және сыныпталуына қарай құзыретті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді. 4. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты бергені үшін төлем алынбайды.
Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу бойынша операциялар Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімінде қайта өңдеу бойынша операциялар: 1) тауарлар өздерінің жеке сипаттамаларын жоғалтатын кездегі тауарларды қайта өңдеуді және өңдеуді; 2) монтаждауды, жинақтауды, бөлшектеуді, және шақтауды қосқанда, тауарларды дайындауды; 3) оны қалпына келтіруді, құрамдас бөлшектерді ауыстыруды қосқанда, тауарды жөндеуді қамтиды.
ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК АУМАҚТАН ТЫС ҚАЙТА ӨҢДЕУ МЕРЗІМІ 1. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі 2 (екі) жылдан аспауға тиіс. Тауарларды қайта өңдеу мерзімінің өтуі оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыру күнінен, ал тауарларды жекелеген партиялармен (бірнеше партия) кедендік декларациялау кезінде -осы кедендік рәсіммен тауарлардың бірінші партиясын орналастыру күнінен басталады. 2. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің мерзімі: 1) тауарларды қайта өңдеудің өндірістік процесінің ұзақтығын; 2) қайта өңдеу өнімдерін іс жүзінде әкелу үшін және оларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімін аяқтайтын кедендік рәсімдермен орналастыру үшін қажетті уақытты қамтиды. 3. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімі осы баптың 1 -тармағымен белгіленген мерзім шегінде ұзартылуы мүмкін. 4. Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу мерзімін белгілеу және ұзарту тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормалары 1. Қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу нормасы деп кеден одағы тауарларының белгілі бір мөлшерін қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған қайта өңдеу өнімдерінің мөлшері немесе проценттік құрамы түсініледі. 2. Егер кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу бойынша операциялар сипаттары негізінен тұрақты болып қалатын және әдетте анық белгіленген техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын және қайта өңдеудің өзгермеген сападағы өнімдерін алуға әкелетін тауарларға қатысты жасалса, кеден одағына мүше мемлекеттердің құзыретті органдары қайта өңдеу өнімдерінің стандартты шығарылу нормаларын белгілеуі мүмкін.
Қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыру 1. Егер жөндеу қайта өңдеу бойынша операциялар болып табылған жағдайда, сондай-ақ тауарларды құбыр жол көлігімен өткізген кезде кеден органының рұқсатымен өз сипаты, сапасы және техникалық сипаттамасы бойынша қайта өңдеу өнімдеріне сәйкес келетін қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол беріледі 2. Егер қайта өңдеу өнімдерін балама шетелдік тауарлармен ауыстыруға рұқсат берілсе, бұл тауарларды әкелуге кеден одағының тауарларын кеден одағының кедендік аумағынан тысқары әкеткенге дейін жол беріледі. Бұл ретте мұндай ауыстырудың тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
ІШКІ ТҰТЫНУ ҮШІН ҚАЙТА ӨҢДЕУ КЕДЕНДІК РӘСІМІНІҢ МАЗМҰНЫ Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу - кейін қайта өңдеу өнімдеріне қолданылатын ставкалар бойынша кедендік баждарды төлей отырып, қайта өңдеу өнімдерінің ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылуы шартымен, шетелдік тауарлар әкелу кедендік баждарды төлеместен, тыйымдар мен шектеулерді, сондай-ақ арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдана отырып, белгіленген мерзімде кеден одағының кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операцияларды жасау мақсатымен пайдаланылатын кездегі кедендік рәсім.
Қолданылған әдебиеттер: “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздіканықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы.
Режим.pptx