17-18 казак .ppt
- Количество слайдов: 63
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты «Философия және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы 17 -18 дәрістер Қазақ мәдениетіндегі философия феномені Дәріс жүргізуші: филос. ғ. к. , доцент Нұрадин Гүлхан Болатқызы
Ø Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Номадтық мәдениеттің синкретизмі. Ø Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарындар. Ø Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманизмі. Ø XIX ғ. аяғы – XX ғ. басындағы қазақ ұлттық зиялы қауымының (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, М. Шоқай, Ж. Ақпаев және т. б. ) еңбектеріндегі философиялық тақырыптама. Ø Абайдың адамгершілік философиясы. Ø Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Ø Абай – ойшыл, Ыбырай – педагог, Шоқан – ғалым.
Тәңірлік – діни идея Ø Түрік дүниетанымының негізгі ұғымы – Т Ә Ң І Р. Ø Тәңір – ұлы, теңдесі жоқ, онологиясы анықталмаған ұғым. Ø Бізге жеткен тәңір ұғымы трансформациялану кезінде көп өзгеріске ұшыраған, негіз болуға жарамсыз. Ø Бар қалғаны тәңір мифологиясы.
Тәңірлілік – жаратылыстану моделі, суреті, образы, көрнісі, бейнесі.
Номадология – көшпенділер дүниетанымы.
“Кездескен адамыңды сыйла, мүмкін оны соңғы рет кездестіріп тұрған шығарсың!”
Номадтық болмыс
ҚАЗАҚТЫҢ ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
Асан Қайғы ХV ғ. Дәулеткерей Қазтуған жырау Сыпыра жырау Бұхар жырау Біржан сал Құрманғазы Дина Нұрпейісова
Жырау – саяси ақын. Ø Бұқар – Абылайдың жыршысы; Ø Сыпыра (14 ғ. ); Ø Сүйінішұлы Қазтуған (1420 -ө. ж. б. ); Ø Доспамбет (1490 -1523); Ø Тіленішұлы Шалкиіз (1465 -1560); Ø Біртоғашұлы Жиембет (16ғ. Аяғы-1645); Ø Марғасқа; Ø Ақтамберді; Ø Тәтіқара ; Ø Жарылғасұлы Шернияз (1806 -1867); Ø Үмбетей жырау; Ø Қабан жырау.
Ақын – халықтың көзі, құлағы. Ø Асан Қайғы Сәбитұлы (14ғ. соңы-15ғ. 60 ж); Ø Жамансарыұлы Құлманбет (1818 -1890); Ø Шығайұлы Дәулеткерей (1820 -1887) күйші- сазгер; Ø Сағырбайұлы Құрманғазы (1818/06 -1879) күйші-сазгер, классик; Ø Шығайұлы Дәулеткерей (1820 -1887) күйші- сазгер, домбырадағы лириканың нег. салушы. Ø Досжан ақын (1838 -1874). Ø Шөже мен Шал ақын, Ақан сері мен Біржан сал және т. б.
Философ Ораз Сегізбаев бөлген ақын шығармашылығының даму кезеңдері: 1. шартты түрде жыраулар дәуірі (ХҮ-ХҮІІІ ғ. ғ. бірінші жартысы); 2. ақындық шығармашылық кезең (ХҮІІІ ғ. екінші жартысы – ХІХ ғ. бірінші жартысы); 3. ақындардың өзіндік сайысы – айтыстың пайда болуымен байланысты кезең (ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. басы.
«Зар заман» ұғымын ғылыми айналымға енгізген Мұхтар Әуезов. «Зар заманды» Халел Досмұхамедов, Ыбырай Алтынсарин т. б. зерттеді. «Зар заман» ақындары: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанай ұлы, Мұрат Мөңке ұлы, Асан Барманбекұлы. «Зар заман» 1822 ж. Сперанскийдің жарлығымен жойылған хандық дәуірді, өзгерген заманды жырлау дәстүрі. “Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман” кең, жайлы өмір сүру “Ақыр Заман” “Зар Заман” қоғамдағы ірі бетбұрысты діни түсінікке байланысты ақындардың зарлап Өмірдің соңы ұғымы жырлауы “Қилы Заман” кез-келген қоғамдық өзгеріске адамның әрқашан дайын болуы
Асан Қайғы – қазақ философиясының атасы. Ақын, би, ойшыл-философ. “ЖЕРҰЙЫҚ” концепциясының авторы. Ø “Әй, хан, мен айтпасам білмейсің”, Ø “Әз-Жәнібекке айтқан бірінші, екінші толғаулары”, Ø “Әділдіктің белгісі”, Ø “Көлде жүзген қоңыр қаз”, Ø “Еділ бол да, Жайық бол” толғаулары бар.
Қазақстан – “ЖЕРҰЙЫҚ”
Қорқыт философиясы Жер кіндігі – АДАМ. Адамды танудың мәңгілік сұрағы Қайда барсам, Қорқыттың көрі
Қызылордадағы Қорқыт кесенесі
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ дастандары Ø “Болат-Жанат” Ø “Қыз Жібек пен Төлеген” Ø “Құлқаныс-Зеберше” Ø “Ғаяр қатын” Ø “Патшаның ұлы Әбдімәлік” Ø “Қарқабат” немесе “Шеризат пен Күлшат” Ø “Асылбек пен Гүлжаһан” т. б.
Қазақ ертегілері
Қазақ мифологиясы
Қазақ ойындары
Қазақтың салт- дәстүрлері Тұсау кесу Бесікке салу Беташар Бастаңғы
Аса таяқ Шертер Саз Сырнай Даңғыра Жетіген Домбыра Қобыз Шаңқобыз Мүйіз сырнай Ұран Сыбызғы
ҚАЗАҚ БИЛЕРІ МЕН ХАНДАРЫ
Ұлы жүз биі Орта жүз биі Кіші жүз биі Төле би Қазбек би Әйтеке би ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ, ТУҒАНДЫ БИДЕ ИМАН ЖОҚ Қазақ мақалы
Қазақ ордасындағы биліктің ауысуы: Алғашқы әмірші - Керей хан; Керейдің шөбере інісі – әз-Жәнібек; Керейдің ұлы – Бұрындық хан; Әз-Жәнібектің ұлы - Әдік; Әдіктің туған інісі – Қасым хан. Қасым хан (шамамен 1448 -1523) – Хан Жәнібек пен Жаған Бегімнің ұлы. 1511 - 1523 жж. билік құрды. Әли Насруллах “Зубадат әл-Асар” кітабында: “Қасым хан бүкіл дешті-Қыпшақтың падишахы. Ол ұлы істер жасау үшін туылған. Қасым ханның қисапсыз әскері қазақтар мен ноғайлардан құралған еді” – деп жазды. Сол кезде халық саны миллионға жетті.
Ø Жаңа низам жүйесі “Қасым ханның қасқа жолы” Әз-Тәукенің “Жеті Жарғысына” алғышарт болды. Ø “Қасым ханның қасқа жолы” - қазақ қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастыратын, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін байыптайтын, жеке адамдар арасындағы ру тайпалар мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін тағайындайтын, қазақ жұртының елдік санасын негіздеуде шешуші қызмет атқарған өзгеше құжат.
Әбілхайыр Мұхамбет Ғази Баһадүр хан (1693 – 12. 8. 1748) – Кіші жүздің ханы, қолбасшы, жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. Абылай (Әбілмансұр) (1711 -1781) – үш жүздің басын қосқан хан, Ресей мен Қытай елдерімен келімсөз жүргізуші дипломат, айлалы саясаткер, мемлекеттік биліктің, басқарудың барлық жүйесін қалыптастырушы. Бірнеше тіл білген, қытайша жазып, еркін сөйлеген.
Абылай саяси қауіпті алдын-ала сезетін көрегенді саясатшы.
ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ
Көтеріліс қамтыған жерлер: Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары Махамбет 1836 -1838 жж. азаттық Өтемісұлы көтерілісі (1803 -1846) Атап айтқанда: Манаш, Бөкетай құмы, Жиделі, Орда, Тастөбе, Тайсойған, Желтау, Доңызтау, Иманқара, Оймауыт, Ақбұлақ. Исатай. Тайманұлы (1791 -1838)
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864 -1916) – қазақ циркінің негізін қалаушы. Ø халық композиторы; Ø ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз; Ø күш өнерін көрсеткен спортшы; Ø жауырыны жерге тимеген балуан; Ø Жасында саусағы үсігендіктен «Балуан Шолақ» деп атаған; Ø Шын аты — Нұрмағанбет; Ø Шыққан тегі — Ұлы жүз, Дулат тайпасы, Сәмбет руы; . Ø Көкшетауда 51 пұт (830 кг-дай) кірдің тасын көтерген; Ø 1899 ж. 35 жасында орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырған; Ø “Ғалия”, “Сентябрь” әндері аса танымал.
Сырым Датов, Шынтемір батыр (Бала би) (1712 -1802) Ø 1783 -97 жж. аралығындағы кіші жүздің ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. Ø Патша үкіметі мен қазақ сұлтандарының халыққа деген әділетсіздігімен күресті. Ø Орынбор генерал-губернаторы О. Игельстромға хат жазып, атаман Чаганов отрядын жеңді. Ø Тіленші, Барақ батырлармен бірігіп әділет, азаттық үшін құрбан болды.
Сұлтан Бейбарыс (1225 -1277). Руы-Беріш. Ø Мысыр елін 17 жыл билеген Малюктердің төртінші сұлтаны. Ø Құлдықтан билікке дейін көтерілген әскербасы, Египет пен Сирияда тәртіп орнатқан мемлекеттік қайраткер. Ø Шарап ішуге тыйым салды; Ø Жезөкшелікті, жемқорлық пен бұзақылықты жойды; Ø Жер өңдеу мен сауда көңіл бөліп елдің әлеуеттігін арттырды; Ø Каналдар, кеме жасайтын орындар, әскери қамалдар және т. б. қайта қалпына келтірді; Ø “Крест жорығына” тосқауыл қойып, көптеген жорықтарда жеңіске жетті.
Бауыржан Момышұлы (24. 12. 1910 – 1982) Ø Даңықты жауынгер- жазушы, Кеңес Одағының батыры. Еңбектері: Ø “Мәскеу үшін айқас”, 1959; Ø “Жауынгердің тұлғасы”, 1958; Ø “Майдан” 1961; Ø “Майдандағы кездесулер” 1962; Ø “Генерал Панфилов” 1963; Ø “Төлеген Тоқтаров” 1965; Ø “Ел басына күн туса” 1970; Ø “Ұшқан ұя” 1975.
ҚАЗАҚТЫҢ ДІНИ ФИЛОСОФИЯСЫ
Шәкәрімнің өзіне қойған аты – “Мұтылған”. Ø “Ақылды жанның мүлкі - әлем”; Ø “Құбылған әлем жарысы – ақылды жанның табысы”; Ø “Жаралыс басы – қозғалыс, Қозғуға керек қолғабыс”; Ø “Жетім бала иесіз, өзі кесер кіндігін”; Ø “Әулие білгіш айтты деп, жазылған талай қате көп”.
Шәкәрім Ілімі – Қазақ Кәсіби Философиясының Бастауы. “Ү Ш А Н Ы Қ” Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. . . Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ҰЖДАН – дегеніміз ЫНСАП, ӘДІЛЕТ, МЕЙІРІМ.
Шәкәрімнің бес сауалы Алланың адамды жаратқандағы мақсұты не? Адамға тіршіліктегі ең керегі не? Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рақат-бейнет (сауап-азап) бар ма? Ең жақсы адам не қылған кісі? Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзылып бара жатыр ма?
Мәшһүр Жүсіп Көпеев Діни-этикалық поэзиялары: “Насихат үлгілері” “Сүлеймен Ібіліс”, “Ықылас сүресі”, “Бес қымбат”, “Нәпсі аждаһа”, “Дауасыз дерт”, “Қиянат” т. б. “БЕС ҚЫМБАТ” – “Иман”, “Ғақыл”, “Сабыр”, “Шүкір”, “Әдеп” “ҮШ АРСЫЗ” – “Ұйқы”, “Тамақ”, “Күлкі”. “ҮШ ДАУСЫЗ” – “Мінез”, “Кәрілік” “Ажал”. “ҮШ ҚАДІРСІЗ” - “Игі тілек”, “Денсаулық”, “Жақсы қатын”. “Көп ішіп, көп жеумен екі нәрсе көбейеді. Бірі – қарын, бірі – көңіл. Бұл екеуі бойыңда толық тұрғанда – басқан-тұрғанның бәрі – өз басына У болғаннан басқа пайдасы жоқ”
ОН ТӨРТ ТОЙМАС: ЖЕТІМ Жер жұтуға. . . Жамағат намаз оқымаған мешіт; Дәулетін игілігіне жұмасамаған адам; От отынға. . . Жаман байға кезіккен жақсы қатын; Кісі ойға. . . Ақылды ерге кезіккен долы қатын; Бөрі қойға. . . Көп ғалым ішіндегі жалғыз надан; Құлақ естуге. . . Көп надан ішіндегі жалғыз ғалым; Көз қарауға. . . Бір үйде оқылмаса ҚҰРАН-кітап, Ғалым ғылымға. . . О дағы жетімдікке болған хисап. Жер суға. . . Жарандар, сақтаныңдар осындайдан Қатын ерге. . . Күнәсы ауыр болад үтір-ғисап! Өлік дұғаға. . . Бала нанға. . . Тірі іске. . . ТОЙМАЙДЫ.
Ғұмар Қараш “Махаббат туралы”, “Тағдыр туралы”, “Өмір пәлсәпасы”, “Тіршілік мұраты”, “Өтірік”, “Ұят”, “Тәкаббарлық”, “Өрнек”, “Бедел хажы” т. б. Тұрады ұят тұрған жерде иман, Әдебі пайғамбардың бұған илан. Әртүрлі бұзықтықтан адамзатты Адамдар дінді сақтай ма, яки дін адамдарды сақтай ма? Тек жалғыз бұ дүниеде ұят тиған. Ақиқат дін еш адамның желеп-жебеуіне мұқтаж емес, Біреуі жаман мінез тәкаппарлық, ал діннің өзі адамдарды дұрыс Менсінбеу басқаларды құлқы тарлық. сақтай алады, дұрыс жолға Бұ да бір көрмегендік, білмегендік. бағыштайды. Болмаса не бар өзін зор баларлық.
ҚАЗАҚТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835 -1865) “Ғаламның барлық ғажайыптарын тану қажеттілігі, өмір мен өлім мәселесі және адамның табиғатқа қатынасы шамандықты, яғни Ғаламды немесе табиғатты және өлген адамдар рухын қастерлеуді тудырды”. “Географиялық детерминизм” Энциклопедист-ғалым, демократ, шығыстанушы, саяхатшы, публицист, қоғам қайраткері. Ол өз бойында шығыс халықтарының мәдениеті мен еуропалық білімділікті терең түсінді.
Шамандықтың шығу себебі Адамның терең ойға Табиғатқа құштар болу және танып-білуге ұмтылған рухы “Сыртқы дүние – күн, ай, жұлдыздар және жер – алғашқы құдірет” Шоқан себептілік заңдылығын құптайды, себепсіз құбылыс болмайтындығына сенеді, сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігін мақұлдайды.
Ыбырай – нағыз педагог. Ыбырай Қазақстандағы халық ағарту ісін ұйымдастырды және дамытты. Ыбырай қоршаған ортаны санадан тыс тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындады. Ыбырайша дүниені жаратушы – ҚҰДАЙ. Қоршаған дүние объективті өмір сүреді. Ыбырай қазақ балаларына христиан дінін зорлап үйретушілерге өте қарсы болды. Ыбырай татар және Бұхар молдалары тартып жүрген діннің озбыр түріне де қарсы болды. Ыбырайша мұндай дін жасатарды мешеулендіріп, мұсылман еместің бәріне өшпенділікпен қарайтын етеді. Ыбырай қазақ балаларына ән-күй, сурет Ыбырай сабақтарын беру керектігін, ол жастарды Алтынсарин эстетикалық тәрбиеге баулитынын ескерді. (1841 -1889) Ыбырай қоғам өміріндегі өндірісті жоғары бағалады. Ыбырай қазақ тілінің басқа тілдермен шұбарлануына қарсы тұрды.
1887 ж. Ырғызда 18 адамдық тұңғыш 1864 ж. 8 1879 -1882 жж. қыздар мектебін, кейін 1891 ж. қаңтарда Торғай, Ырғыз, Торғайда, 1893 ж. Қостанайда, 1895 ж. Торғайда ең Николаевск, Қарабұтақта, 1896 ж. Ақтөбеде алғашқы Елек интернаты бар мектебі ашылды. бастауыш уездерінен төрт мектеп орталық мектеп ашылды. ашты. 1883 ж. 15 қарашасында 1879 ж. «Қырғыз Торғайда хрестоматиясы» техникалық 2000 дана мәні бар таралыммен қолөнер орыс алфавиті мектебін негізінде ашты. басылып шықты. Ыбырай Алтынсарин отбасы, Қостанай қаласы, 1889 ж. Ыбырайдың баласы Абдолла, әйелі Айғаныс, алдында отырған қызы Шәрипа, артқы бетте асырап алған қызы Зылиқа.
Абай қазақ әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін салушы. Абайша Құдай өз заңдары бойынша дамып жататын өлшемнің алғашқы себепшісі. Абай дінбасылары мен діни надандықты рационалдық дін позициясы тұрғысынан сынады. Абай соқыр сенімге ақыл мен танымды қарсы қойды. Абайша дене өледі, ал жан өлмейді. Абай: “адамдар түйсіктері арқылы дүниеден алған хабарларын ақыл қуаты арқылы пайдалы не залал екендігін айырады”. Абай көптеген диалектикалық тұжырымдамалар иесі: ““Менікі” өлсе өлсін оған бекі, “Мен” өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан”. Абай қазақ даласына реформалар енгізуге тырысады. Абай – гуманист. Құнанбайұлы Абай өз халқын шексіз сүйіп, оны орыс халқының (1845 -1904) жетістіктері мен мәдениетін үйренуге шақырды. Абайша адам өз тағдарын құрушы және қожасы.
1968 жылы Омбыда Кесслер есімді неміс фотографының түсірген суреті. Абайдың “Май түні”. “ Торы жорға” атты күйлері бар. 1868 жылы Сібір генерал-губернаторының үлкен мерекелік жиынға қазақтың бетке ұстар азаматтары – бай-манаптары, өнерпаздары, атышулы ақындары мен балуандары шақырылған екен. Ол жиынға Құнанбай Абайды ертіп барыпты. Абай суретте шамамен 24 жаста.
Еңбекке, ғылымға мойын бұрмай босқа күндерін өткізген қазақ жастарына: “Осындай сидаң жігіт елде мол-ақ, Бәрі де шаруаға келеді олақ. Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп, Бар өнері – қу борбай сымпыс шолақ
ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Қазақ халқының ұлттық ұраны – “АЛАШ” Мемлекеттік елтаңбасы – “Төре таңба” Бас байрағы – “Төре таңбалы қызыл ту” Зиярат орталығы – “Түркістан”
Ахмет Байтұрсынов (18. 1. 1873 -1938) Ғалым, түрколог, публицист, педагог, аудармашы. “Қазақ” газетінің редакторы. Еңбектері: “Қырық мысал”(1909), “Маса” (1911), “Әдебиеттанытқыш” (1926), “Оқу құралы” (1912), “Тіл құрал” (1914), “Әліп-би” (1924), “Жаңа әліп-би” (1926 -28), “Баяншы” (1926). А. Байтұрсынов қазақ фонетикасы мен грамматикасын типтеп, араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы. Шығармашылығында халқының арман-тілегі мен мұң-мұқтажын жырлады, қанаушы отаршылдық саясат пен оған берілген шенеуліктерді, жүгенсіз миссионерлерді сынап, халықты олардан сақтандырды, білім мен мәдениетке шақырды.
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870 -27. 9. 1937) Алашорда басшысы, қазақ елінің тәуелсіздігі жолындағы саяси күрескер, ғалым, публицист, аудармашы. Ә. Бөкейханов А. Байтұрсынов, М. Дулатовпен 1989 ж. 16 мамырда бірігіп, жалпыұлттық толықтай ақталды. “ҚАЗАҚ” (1913 -18), “САРЫАРҚА” (1918) газеттерін, “АБАЙ” (1918) журналын шығаруды ұйымдастырады. “Қазақ” газетінің 5 жылда 265 нөмірі жарық көріпті.
Міржақып Дулатов (1885 -1935) “Оян, қазақ!” (1909) алғашқы өлеңдер жинағы, “Бақытсыз Жамал” (1910) тұңғыш романы, “Азамат” (1913), “Терме” (1915) т. б. жыр жинақтары, “Есеп құралы”, “Оқу құралы” оқулықтар. М. Дулатов 1988 ж. 4 қарашада толықтай ақталды. 1917 -18 жж. “Алаш” партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі. Қазақ әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына, этнографиясына үлкен үлес қосып, демократиялық бағыттың негізін салды. Қазақ мемлкетін құру ісіне ат салысты. “Қазақ”, “Ақжол”, “Еңбекші қазақ” газеттері мен “Айқап” журналында қызмет етті. 1928 ж. репрессияға ұшырап, 1935 ж. айдауда қайтыс болды.
Жүсіпбек Аймауытов “Біздің халықтың ішінде жік те жоқ, құл да жоқ. Біртегіс өнер білім алуға құқы бар, (1889— 1931) — ерікті теңдес азаматтар. Біздің мақсатымыз: қазақтың өнер-білімнің жарық сәулесіне көрнекті жазушысы, ерікті азаматтарға жол ашу, драматург, тұйықта жатқан сансыз таланттардың публицист, қазақ әдебиетін өрбуіне себепші болу. қалыптастырушыла Сөйтіп, өнер-білім жемісін халыққа рдың бірі. тегіс жеткізу әр адамның ақыл күші дамуына кең майдан ашамыз, көпке бірдей білім негізін құрамыз!”
Мұстафа Шоқай 1917 жылы 10 желтоқсанда Қоқан қаласында ІV Түркістан Төтенше құрылтайы Түркістан автономиясын жариялады. «Шоқайдың Еуропа елдерінде ұстанған Мұстафа Шоқай өміріне басты екі мақсаты: арналған зерттеулер мен біріншісі – тәуелсіздік, оның жекелеген екіншісі – бір тұтас Түркістан идеясы, еңбектерін Оксфорд, яғни Түркістан одағы. Берлин баспаларынан әлденеше рет шыққты және Калифорния (1960), Кембридж (1957, 1964), Париж (1950), Мюнхен (1960), Кельн (1962), Нью- Йорк (1957) баспаларынан да жарық көрді.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАР, ЖАЗУШЫЛАР, АҚЫНДАР
ҚҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Санжар Әлкей Қаныш Халел Жағыпарұлы Хақанұлы Имантайұлы Досмұхамедов Асфендияров Марғұлан Сәтбаев (1883 -1939) (1904 -1985) (1899 -1964) (1889 -1937)
Мұхтар Омарханұлы Мағжан Жұмабаев Олжас Сүлейменов Ілияс Есенберлин Әуезов (1897 -1961) (19 -19) Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов Сәбит Мұханов (1900 Әбіш Кекілбаев -1973) (1902 -1985) (6. 12. 1939)
17-18 казак .ppt