ХИР БАГИ.pptx
- Количество слайдов: 28
Тамыр жетіспеушілігі синдромы. Тіндер мен ағзалар ишемиясы. Жедел артериялық окклюзиясы. Орындаған: Шарифова Б. Қ. Факультет, топ: ЖМ, 11 -04 -02 к. Курс: 5 Тексерген: Жаирбаев Қ. .
Жоспар І. Кіріспе Түсінігі ІІ. Негізгі бөлім Жедел тромбоз Эмболия Жіктелуі Клиникалық көрінісі Диагностикаы Дифференциалды диагностикасы Жедел ишемия сатысына байланысты науқастардв емдеу тактикасы Асқынулары Болжамы Диспансеризация ІІІ. Қорытынды бөлім
Кіріспе Тамыр жетіспеушілігі синдромы деп – бұл тамыр қабырғасының бірыңғай салалы бұлшық етті қабатының тонусының төмендеуінен немесе айналымдағы қан салмағының азаюынан пайда болатын патологиялық жағдайды айтамыз. Нәтижесінде тамыр арнасындағы және айналымдағы қан көлемінің арасындағы сыйымдылық бұзылады.
Себептері Тамыр тонусының иннервациясының бұзылуы; Тамыр қозғалтушы жүйкенің қызметінің бұзылуы; Токсикалық зақымдану нәтижесінде пайда болатын тамырлардың парезі;
Қан айналымының бұзылу түрлері Окклюзионды емес Эмболия Артерияның жартылай окклюзиясы Артерия тромбозы Ангиоспастикалық артерияның қолқадан шығатын жерінің тарылуы, жабылуы Көк тамыр тромбозы Гемодинамиканың орталықтануымен байланысты Атеросклероз есебінен Аорта қабырғасының ыдырауынан туатын артерияның окклюзиясы Қан тамырының қысылуынан (ісікпен) Қан тамырының байлануымен (лигатурамен)
Тіндер мен ағзалар ишемиясы Ишемия деп ағзаның бір бөлігінің артерия қанының аз мөлшерде ағып келуіне байланысты қансызданып қалуын айтамыз. Мезентериальды ишемия түрлері: Мезентериальды артериялардың эмболиясы; Мезентериальды артериялардың тромбозы; Мезентериальды окклюзионды емес ишемия; Мезентериальды көк тамырлық тромбоз.
Ишемия 5 түрге бөлінеді: Ангиоспазмға байланысты ишемия Компрессияға байланысты ишемия Обтурацияға байланысты ишемия Қанның қайта бөлінуне байланысты ишемия Функционалдық сәйкессіздік нәтижесінде дамитын ишемия
Эмболия деп қан тамырында, қалыпты жағдайда кездеспейтін әр түрлі заттардың көшіп жүруін және олардың қан тамырларын тығындап қоюын атайды. Қанмен келген бұл заттарды эмбол дейді.
Эмболия түрлері Тромбоэмболия Май эмболиясы Ауа эмболиясы Газ эмболиясы Тін эмболиясы Бөгде зат эмболиясы Бактерия эмболиясы
Тромбоз - қанның қан тамырлары ішіне ұйып қалуы. Ұйып қалған зат тромб деп аталады. Тромб қан тамырлар саңылауын тарылтып немесе бүтіндей тығындап, қан айналасында кедергі жасайды. Артериямен қан келмей қалғанда, ағзалар некрозға дейін болатын аса қауіпті өзгерістерге ұшырайды.
Этиологиясы Эмболияның негізгі себептерінің бірі жүрек аурулары, тромб түзіліп асқынуынан ( ревматикалық ақаулар, ритм бұзылысы, МИ, кардиосклероз, эндокардит). Эмболияның қоры атеросклеротикалық түйіндер, сонымен қатар аневризмалық қапшықтар болуы мүмкін. Шажырқайлар тромбозының пайда болуында тамыр қабырғасының өзгерісіне бейімдейді(атеросклероз немесе артериит). Мезентериальды көк тамыр тромбозының дамуында іш қуысындағы іріңді процестердің қатысуымен(пилефлебит), қақпа венасындағы қанның іркілуімен жүретін портальды гипертензиямен, сепсисте, жарақаттарда, жаңа түзілімдермен қан тамырларының басылуымен зақымдануы мүмкін. Сырқат ерлер мен әйелдерде бірдей деңгейде кездеседі, артықшылығы орта жаста дамиды.
Клиникасы Сырқат кенеттен пайда болады. Бастапқы кезде науқас іш қуысының барлық аймақтарын қамтитын өте қатты, жанды қинайтын ауру сезіміне шағымданады. Бұл сезім аурудың алғашқы кезеңіндегі ішек ишемиясымен байланысты және ол шок белгілерімен қосарласуы ықтимал. Ауру сезімі науқасқа орын таптырмай, қатты тынышсыздандырады. Ол бір бүйірінен екінші бүйіріне аунап, ауру сезімінің күшін азайтатындай жағдай іздейді, бірақ одан айтарлықтай нәтиже болмайды. Ауру сезімі тіпті оны жоятын дәрі- дәрмектер қолданғанның өзінде толық жойылмайды. Кейіннен оған жүрек айну, құсу, үлкен дәреттің сұйықтануы, ал кейбір науқастарды нәжіске қан араласуы сияқты белгілер қосылады.
Обьективті зерттеу барысында ауру адамның жалпы жағдайының өте нашар екені байқалады. Тері қабаты бозарып, одан суық тер шығып, көздері ішке қарай кіріп, өңі жүдейді.
Ішек инфаркті кезеңіне ауысқанда ауру сезімі біршама бәсеңдеп, эйфория болады. Ол ағзаның улана бастауымен байланысты, сондықтан улану белгілері алдыңғы қатарға шығады. Дене қызуы жоғарылайды, тілі құрғап, тұрақты шөлдеу сезімі мазасыздандырады, пульс жиілейді. Іші кебіңкі, бірақ пальпация тәсілімен зерттегенде іші жұмсақ, бұлшық еттердің жиырылуы анық байқалмайды.
Перитонит кезеңінде іш қуысында ауру сезімі қайта күшейе бастайды, пальпация бұлшық еттердің жиырылуымен байланысты іштің қатаюын анықтайды. Перкуссия тәсілі алғашқыдағы тимпанит дыбысының тұйық дыбысқа ауысқанын аңғартады, ал аускультация барысында іште «толық тыныштық» орнайды, яғни ішектің қозғалу дыбысы естілмейді.
Ректальді зерттеуде тік ішекте қан аралас нәжіс анықталады. Лабораториялық зерттеулер нәтижесіне: Лейкоциттер: ишемия кезеңінде 10 -14000 болса, инфаркт кезеңінде 20 -40000, тіпті 60 -80000 мыңға жетеді. Лейкоцитарлық формула солға ығысады.
Аспаптық зерттеулер Іш қуысын жалпы рентгенологиялық зерттеу паралитикалық ішек өтімсіздігі болғанда, патологиялық процестің соңғы стадиясында ғана анықтайды. Жіңішке ішектің және тоқ ішектің оң жақ жартысының ісінуі рентгенологиялық зерттеуде жоғарғы шажырқай артерияларының негізгі бағанының окклюзиясында анықталады. Осымен бір уақытта жіңішке ішек қуысында горизонтальды бағыттағы сұйықтықты табамыз.
Аспаптық зерттеулер Селективті ангиография мейлінше жоғары диагностикалық бағалы. Шажырқайлық артериялардың тромбозының ең нақты белгісі ангиограммада негізгі артериальды бағанның немесе тармағының контрасталуының болмауы, ал көк тамыр тромбозына көк тамырлық фазаның және артериальды фазаның ұзаруының болмауы тән. Капиллярлық фазаның ұзаруына байланысты ішек қабырғасының контарсталуы ұзағырақ және қарқындылау болады.
Аспаптық зерттеулер Лапароскопияны да жүргіземіз. Онда: алдымен сарысу бұлыңғыр, соңыра қою-геморрагиялық түске ауысады. Ішек ілмектерінде алғашқы сағаттарда-ақ қан айналымының шектелуімен фибринозды салуларды көруге болады. Ішек түсі кенет өзгереді.
Дифференциальды диагностикасы Жедел мезентериальдық қан айналымының бұзылысын іш қуысының жедел хирургиялық ауруларынан, соның ішінде механикалық ішек өтімсіздігінен, асқазанның және он екі елі ішектің тесілген жарасынан, жедел панкреатиттен, жедел холециститтен және жедел аппендициттен ажырата білу керек. Дифференциальды диагнозды жүргізуде лапароскопияның маңызы зор. МИ атипті түрінде жедел мезентериальдық тамыр өтімсіздігі клиникалық көрінісі ұқсас. Бұндай кезде мұқият жиналған анамнез бен ЭКГ қорытындысының диагностикалық маңызы айтарлықтай зор.
Емі Операцияны кейінге шегерген жағдайда немесе операция алды дайындық мақсатымен кешенді консервативті ем жүргізіледі: 1. Тромбтың өршуін және таралуын алдын алу а) антикоагулянттар - гепарин, неодикумарин, фенилин, пелентан; б) фибринолиз активаторлары – никотин қышқылы в) антиагреганттар - реополиглюкин, трентал, пентилин, агапурин, ацетилсалицил қышқылы.
2. Тромб лизисі. а) тромболитиктер - стрептаза, стрептодеказа, авелизин. 3. Ишемияланған аяқ-қолдағы қан айналымды жақсарту. а) диадинамикалық токтар, б) магнитотерапия, в) баротерапия, г) гравитационды хирургия әдістері. 4. Жедел ишемия зонасындағы алмасуды жақсарту -витамин А, В 1, В 6, С, Е, преднизолон, гордокс. 5. Тіршілік үшін маңызды мүшелердің қызметін жақсарту – жүрек, бауыр, бүйрек, өкпе қызметін жақсартатын препараттар. 6. Атеросклероздың өршуін алдын алу - йод препараттары, линетол, продектин, липостабил.
Емі Хирургиялық ем: Тромбэмболэктомия; Тромбинтимэктомия; Қолқамезентериальдық шунт салу; Ішекті резекциялау; Ампутация.
Болжамы Операциядан кейінгі өлім 80 %-ға жуық, ол тек диагностиканың қиындығымен және операцияның ауырлығымен ғана емес , жедел мезентериальды қан айналымның бұзылуына әкеліп тұрған негізгі ауруға да байланысты.
Қорытынды Қорыта келе бірқатар ұйымдастыру шараларын ескеру керек. Барлық жағдайларда тромбоз және эмболия диагнозын қою үшін қан тамыр хирургымен кеңесу қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер http: //dommedika. com/xirurgia/427. html Dommedika А. Нұрмақов. Алматы 2009. Хирургия М. И. Кузин. Москва «Медицина» 2002. Хирургические болезни. Ж. Б. Ахметов. Алматы 2012. «Патологиялық анатомия»