Лекция_ТАБЫСТЫ БОЛЖАУ_2_УЭФ_каз.pptx
- Количество слайдов: 14
ТАБЫСТЫ БОЛЖАУ Лектор: Жакипбеков К. С. – Ph. D
МАҚСАТЫ Білім алушыларды таза табысты болжаудың негізгі принциптерімен таныстыру.
ЖОСПАРЫ 1. 2. Таза табыс: а) таза табысқа әсер ететін факторлар; б) болжау әдістері. Табысты максимизациялау әдістері.
Таза табыс Таза немесе экономикалық табыс – бұл жалпы табыс пен шығынның арасындағы айырмашылық. Таза табыстың шамасына факторлардың үш тобы әсер етеді: 1) дәріхана қызметінің ерекшеліктерін анықтайтын факторлар (рецепт бойынша босату, үлкен номенклатура, сұранысты зерттеу қиындығы, жүйенің зияндылығы және т. б. ). 2) жалпы табысқа әсер етпетін факторлар – бұл жалпы табыстың көбеюіне мүмкіндік жасайтын, таза табысты көбейтетін факторлар. 3) шығынға әсер ететін факторлар. Шығынды азайтатын барлық факторлар, таза табысты жоғарылатады.
Таза табыс теңгемен есептеледі: Таза табыс = Жалпы табыс – Жалпы шығындар Таза табыстың деңгейі салыстырмалы көрсеткіш болып табылады, оны рентабельділік деп те атайды: УТ = (Ʃ Таза табыс / Жалпы кіріс) × 100%
Талдаудың басты міндеті – жеке факторлардың табысқа әсер ету дәрежесін анықтау, сонымен бірге оны көбейту және дәріхананың шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін біршама жоғарылату үшін резервтерді табу болып табылады. Тиімді жұмыс істейтін кез келген фирма, кез келген кәсіпорын өз табысын жоғарылатуға немесе шығындарын азайтуға тырысады. Бұл жағдайда мынаны анықтау керек: қандай сату көлемінде (жалпы табыс) фирма максимальды табысты алады немесе шығындарын азайтады.
Табысты максимизациялау принциптері Табысты максимизациялау немесе шығынды минимизациялаудың (қысқа мерзімде) екі ыңғайы немесе принципі бар. Бірінші принципі. Жалпы табысты жалпы шығынмен салыстыру. Екінші принципі. Шекті кірісті шекті шығынмен салыстыру.
Жалпы кірісті жалпы шығынмен салыстрыру Бұл әдістемелік тәсіл дайындалған немесе сатылған өнімнің жалпы табысқа әсерін өлшеуге негізделген. Дәріханада номенклатурадағы ДП мен ММБ сатылу есебі жүргізілмейді. Сондықтан, шартты түрде өлшем бірлігіне келушілердің орташа санын және бір келушіге сатылу көлемін алады. Осы екі көрсеткіштің бөліндісі жалпы табысты береді.
Әдісті жүзеге асыру технологиясы: 1. Келушілер санының нақты көрсеткіші үшін жалпы кіріс пен жалпы шығынды салыстыру кезінде табыс пен шығынды есептелетін аналитикалық кестелерді құрады. 2. Мұндай кестелер бірнеше болуы мүмкін, оның әрқайсысы жалпы кіріс тәуелді болатын 1 келушінің сату көлемінің белгілі бір деңгейіне құрылады. 3. Табысты немесе шығынды жалпы кірістен жалпы шығында алып тастау арқылы есептейді.
Осы ыңғай шегінде екі тәсілді пайдаланады: 1. Табысты максимизациялау тәсілі, нақты баға деңгейінде шығарылатын немесе сатылатын өнімнің санының өсуіне байланысты экономикалық табыс белгілі бір кезеңге дейін көбейетін, сонан кейін азаятын кезде қолданылады; табыс максимальды болатын өнімнің сатылу немесе шығарылу көлемін анықтайды.
2. Шығынды азайту тәсілін, егер нақты бағада өнімнің сатылу немесе шығарылу көлемінің барлық деңгейі шығынға ұшыраған жағдайда қоланылады; шығын азырақ болатын және тұрақты шығындарға қарағаанда аз болатын сату көлемін анықтайды (мұндай жағдайда кәсіпорынды жаппаған тиімді, бірақ зиян тұрақты шығыннан көп болса, онда кәсіпорынды жапқан дұрыс).
ӘДЕБИЕТ Негізгі: 1. Багирова В. Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с. 2. Лоскутова Е. Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003. Қосымша: 1. Криков В. П. , Прокопишин В. И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР (КЕРІ БАЙЛАНЫС) 1. «Таза табыс» түсінігіне анықтама беру. 2. Таза табыстың шамасына әсер ететін факторлар. 3. Таза табысты болжау әдістері. 4. Табысты максимизациялау принциптері.
Лекция_ТАБЫСТЫ БОЛЖАУ_2_УЭФ_каз.pptx