
жер силкинис.pptx
- Количество слайдов: 15
ТАБИҒИ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР: ЖЕР СІЛКІНІСІ
Негізгі сұрақтар § Жалпы жер сілкінісі туралы түсінік; § Жер сілкінісінің түрлері; § Жер сілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері; § Жердің бетіңде ерекше аса белсенді жер сілкінісі болатын аймактар; § Жер сілкініс кезінде қорғану шаралары;
Жалпы жер сілкінісі туралы түсінік Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықты таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.
.
Жер сілкінісінің түрлері: 1) Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады. 2) жанартаулық жер сілкінісі - жанаргаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады. 3) Опырылма жер сілкінісі - жердің опырлуынан, қопарылуынан болады. 4) Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады.
Жерсілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері: Жерсілкіну үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе. Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті жерсілкіну болады. Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі. Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді.
www. bnews. kz
Жердің бетіңде ерекше аса белсенді жер сілкінісі болатын аймактар: q Тынық мұхит белдеуі - Тыныс мұхитын қоршаған жер сілкінісінің аймағы, бұл жерде дүние жүзі бойынша жер сілкінісінің 90 %-ы болады. q Жер орта теңізі - Азия белдеуі - бұл Жерорта теңізінен Түркия, Иран, Солтүстік Үнді арқылы өтеді, барлық жер сілкінісінің 5 -6 %-ы осында болады. q Қалған жер сілкінісінің 4 -5 % мұхит ортасы жотасында немесе тақталардың ішінде болады.
Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауіпті аймақта мына облыстар орналасқан: ØШығыс-Қазақстан облысы ØАлматы облысы ØЖамбыл облысы ØОңтүстік Қазақстан облысы ØҚызылорда облысы ØМаңғыстау облысы
Жер сілкініс кезінде қорғану шаралары: Ең маңыздысы - сабырлы болып, үрейсіз әрекет ету. Бірақ жылдам қозғалуыңыз қажет. Ретсіз іс қимыл жасамағаныңыз жөн, өйткені осыдан үрей туындайды. Балалар мен егде адамдардың қамын ойлаңыз (олардың кейбіреулері жылжуда қиыншылықтарға тап болуы мүмкін
Тұрғын үй жағдайында: • газ, су, және жарықты сөндіріңіз; • алдын ала таңдалған орында (іргелі ішкі қабырғалардың арасы, іргелі ішкі қабырғалардың бұрыштары, колонна жанындағы және каркас астындағы орындары) тығылыңыз; • терезеге жақындамаңыз; • есік жақта үрейді туғызбай, лифтіні пайдаланбаңыз.
Далада болған жағдайында: • ғимараттардан алысырақ ашық жерге барыңыз, үзілген сымдардан абай болыңыз; • ғимараттарға кірмеңіз. • Көлікте болған жағдайында
Көлікте болған жағдайда: • мүмкіндігінше тез арада ашық жерде тоқтаңыз; • дүмпулер аяқталғанша көліктен шықпай, орныңыздан қозғалмаңыз; • автобус жүргізушісі есікті ашып қоюы тиіс.
Пайдалынған әдебиет: • Мақала «Жер сілкінісі кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі» , жазған: Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, жарияланды: 13. 11. 2012 • Мақала «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері» , автор: Мақпал Бисембаева, жарияланды: 29 қаңтар 2013
жер силкинис.pptx