География. Биосфера.pptx
- Количество слайдов: 17
Табиғи экожүйелер. Экологиялық факторлардың адам өмірі мен денсаулығына тигізетін әсерлері
Экология, қорық, ұлттық парк, табиғат ескерткіші, Қызыл кітап, дендрологиялық саябақтар ұғымдары. Қазақстан Республикасының қорықтары мен ұлттық парктері, олардың географиялық орны, құрылу датасы, жануарлар мен өсімдіктердің қорғауға алынған түрлері.
• Биосфера (гр. биос—тіршілік, өмір, гр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады. Биосфера- жердің тіршілік қабаты. Географиялық қабық-литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфераның өзара әрекеттесуі. Биосфераны ғылымға 1875 ж. Зюсс енгізді. Биогеография-организмнің географиялық таралу заңдылықтарын зерттейді. Биоценоз-өсімдіктер мен жануарлардың майда ағзалардың бірлестігі. Географиялық қабық- жекелеген табиғат кешенінен тұрады. Табиғат кешені-табиғат компоненттерінің ұштасуы. Табиғат компоненттеріне топырақ, өсімдік, жануар т. б жатады. Ең ірі табиғат кешені-географиялық қабық немесе материктер мен мұхиттар. Жер бетінен 10 -15 км биікке көтерілгенге дейінгі және 2 -3 км құрғақтан немесе мұхиттардың 10 км түбіне дейінгі жерде азғалар тіршілік етеді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В. И. Вернадский болды. Биосфераның негізгі үш қабаты. • Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар
Экологиялық жүйе, экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе, немесе экожүйе. Функциялық тұрақтылығы аз уақытқа созылса-да қарым -қатынаста болатын құрағыштары бар кез келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологі А. Тенсили. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.
• Продуценттер - өз ағзаларын өздері қалыптастыратын организмдер. Продуценттер – жер бетіндегі тірі организмдер, олар жай бейорганикалық қосылыстардан күннің энергиясының әсерімен күрделі органикалық заттар түзеді. • Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. • Редуценттер (лат. reducentіs — қалпына келтіруші), ыдыратушылар— өлі органикалық заттарды (өлекселер мен организм қалдықтарын) ыдыратып, оларды органикалық емес заттарға айналдыратын организмдер (сапротрофтар). Оларды кейде деструкторлар, яғни ыдыратушылар деп те атайды.
Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген. Э. Геккель (1866 ж)
Қорықтар- қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялык, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Қазақстан қорықтар саны жөнінен ТМД-ға кіретін республикалар арасында 16 -шы орын алады. Дегенмен, республика жерінің көлеміне шақканда корықтар үлесі жөнінен 13 -ші орында. . Қазіргі кезде нақты 10 қорық жұмыс істейді. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы 1 610 973 га.
• Ұлттық парктер • Мемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихимәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялықағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Баянауыл мемлекеттік 1985 68 453 Павлодар облысы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1996 199 703 Алматы облысы «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1996 161 153 Алматы облысы ұлттық табиғи паркі «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1996 182 076 Ақмола облысы және Солтүстік Қазақстан облысы Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1998 112 120 Қарағанды облысы
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2000 129 935 Ақмола облысы Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2001 643 477 Шығыс Қазақстан облысы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2004 127 050 Алматы облысы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2006 149 053 Оңтүстік Қазақстан облысы «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2007 161 045 Алматы облысы Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2010 356 022 Алматы облысы 88 968 Ақмола облысы және Қарағанды облысы «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2011
Табиғат ескерткіштері- ғылыми, табиғитарихи, оқу ағартушылық, мәдени- эстетикалық маңызына қарай қорғалатын жеке табиғи объектілер.
Атауы Көлемі, га Орналасқан жері «Қызыл күрең мүйісі» 0, 5 Ақмола облысы «Үңгірлі сарқырама» 0, 5 Солтүстік Қазақстан облысы «Көне ағашты тоған» 1 Ақмола облысы «Қара май шоқысы» 1 Ақмола облысы «Өрт байқау шоқысы» 1 Ақмола облысы «Көк мүйіс» 1, 2 Ақмола облысы «„Қашқын“ шоқысы» 1, 3 Ақмола облысы «Айыртау шоқысы» 2 Солтүстік Қазақстан облысы «Көне алап» 2 Солтүстік Қазақстан облысы «Малта тасты шоқы» 2 Ақмола облысы «Қаз қайтуы» 2 Павлодар облысы «„Дулыға“ сүйір шоқысы» 2 Ақмола облысы «Сүйір шоқы» 3 Солтүстік Қазақстан облысы
« Бүркіттау шоқысы және Қайнар көз » 3 Солтүстік Қазақстан облысы « Шолғыншы шоқысы » 3, 8 Солтүстік Қазақстан облысы «Қазан жартасы шөгінділері» 3, 9 Солтүстік Қазақстан облысы « Жаңажол » 9 Солтүстік Қазақстан облысы « Қостау шоқысы » 10, 5 Солтүстік Қазақстан облысы « Қарағайлы орман » 26 Солтүстік Қазақстан облысы «Имантау көлінің аралы» 34, 4 Солтүстік Қазақстан облысы «Күміс қарағайлы орман» 83 Солтүстік Қазақстан облысы «Баум тоғайы» 130 Алматы қаласы «Көкшілтау самырсын тоғайы» 137 Шығыс Қазақстан облысы «Айғай құм» 240 Алматы облысы «Қиын-Керіш» 300 Шығыс Қазақстан облысы «Шынтүрген шыршалары» 900 Алматы облысы «Шарын шетен тоғайы» 5014 Алматы облысы
Дендрологиялық саябақтар Қазақстан бойынша екі дендросаябағы бар олар: Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Шымкент қаласындағы дендросаябақ - ең алғашқы саябақ. Ол 1979 жылы орталық қоқыс үйіндісінен тұрғызылған болатын. ØАғаштар саны-500 мың-нан астам. Шөптесін өсімдіктер саны-1 млн. 360 мың.
Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты.
География. Биосфера.pptx