ta_1187_ba_t_1199_rleri1.pptx
- Количество слайдов: 16
Таңба түрл ері
Семиотика (гр. Semeion – белгі, таңба) – таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым. «Таңбалар жайындағы ғылым ретінде семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байқауға байланысты И. С. Пирс пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. Тіл мен әдебиет семиотикасының негізін 1920 -30 жылдары Прага лингвистикасының мектебі мен Копенгаген лингвистикасының үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т. б. ) қалады.
Семиотика ғылымы 1960 жылдардың басында мәдени антропология ғылымы тарапынан қызығушылық тудырды. Бұл негізінен Роланд Барттың «Мифология» деп аталатын еңбегімен байланысты болды Ол римдіктердің кинодағы кейіпкерлер бейнесін таңбалық тұрғыдан былай талдайды: «Цезарьдің өлімі мен Марк Антонийдің шешендігіне таңданған Рим халқы үнемді түрде өте үлкен шешендікпен өз қайғысының тереңдігін бір ғана терлеу белгісімен көрсетеді. . . Терлеу ойлауды білдіреді. . . »
Умберто Эконың айтуынша: «Семиотика таңба болып қарастырылуы мүмкін барлық нәрселерді зерттейді» . Семиотика тек таңбаны зерттеумен ғана айналыспайды, ол сонымен қатар бір нәсенің орнына қолданылып тұрған екінші нәрсені де зерттейді.
Ғалым Моррис семиотиканы лингвистиканың мынадай салаларымен байланыстырады: синтаксис: таңбалар арасындағы пішіндік немесе құрылымдық байланысы; семантика: таңбамен оның не орнына қолданылып тұрғанмен байланысы; прагматика: таңбалардың аудармашылармен байланысы.
Фердинанд де Соссюр Белгінің екі қабатты үлгісін ұсынады: белгілеуші және белгіленуші. Белгілеуші белгінің мәнді беру пішіні, ал белгіленуші сол пішіннің жеткізіп тұрған мәні. Соссюр үшін семиотика белгілер қоғамдық өмірдегі рөлін айқындайтын ғылым. Чарльз Сандерс Пирс Белгіні талдау үшін үш қабатты құрылымды ұсынады. Ұсынысы бойынша белгі үш бөліктен тұрады : белгі тасымалдаушы, мән немесе мазмұн, референт. Пирс үшін семиотика логикамен тығыз байланысты белгілердің ресми доктринасы.
Пирс белгілерді нақты референті бар заттар деп қарастырғандықтан белгінің 3 түрін ұсынады: Символ Белгіше (иконы) Индекстер
Даниель Чандлерз еңбегіндегі осы үш топқа қысқаша анықтамасы: Символ дегеніміз өзі білдіріп тұрған нәрсемен ешқандай ортақ белгісі немесе сәйкестігі жоқ, бірақ та қалыптасқан әдет, түсінік, немесе басқа да мәнге ие жалпы қалыптасқан ереже бойынша түсінілетін ұғым. Белгіше – белгіленіп отырған нәрсе мен оның пішініндегі ұқсастығы бар белгілер. Яғни белгішеге қарап, біз ешқандай түсіндірмесіз ол белгідегі ақпаратты түсіне аламыз. Индекс дегеніміз – белгіленіп тұрған нәрсе мен оның пішінінің өзгерместен, сол қалыпта берілуі.
Даниель Чандлер анықтамасына мысалдар: Символ Белгіше индекс
Берілген көріністі қай таңба түріне жатқызамыз?
символ индекс икон
ры: ақта сұр қтау мысал ысы П олға имв іңіз. стің ? 1. С лтір дек еде е к н ин ғы н н ме ылы Ико маш еген. 2 р ертт з. айы ды з таңы алар ды а аңб дар 3. Т лым ға
• • •
ta_1187_ba_t_1199_rleri1.pptx