Тақырып: ХХ ғ. – ХХІ ғ. қарсаңы мәдениеті контекстіндегі батыстық философия
Дәріс жоспары: 1. ХХ ғ. Батыстық мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелерін сыни қайта ойластыру. 2. М. Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта байыптаудың сыни тәжірибесі. 3. Постмодернизм рухани хәл, өмір салты және философия ретінде.
1. ХХ ғ. Батыстық мәдениетінің құндылықтары мен дүниетанымдық негіздемелерін сыни қайта ойластыру. Қазіргі батыс философиясының аясында Х 1 Х ғасырдың аяғы ХХ 1 ғасырдың басындағы АҚШ философиясы мен батыс-европалық философиясы түсіндіріледі. Бұл дәуір – адамзаттың рухани және материалдық дамуына өз үлестерін қосып, өздерінің талғамды және терең идеалдарымен философиялық мәдениетті байытуға ұмтылған, керемет ойшылдардың ордасына айналған классикалық емес философия дәуірі болды. Осы кезеңдегі батыс философиясынан – сол қоғамның бетке ұстар философтары, көптеген мектептер, бағыттар мен концепциялар орын алды. Олардың ішіндегі ең негізгі бағыттарға мыналар жатады: феноменология, позитивизм, сыни рационализм, прагматизм, постпозитивизм, неокантианство, экзистенциализм, персонализм, структурализм, постмодернизм.
Феноменология – бұл философиялық бағыт, сірескен натурализмнен философиялық сананы азат ете отырып, рефлексивтік сананың өзіңдік әрекеті мен ондағы мазмұндардың төркіні туралы философияның өрісін кеңейтіп, танымның негізгі көзін адамзаттың өмір сүруі мен мәдениетінен іздейді. Бұл бағыт өз бастамасын неміс философы Э. Гуссерльден (1859 -1938) алады. Прагматизм – бұл қазіргі философияның ағымы, өкілдері білімнің практикалық пайдалылығында қауіптің негізі жатқандығын айтып, адамзаттың бұл мәселесін шешуге тек фиософияның ғана шамасы келетіндігін айтады. Бұл бағыттың негізгі өкілдері американ философтары: Ч. Пирс (1839 -1914), Ч. Джемс(1862 -1910), Дж. Дьюи (1859 -1952).
Сыни рационализм – бұл қазіргі философиядағы қандайда бір “таза” рационалистік моделді өндеп шығарумен айналысатын, барлық уақытта да барығына сенімділік танытатын бағыт. Ол постпозитивизмдегі ең ірі ағымдардың бірі бола отырып, ғылыми танымның методологиялық мәселесін өңдеуге өз үлесін қосады. Оның негізін салушы ағылшын философы К. Поппер (19021988 ж. ). Экзистенциализм — ХХ ғасырдың бас кезінде пайда болған және болмысты субьект пен обьектінің тікелей бөлінбес тұтастығы ретінде түсіндіруге тырысқан қазіргі заманғы философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализм екі түрлі бағытқа бөлінеді, олар: діни экзистенциализм және атеистік экзистенциализм. Діни экзистенциализмнің өкілдеріне: К. Ясперс (1883 -1969), Г. Марсель (1889 -1973) жатады. Ал атеистік экзистенциалистерге: М. Хайдеггер (1889 -1976), Ж. П. Сартр (1905 -1980) және А. Камю (1913 -1960) жатады.
2. М. Хайдеггер және батыстық әлемдегі адам өмір сүруінің трагизмі мен драматизмін қайта байыптаудың сыни тәжірибесі. Мартин Хайдеггер (1889 -1976) болған. Оның негізгі шығармасы «Болмыс және уақыт» . Хайдеггер бойынша экзистенциализмнің адам өмірінің қайғылы жағдайын көрсетуден және оған рақымшылық жасаудан көрінеді. Экзистенциалистің зерттеу тақырыбы мыналардан тұрады: • адам өмірінің мәнін ашу; • жаттану және оның сыртқа шығатын феномендерін көрсету; • ажал феноменін ашу; • үрей мәселесін ашу.
Осы мәселелердің барлығын жинап адам мәселесіне айналдырады. Хайдеггер ойынша, адам алдындағы өмірештеме. Адам алдында тек қана ажал бар. Ештеме дегеніміз - ажал. Сондай-ақ адам тіршілігінде екі қорқыныш түрі бар. Олар: 1) күнделікті қорқыныш; 2) онтологиялық қорқыныш. Күнделікті қорқыныштың себебі күн сайын тіршілікте кездесетін материалдық қажеттіліктерден (үй жоқ, ақша жоқ, т. б. ) туындайды. Ал онтологиялық қорқыныш адамның алға қойған мақсатына жете алмауынан, рухани күйзелістерден туындайды. Жалпы алғанда экзистенциализм индивидуализмді тәрбиелеудің философиялық негізі, тұлғаның шығармашылық тыныштығы, қоғам алдындағы жауапкершілігі, дұрыс әрекет жасауы
3. Постмодернизм рухани хәл, өмір салты және философия ретінде. Постмодернизм. Метафизиканың логикалық аяқталуын Хайдеггерден кейін Ж. Деррида (1930) жалғастырды. Метафизикаға сынмен қарап, ол сонымен бірге Ницше мен Фрейдтің ілімдерін дамытады. Осы ойшылдар сияқты Дерриданың метафизикаға сыны бір уақытта барлық батыс ойларына сын болып табылады. Деррида іштен «деконструкция» көмегімен сынауға тырысады.
Деконструкция – мәтінге деген қатынаста ерекше стратегия, ол өзіне оның «деконструкциясын» және оның реконструкциясын қосады. Деконструкцияның бастамасы – ол мәтіннен тыс болмау мүмкінсіздігі. Зерттеушінің мәтінге әрбір интерпретациясы мен сыны болмайтын болып саналады.
Әдебиет: 1) Назарбаев Н. А. В потоке истории. – Алматы, 2008. 2) Назарбаев Н. А. Избранные произведения. В двух томах. – А. , 2010. 3) Абишев К. А. Философия. – Алматы, 2000. 4) Абдильдин Ж. М. Соч. В 5 -ти т. – А. , 2001 -2002. 5) История философии. – М. , 2004. 6) Атымбаева К. Философия истории (учебное пособие для бакалавриата) – Алматы, 2010. 7) Алтаев Ж. А. , Габитов Т. Х. История философии. – Алматы, 2010.
Назарларыңызға рахмет!