философия.pptx
- Количество слайдов: 11
Тақырып: ХІХ ғ. – ХХғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы
Дәріс жоспары: 1. Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғы шарттары. 2. Славянофильдер философиясы. 3. Орыс философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері.
1. Орыс философиясының мәдениәлеуметтік контексті мен идеялық алғы шарттары Орыс философиясының кемелденіп, қалыптасқан уақыты ХІХ-ғасыр-дың соңы мен ХХ-ғасырдың басы деуге болады. Осы кезеңде Ресейде мазмұны терең, интеллектуалды жағынан өте бай философия қалыптасты.
2. Славянофильдер философиясы. Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді).
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі – православие. И. В. Киреевский, К. Аксаков, В. С. Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, «идеалға» деген сенім өмір сүрді. Үнемі «идеал» жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал – шексіз.
3. Орыс философиясының орыс адамының рухани бағдарларына әсері. Л. Толстой адамның руханилығы мен адамгершілігі мәселелерін талдады және бұл тақырыпты өзін қатты мазалаған, өмірінің соңына дейін санасы мен жанына тыныштық бермеген экзистенциалдық-мәселе – адам өмірінің мәні контекстінде қарастырады. Жарық дүниеге адам не үшін келеді? Өмірдің мәні бар ма? Бар болса, неде? Жоқ болса, неге? Өмірдің мәні жоқ болса, өмір сүріп керегі не? Толстой өзіне, өзі арқылы бүкіл саналы адамзатқа бағыттаған сауалдар тізбегі осылайша жалғасып кете береді және олар жазушының бүкіл көркем және философиялық шығармаларының желісі болды.
Батысшылдар, немесе экзистенциалистер багытының негізгі объектісі – адам және оның өмірінің мәні болды. Атап көрсететін бір ерекшелік – жалпы философия тарихында өмірдің мәні мәселесін талдаумен түбегейлі айналысқан орыс философтары деуге болады. Бұл құбылыстардың себептері әр түрлі. Бірақ біздің ойымызша, басты фактор – Ресейдің трагедиялық тағдыры
В. Соловьев философиясының негізгі идеялары: 1) В. Соловьевті ең әуелі бүкіл, адамзат тағдыры мазалады десек, қателеспейміз. Оның философиясынан болашаққа деген алаңдаушылық, күйзеліс, толғаныс қатты сезіледі, ол: «Қазіргі адамзат ауру қарт секілді. Оның орнын кім басады? Негрлер ме? Қытайлар ма? » деп мазаланады.
Бердяев тұлғаның ең басты сипаты – Еркіндік деп пайымдайды. Адамды жануардан ерекшелендіретін сана және еркіндік деп түсінген еркіндікті болмыстан жоғары қояды. Құдай еркіндікте ғана өмір сүре Ақиқат еркіндікте және еркіндік арқылы танылады. Еркіндік тұлғаны, өзімен-өзі тұйықталуы емес, керісінше, творчестволық ашылуы. Осылайша пайымдай отырып, Бердяев социализм адам еркіндігін тежейді, себебі бұл қоғамда пролетариат басқа таптардың бәрінен жоғары қойылға» деген тұжырым жасайды.
Әдебиет: 1) Назарбаев Н. А. В потоке истории. – Алматы, 2008. 2) Назарбаев Н. А. Избранные произведения. В двух томах. – А. , 2010. 3) Абишев К. А. Философия. – Алматы, 2000. 4) Абдильдин Ж. М. Соч. В 5 -ти т. – А. , 2001 -2002. 5) История философии. – М. , 2004. 6) Атымбаева К. Философия истории (учебное пособие для бакалавриата) – Алматы, 2010. 7) Алтаев Ж. А. , Габитов Т. Х. История философии. – Алматы, 2010.
Назарларыңызға рахмет!
философия.pptx