
филос 8.pptx
- Количество слайдов: 9
Тақырып: ХІХ ғ. мәдениетіндегі батысеуропалық философия
Дәріс жоспары: 1. Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. К. Маркстің пәндік іс-әрекет туралы ілімі. 2. Позитивизмнің пайда болу себептері. О. Конт позитивтік әлеуметтанудың негізін салушы ретінде. 3. А. Шопенгауэрдің өмір философиясы. Ф. Ницшенің философиясы.
1. Адам туралы эпистемологиялық айтыстар. К. Маркстің пәндік іс-әрекет туралы ілімі. Маркс Карл Генрих (1818, Германия, Трир қаласы — 1883 Англия, Лондон) — 19 шы ғасыр немістің экономист ғалымы, саяси экономисі, философ, саясаттанушы, әлеуметтанушы, тарихшы, ғылыми коммунизм теориясының іргетасын қалаушы.
Шығармалары: Карл Маркс «Фейербах туралы тезистер» , «Капитал» , « 1844 ж. экономикалықфилософиялық қолжазбалар» Фридрих Энгельс «Табиғат диалектикасы» , «Анти - Дюринг» , «Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің рөлі» , «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» Маркс, Энгельстің бірлесе жазған еңбектері «Коммунистік пратияның монифесі» , «Святое семейство» , «Неміс идеологиясы» .
2. Позитивизмнің пайда болу себептері. О. Конт позитивтік әлеуметтанудың негізін салушы ретінде. Позитивизм (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт. Позитивизм 19 ғасырдың 30 -жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О. Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э. Литтре, Г. Н. Вырубов, П. Лаффит, И. Тэн, Дж. С. Милль, Г. Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық философия қалыптасты.
Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур Шопенгауэр (1788 -1860) – волюнтаризмді негіздеуші. Волюнтаризм – қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш – ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. «Дүние ерік және қабылдау ретінде» атты шығармасында логиканың жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Онда философия материалистер сияқты объектіге де, идалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет.
Өмір философиясының өзекті ұғымы – адам үшін басты және шынайылық - өмір ұғымы. Өмір философисының негізін салушы Фридрих Ницше (18441900). Оның ойыншанша, философиясының мақсаты – адамның қоршаған дүниеге бейімделіп, өзін барынша жүзеге асыруына көмектесу
Әдебиет: 1) Назарбаев Н. А. В потоке истории. – Алматы, 2008. 2) Назарбаев Н. А. Избранные произведения. В двух томах. – А. , 2010. 3) Абишев К. А. Философия. – Алматы, 2000. 4) Абдильдин Ж. М. Соч. В 5 -ти т. – А. , 2001 -2002. 5) История философии. – М. , 2004. 6) Атымбаева К. Философия истории (учебное пособие для бакалавриата) – Алматы, 2010. 7) Алтаев Ж. А. , Габитов Т. Х. История философии. – Алматы, 2010.
Назарларыңызға рахмет!
филос 8.pptx