
филос 6.pptx
- Количество слайдов: 11
Тақырып: Ренессанс пен Реформация мәдениетіндегі философия
Дәріс жоспары: 1. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. 2. Философиялық ой-толғаулардың негізгі тақырыптары мен мәселелері. Ренессанстық гуманизм. Ренессанстық неоплатонизм мен аристотелизм. 3. Ренессанс және білімнің секуляризациялануы. Ренессанс философиясы және оның эксперименталдық жаратылыстанудың қалыптасуындағы маңызы
1. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Қайта Өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. Қайта Өрлеу дәуірі шамамен алғанда 14 -17 ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл кезең Орта ғасыр кезеңі мен антикалық мәдениеттің жалғасы, әсіресе антикалық мәдениетті қайта өркендету, қалпына келтіру болды. Дәуірдің Қайта Өрлеу аталуы да сондықтан.
Қалыптасу жағдайлар Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінде капиталистік қатынастардың негіздері қаланды. Ауыл шаруашылығынан өнер кәсіпті дамытуға, ауылдан қалаға көшу кезеңі басталды; Ұлттық мемлекеттер мен абсолюттік монархия қалыптасты; Жаңа тап буржуазия пайда болды.
2. Философиялық ой-толғаулардың негізгі тақырыптары мен мәселелері. Ренессанстық гуманизм. Ренессанстық неоплатонизм мен аристотелизм Қайта Өрлеу философиясының негізгі бағыттары Гуманистік бұл адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқығын мойындайтын көзқарас тән. Саяси Николо Макиавелли сияқтылар мемлекет басқару мәселелерін негіздеуге ұмтылды Реформациялық Мартин Лютер, Томас Монцер, Жан Кальвин, Джон Усенлиф, Эразм Роттердамский. шіркеу идеологиясын қайтадан қарастырды утопиялық-социалистик Томас Мор, Томмазо Кампанелла идеалды мен фантастикалыұ мемлекеттің және қоғамның құруын іздеді
Томас Мор мен Томмазо Компанелланың утопиялық социализмі Ағылшын гуматисті Томас Мор «Утопия» еңбегінің авторы. Т. Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Осы еңбегінде Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең. Томмазо Кампанелла бұл «Күн қаласы» еңбегінің авторы. Осы еңбекте қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын баяндайды. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған, адамдар тек төрт сағат қана жұмыс істейді, бай, кедей болып бөлінбейді.
3. Ренессанс және білімнің секуляризациялануы. Ренессанс философиясы және оның эксперименталдық жаратылыстанудың қалыптасуындағы маңызы. Николай Коперник (1473 — 1543) оның философиялық көзқарастары: • Жер дүниенің қозғалмайтын орталығы емес, ол өзінің осімен айналады; • Дүниенің ортасы Күн, Жер осы Күнді айналады; • Ай Жердің Серігі
Джордано Бруно (1548 — 1600) Коперниктің революциялық жаңалықтарын жалғастырды: Ø Әлем біртүтас, шексіз, қозғалыссыз; Ø Сенім жабайы, дөрекі халықтарды басқару үшін қажет; Ø Философиялық дәлелдер қарапайым халықтарға емес, біздің пайымдауларымызды түсінуге қабідетті дана адамдарға арналған.
Галилео Галилей (1564 — 1642) итальяндық Ренессанстың дамуын аяқтаушы: • телескопты жаратты; • телескопа арқылы аспан денелерін зерттеді; • механика принциптерін, денелердің қозғалысын зерттейтін ғылымды, яғни динамиканы зерттеді; • күннің бетінен дақтар тауып анықтады; • Венераның фазаларын зерттеді; • Юпитердің серіктерін анықтады.
Әдебиет: 1) Назарбаев Н. А. В потоке истории. – Алматы, 2008. 2) Назарбаев Н. А. Избранные произведения. В двух томах. – А. , 2010. 3) Абишев К. А. Философия. – Алматы, 2000. 4) Абдильдин Ж. М. Соч. В 5 -ти т. – А. , 2001 -2002. 5) История философии. – М. , 2004. 6) Атымбаева К. Философия истории (учебное пособие для бакалавриата) – Алматы, 2010. 7) Алтаев Ж. А. , Габитов Т. Х. История философии. – Алматы, 2010.
Назарларыңызға рахмет!
филос 6.pptx