Менингит,энцефалит.ppt
- Количество слайдов: 42
Тақырып: Менингит энцефалит патологиялық анатомиясы. Этиологиясы. Бала лардағы ерекшеліктері.
Миқұрт (менингит) — бұл халық арасында көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы, мұнымен көбінесе балалар ауырады. Ол басқа аурулардың, шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Оның неше түрлi кезеңiмен көптеген адамдар ауырады.
Ертеде бұл аурумен науқастанған жан ем табылмауы себептi көп өмiр сүрмеген. Ал, бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен құлантаза айығып кететiн адамдар саны артып келедi. Көбiне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды. Ең алғаш рет оған қарсы емдiк препаратты 1887 жылы А. Вейксельбаум ойлап тапқан болатын. Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi.
Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде менингиттiң жүйке жүйесiне әсер ететiн түрiне шалдыққандардың 20 пайызы өз өмiрiмен қоштасады. Менингиттiң туындауы — адамдардың тығыз орналасуынан, тазалық сақтамаудан, сонымен қатар, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан. Сондай-ақ, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен де пайда болады.
Этиологиясы
Ауру бастапқы кезеңде екi түрге бөлiнедi. Жедел және созылмалы болатын бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын менингиальдық синдромы. Аурудың алғашқы белгiлерi — ауру жұққаннан кейiн 10 -12 күннен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерiлу, дауыс қарлығып, өңi бозару секiлдi инкубациялық кезең өтiп, денеде қызғылт түстi дақтар пайда болады.
Дене қызуы 40 -қа жоғарылап, бұлшық еттер тырыса бастайды. Дер кезiнде емделмесе көп жағдайда сал болып қалуы да мүмкiн. Жарыққа қарай алмай, қатты дауыстан қорқып, есiнен адаса бастайды. Бұл белгi iрiңдi менингитте орын алады. Менингит — құрт ауруының түрi — науқастан әл кетiп, шаршап, тез терлеп, дене қызуы көтерiлiп ұзақ уақыт жүредi. Бас сүйек iшiндегi қан қысымы ұлғайғанда барып анықталады.
Белгілері
Жоғары температура; Бастың қатты ауыруы; Мойынның шалқаюы. Баланың өңі кірмейді, сұлық жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды. Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай, бала басын тізесінің арасына келтіре де алмайды; Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі (томпайып кетеді);
Менингит кезінде құсу — осы ауруға тән құбылыс; Кішкентай балаларда менингиттің алғашқы кезеңінде анықтау қиын. Бала түсініксіз жағдайда, тіпті анасы емізгенде де жылай береді ( «менингит жылауы» ). Немесе бала ұйықтай береді; Кейде талып қалады (құрысу), немесе дене қозғалысы да бір түрлі болып өзгереді; Көбінесе баланың жағдайы бірте-бірте нашарлай бастайды, ол мүлде есінен танған кезде ғана тынышталады; Туберкулез менингиті өте жай өрбиді, ол талай күндерге немесе апталарға созылады. Бұл аурудың басқа формалары анагұрлым тез — сағаттар немесе күндер аралығында өршиді.
Балалардағы менингит
Бұл өте қатерлі ми ауруы, бұл аурумен көп жағдайда балалар ауырады. Менингит бактериясы жөтел кезінде, ауа арқылы жұғуы мүмкін. Мұрынға түскен бактерия жұлынға өтіп, қан айналымына енеді де, қоздырғыштарды күшейтеді. Менингиттің жұқпалы түріне шалдыққан адам ауруды таратуға ықпал етеді. Менингит адамдар көп шоғырланған жерде, ауа ластанудан, тазалық гигиенасын сақтамаудан, ауру тарататын ошақтардың жақын болуынан да пайда болады.
Аурудың басталу белгілері кезінде аурудың дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, құсады, бір жасқа дейінгі балалардың кейде іші өтуі де мүмкін. Былай қарағанда белгілері тұмауға келіңкірейді. Немесе «бала тіс жарып жатыр» деп мән бермей өткізіп алып, өкініп қалатындар аз емес. Миқұртпен ауырған адам шалқалақтай береді. Басын еңкейтіп, иегін кеудесіне жеткізе алмайды, тізелері де толықтай жазылмауы мүмкін. Ыстығы түспей, сандырақтап сөйлей бастайды, есін жоғалтады.
. Денесі құрысуы (судорога) мүмкін. Ата-анасы ауырған баладан осындай белгілерді байқаса, тездетіп аймақтық дәрігерден гөрі, "Жедел жәрдем” шақырғаны абзал. Өйткені, миқұрт сөзбұйдаға салғанды көтермейді, оған шұғыл дәрігерлік көмек керек. Медицинада қолданылатын әдіс бойынша, менингитті анықтау үшін ауырған адамның жұлынынан міндетті түрде су алынады. Әйтпесе, нақты диагноз қою мүмкін емес. Жұлыннан су алу, керісінше, аурудың бас ішіндегі қан қысымын төмендетеді. Егер науқас миқұрт болса, онда жұлыннан алынған су мөпмөлдір болуы тиіс. Сол арқылы ем-дом тағайындалады
Бір апта антибиотиктермен емделгеннен кейін, екінші рет пункция жасалады. Ал бала денсаулығына пункциядан келетін зиян жоқ. Кейде асқынған менингиттің салдарынан сал ауруына немесе оның жеңіл түріне Кене энцефалиті Ми зақымдануы. душар болуы мүмкін. Дер кезінде қажетті ем-домын алса, науқас құлан-таза жазылып кетеді. Жалпы, миқұрт иммунитеті әлсіреген адамға үйірсек болады.
Энцефалит
Кене энцефалиті Ми зақымдануы.
Кене энцефалиті (encephalіtіs acarіnarum) – кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгіжаздықэнцефалит деп те атайды. Кене энцефалитінің вирусын Ресей ғалымдар ы Л. А. Зильбер, Е. Н. Левкович, т. б. Шығыс Сібірде ауруға шалдыққан адамдардың қанынан тапқан (1937).
Бұл індет, негізінен, иксод кенелері (Jxodes persulcatus) мекендейтін орман-тоғайлы жерлерде, Қазақстанда. Алтай, Қаратау, Күнгей Алатауы бөктеріндегі орманды аймақтарда кездеседі. Ауру жоғары латенттілікпен сипатталады, 2530% құрайды. Ауырғаннан кейін орталық жүйкежүйесінде келесі органикалық өзгерістер байқалады: әлсіз салдану бұлшық ет атрофиясы дискинезия интелектің төмендеуі кейде эпилепсия
Энцефалит (грек. enkephalos – ми) – ауру тарататын микроорганизмдердің салдарынан мидың қабынуы. Энцефалиттің қоздырғыштары: әр түрлі вирустар (арбовирустар, энтеровирустар, қызылша, қызамық, шешек, ұшық вирустары, т. б. ), бактериялар (бруцеллалар, спирохеттер, туберкулез микобактериялары, стрептококк, т. б. ), риккетсиялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар (амеба, токсоплазма, трипаносома, т. б. ), гельминттер (трематодалар, цестодтар, т. б. ).
Этиология
Энцефалиттер патол. процестің дамуына қарай біріншілік Энцефалит және екіншілік Энцефалит болып бөлінеді. Біріншілік Энцефалиттің дамуына әдетте вирусты аурулар әсер етеді. Аурудың бұл түрі маусымдық таралу ерекшелігімен сипатталады. Бұған жылдың белгілі бір кезеңінде инфекция тарататын жәндіктердің (кене, маса) белсенді болуы ықпал етеді. Осыдан кене энцефалиті, маса Энцефалиті, энцефаломиелит, т. б. аурулар туады.
Екіншілік Энцефалиттің дамуына әр түрлі жұқпалы аурулардың асқынуы әсер етеді. Мыс. , безгек Энцефалиті, бөртпе сүзек Энцефалиті, тұмау, шешек, қызылшадан кейінгі асқынулар. Энцефалитпен ауырған адамның дене қызуы көтеріледі, әлсізденіп, ұйқысы келе береді, басы ауырып, кейде лоқсып құсады. Ал ауру асқынғанда адам есінен айрылып, сандырақтайды, галлюцинация пайда болып, денесі тартылып, жиі-жиі ұстама болады. Энцефалиттің түріне қарай науқас адам жазылып кетеді немесе ұзақ жылдар бойы қолаяғы әлсіз болып, жүріс-тұрысы бұзылады, әр түрлі икемсіз қимыл қозғалыстар пайда болып, денесінде салдану, тырысып қалу байқалады.
Энцефалитпен ауырып жазылған адамдар тез шаршағыш келеді, басының жиі ауырып, дұрыс ұйықтамауы, еске сақтау қабілетінің нашарлауы бірнеше жылға созылады. Аурудың диагнозы вирусол. , бактериол. және серол. зерттеулердің қорытындысымен қойылады. Кейде электрфиз. , рентгенол. және радиоизотоптық әдістер – ЭЭГ, вентрикулография, реоэнцефалография, гамма-томография, т. б. қолданылады
Кене энцефалиті қоздырғышының құрамында РНК-сы бар вирус, флавивирус (В тобы) тұқымдасына, арба-вирус (В тобы) этиологиялық тобының тогавирус тұқымдасы. Вирус қоршаған ортада тұрақты. 1500 -ден +300 -ға дейінгі температура ауытқуларында өмір сүру қабілетін сақтайды. Кептіргенде және төменгі температурада өмір сүруін көп жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату кезінде тез жойылады (2 мин).
Дезинфекция ерітіндісіне және УКсәулеленуге төзімсіз. Вирустың 3 түрі ажыратылады: алыс шығыс энцефалит қоздырғышы, орталық Европалық энцефалит қоздырғышы, қос толқынды менинго -энцефалит қоздырғышы. Вирусқа нейротроптылық тән.
Патогенезi
Вирустың кіру қақпасы-зақымдалған тері: алиментарлы шағу кезінде асқазан-ішек жолының шырышты қабықтары. Ену жерінде вирустың локальды көбеюі байқалады. Вирус қанға өтіп вирусемия және токсинемия дамиды, гематогенді және лимфогенді вирус, лимфа түйіндеріне, ішкі ағзаларға, ОНЖ-не өтеді. Онда жүйке жасушаларына тура әсерін көрсетеді (нейротропты).
Әсіресе жергілікті сегмент жасушалары және бульбарлы бөлімінде таралады, көбінесе, өзгерістер ОНЖ-да дамиды, бірақ басқа ағзалар мен тіндер де зақымданады, морфологиялық тұрғыдан жедел қабыну дамиды. Тамырлық өзгерістер көбінесе нерв жүйесінде келесі түрде пайда болады, геморрагия, эритро- және лейкостаздар, периваскулярлы инфильтрат, периваскулярлы және перицеллюлярлы ісіну.
Патанатомиясы
Патоморфологиялық өзгерістер негізінен: бас миы және жұлынның сұр затында (негізінен бас миының жұлын бөлігінде қозғалтқыш бөлігінде), сонымен бірге: ортаңғы ми, таламустық және гипоталамустық аймақтар, бас ми қыртысы, мишық, перифериялық нейрон қыртыстары, мұнда интерстициальды неврит дамиды, мидың жұмсақ қабаттары.
Некротикалық процесстер келесі жерлерде көрінеді: жұлынның мойын бөлігінің алдыңғы мүйіздері, бас сүйек нервтерінің ядролары, ретикулярлы субстанциясында
Пайдаланған әдебиеттер: www. google. ru www. topreferat. ru А. П. Казанцев, В. С. Матковский. Справочник по инфекционным болезням. — Медицина, 1986. — 320 с. Г. В. Архангельский. Практикум по невропатологии. — Медицина, 1967. — 215 с. В. Н. Шток. Головная боль. — Медицина, 1987. — 304 с. Б. С. Виленский. Неотложные состояния в невропатологии. — Медицина, 1986. — 304 с. П. В. Волошин, И. И. Шогам. Неотложная помощь в клинике нервных болезней. — Медицина, 1987. — 213 с. Ф. И. Комаров, Н. А. Преображенский. Справочник практического врача. — Медицина, 1982. — 656 с. Л. А. Булахова, О. М. Саган. Справочник детского психиатра и невропатолога. — Здоров'я, 1985. — 288 с. Ю. В. Лобзин, Ю. П. Финогеев, С. Н. Новицкий. Лечение инфекционных больных. — Фолиант, 2003. — 128 с. Т. М. Зубик, К. С. Иванов, А. П. Казанцев, А. Л. Лесников. Дифференциальная диагностика инфекционных болезней. — Медицина, 1991. — 336 с. Р. Д. Коллинз. Диагностика нервных болезней. — Медицина, 1986. — 240 с. Фильмы
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Менингит,энцефалит.ppt