Батырбаева Сания (ЮП-103) .pptx
- Количество слайдов: 12
ТАҚЫРЫП: «МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН МӘНІ»
Мемлекеттің мәні – мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі. Кез келген мемлекетте қарама-қарсы болып келетін екі мән – таптық және жалпы әлеуметтік мән болады. Мемлекеттің қызметтері – қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне тән формалары
КІРІСПЕ. Тақырыптың өзектілі: Мемлекеттің негізгі мақсаты-қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін әр түрлі бағытта қызмет атқаруы тиіс. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі-өндіріс. Өндірісті ұыймдастырып, дамыту үшін мемлекетке, адамның бірлестіктеріде, жекеленген адамдар да қажетті іс-әрекет жасап отырды. Бұл салада мемлекет функцияларының қызметі әр түрлі. Мемлекет өз иелігіне қарайтын барлық функцияларды(әлеуметтік, экологиялық, экономикалық ) тікелей басқарып , олардың жұмысын реттеп отырады. Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мемлекет функциясы мәселесі ерекше орын алады. Функция(латын. gunctio-орындау дегенді білдіреді)-заң ғылымында мемлекет пен құқық алдында тұрған мүддемақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдістәсілдерін анықтап, оларды іске асыруға біріктіреді Мемлекет функциясы мемлекет алғаш пайда болған кезден бастап, бірқатар қызметтерді, сауда мен қаржы айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір көптеген басқа да қызметтерді атқарып келеді.
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты
Мемлекеттің қызметтері дегеніміз қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған және ешбір өзгермейтін қатаң қағида емес, қайта олар өзгермелі, өзгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді
Мемлекеттің функциялары —қоғамдық қатынастарға ықпал ететін мемлекеттің ерекше механизмі. Ол мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді шешуге негізделген мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары болып табылады. Оның белгілері мынадай: -мемлекеттің мәні мен оның әлеуметтік бағытының арасындағы тікелей байланыстығы; -қоғам дамуының тарихи кезеңдеріндегі пайда болатын ірі нақтылы міндеттері мен мақсаттарын орындауға байланысты мемлекеттің қызметінің бағыттылығы; -билік мәжбүрлеу әдістерін қолдануға қажетті белгілі бір нысандағы (көбінесе құқықтық) функциясын іске асыру.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ ТОПТАСТЫРЫЛУЫ. Бағытына қарай Ішкі Сыртқы - Қоғамды нығайту. Әлеуметтік қазылық -Соғыс пен бітім мәселесі -Халық билігін қамтамасыз ету -Құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету -Табиғатты және қоршаған ортаны қорғау -Экономикалық -Әлеуметтік -Ғылым-техникалық прогресстің дамуы -Экологиялық -Экономикалық және мәдениеттік байланыстың дамуы -Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету -Әлемді келелі мәселелердің шешімін табуға қатысу
Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы: . Ішкі Мемлекеттің өз аумағында жұмыс жасауының негізгі бағыттары Сыртқы Мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде жұмыс жасауының негізгі бағыттары
Ішкі функцияларға - еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәденитәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар: әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады; құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттің сыртқы функциялары- оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету — мемлекетіміздің аса маңызды сыртқы функцияларының бірі. Басқа мемлекеттердің аумағында тұратын азаматтардың құқығын қорғау жөнінде Конституцияның 11 бабының 2 -тармағында былай делінген: "Республика өзінің одан тыс жерлер-де жүрген азаматтарын қорғауға және оларға камқорлық жасауға кепілдік береді".
Осы аталған мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары түрлі жолдармен, тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар екі топқа бөлінеді: Құқықтық Заң, басқа да нормативтік құқық. актілер жасау, жедел орындау, іздестіру қызметі, құқық қолдану қызметі, құқық қорғау қызметі Ұйымдастырушылық Ұйымдастыру реттеу қызметі, эконом. ұйымдастыру, ғылымды, білім беруді ұйымдастыру қызметі, әскери -ұйымдастыру қызметі
Назарларыңызға рахмет!
Батырбаева Сания (ЮП-103) .pptx