Физ.св. нерв.Каз.ppt
- Количество слайдов: 14
Тақырып: «Бұлшықеттер физиологиясы. Парабиоз» . Дәріс жоспары: 1. Бұлшықеттің құрылымдық және функционалдық маңызы. 2. Бұлшықеттің физиологиялық қасиетттері. 3. Бұлшықет жиырылуының түрлері. 4. Бұлшықеттің жиырылуы мен босаңсуы туралы қазіргі ілім. Еттің қажуы. 5. Жүйке талшығының құрылымдық және физиологиягиялық ерекшеліктері. 6. Қозуды өткізу заңдары. Жүйке талшығының қажымауы. 7. Жүйке талшығы бойымен қозудың тарауы. 8. Қозудың таралу жылдамдығы. 10. Парабиоз, оның кезеңдері.
Бұлшықет тінінің түрлері: 1. Көлденең жолақты қаңқа бұлшықеті; 2. Көлденең жолақты жүрек бұлшықеті; 3. Бірыңғай салалы бұлшықет. Қаңқа бұлшықетінің қызметтері: - адам дене қалпын сақтауға қатысады; - дененің кеңестікте қозғалысын қамтамасыз етеді; - дене бөліктерінің бір-біріне салыстырмалы түрде қозғалысын қамтамасыз етеді; - жылу көзі болып табылады (жылу реттеуге қатысады).
Бұлшықеттің физиологиялық қасиеттері 1. Қозғыштық – бұлшықеттің тітіркендіргішке қозып жауап беруі; 2. Өткізгіштік – бұлшықет бойымен қозудың өтуі; 3. Жиырылу – бұл қозу кезінде ұзындығы немесе кернеуінің өзгеруі; 4. Эластикалық (созылғыш, майысқақ) – жиырылудан кейін бұлшықеттің бастапқы пішініне келуі; 5. Пластикалық – бұл ұзындығы өзгерген пішінін біраз уақытқа дейін сақтау.
Қозуды өткізу жылдамдығы: -көлденең жолақты қаңқа еті – 3, 5 -14 м/сек; -көлденең жолақты жүрек еті – 0, 5 -1 м/сек; -бірыңғай салалы еттері – 0, 5 мм - 5 -10 см/сек.
Бұлшықеттің жиырылу түрлері I. Еттің жиырылуы белгілі бір жағдайға (тәуелділігіне) байланысты: - изометриялық режим; - изотониялық режим. II. Тұтас организмде, олар: - изометриялық жиырылу (ұзындығы өзгермейді); - концентрлік жиырылу (ет қысқарады); - эксцентрлік (немесе ауксотониялық режим) жиырылу (ұзындығы және кернеуі өзгереді). III. Сандық жағынан, олар: - бұлшықеттің дара жиырылуы; - жинақы бұлшықет жиырылуы: а) шала жинақталу; б) толық жинақталу. - тетанус (немесе сіреспе): а) тісті тетанус; б) тегіс (жайпақ) тетанус.
Еттің дара жиырылуы (ЕДЖ) ЕДЖ – жеке импульс әсері нәтижесінде пайда болады. 1. Латенттік (жасырын) кезеңі – 0, 01 сек; 2. Жиырылу кезеңі – 0, 05 сек; 3. Босаңсу кезеңі – 0, 05 -0, 06 сек.
Тетанус – бұл жиі 2 тітіркендіргішке бұлшықеттің ұзақ және күштірек жиырылып жауап беруі. I. Тісті тетанус төменгі жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады (10 – 20 Гц). II. Тегіс тетанус жоғары жиілікті тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады (↑ 20 Гц).
Бұлшықеттің жиырылу механизмі Тітіркендіру→ Әрекет потенциалының пайда болуы→ Оның жасуша мембранасы мен талшықтардың көлденең түтікшелері бойымен өтуі→ Саркоплазма ретикулум цистерналарынан Са 2+ иондарының босап шығуы және олардың миофибриллдерге енуі→ Са 2+ ионының тропонинмен байланысы→ Тропомиозиннің деформациясы→ Көлденең көпіршелердің белсенді актин орталықтарымен байланысы→ Актин жіпшелерінің жылжыуы, яғни миофибриллдер қысқарады→ Кальций насосының белсенуі→ Саркоплазмадағы бос Са 2+ иондарының концентрациясының төмендеуі→ Көлденең көпіршелердің босауы→ Миофибриллдердің босаңсуы.
Бұлшықеттің жиырылу механизмі
Жүйке талшығының құрылысы I. Миелинсіз талшықтар бойымен қозу тегіс таралады. II. Миелинді талшықтар бойымен қозу секірмелі, яғни сальтаторлы таралады.
Жүйке талшығының қозуды өткізу жылдамдығы Талшықтар типі А Аα Аβ Аγ Аδ В С Талшықтар диаметрі (мкм) Өткізу жылдамдығы (м/с) 12 -22 8 -12 4 -8 1 -4 1 -3 0, 5 -1, 0 70 -120 40 -70 15 -40 5 -15 3 -14 0, 5 -2
Парабиоз және оның кезеңдері П а р а б и о з (para – жуық, bios – өмір) – бұл тітіркендіргіш (химиялық зат) әсерінен, оның қозғыштығы мен лабилдігінің төмендеуі. ← Қалыпты жағдай. Парабиоз кезеңдері: 1. Теңестіру кезеңі; 2. Парадоксалды кезеңі; 3. Тежелу кезеңі. Толық парабиоз кезеңінде, яғни тітіркендіру аймағында қозудың жайылу үрдісі тарамай бір жерде тұрақталады ( «стационарлық қозу» ).
Синапс – бұл қозуды (немесе серпіністі) жүйке талшықтарынан бұлшықетке немесе жүйке жасушасына өткізетін құрылымдық ұласу. Синапс құрылымы: 1. Пресинапстық мембрана; 2. Синапстық саңылау; 3. Постсинапстық мембрана.
Синапстардың жіктелуі I. Сигналдарды өткізуіне байланысты: - химиялық синапс; - электрлік синапс; - аралас синапс. II. Әсер етуіне байланысты: - қоздырушы; - тежеуші. III. Орналасуына байланысты: - жүйке-ет (мионевралды); - нейроналды: 1) аксосомалы; 2) аксоналды; 3) аксодендритті; 4) дендросомалы және т. б.
Физ.св. нерв.Каз.ppt