эко лек 4 Атмосфера.ppt
- Количество слайдов: 17
Тақырып: Атмосфера, гидросфера, литосфера - биосфера элементтері. Ластану көздері және ластанудың халық денсаулығына әсері. Дәріскер: б. ғ. к. , аға оқытушы Бегимбетова Г. А.
Жоспары n n n Атмосфералық ауа түсінігі (фондық және антропогендік ластану). Атмосфераның құрамы мен қасиеті, тіршілік ерекшеліктері. Атмосфераны ластаушы көздер. Озон қабаты мен қышқыл жаңбыр Атмосфералық ауа ластануының халық денсаулығына әсері
Атмосфера (грекше “atmos” –бу және “sphaira”-шар)- жерді онымен бірге айнала журіп, оны қоршап тұрған газды ортаны айтамыз. Атмосфераның дамуы геологиялық және геохимиялық процестермен, сол сияқты тірі организмдердің тіршілік әрекеттерімен тығыз байланысты. Ол газ қоспаларынан және шаң тозаңды бөлшектерден тұрады. Құрғақ таза ауа көлемдi пайызбен 78 % –азот, 21% –оттегi, 0, 9% –аргон, 0, 03% –көмiрқышқыл газы және шамамен 0, 003% неон, гелий, криптон, ксенон, азот оксидтері, метан, сутегі, су буы және озон қоспаларын құрайды.
n Атмосфераның құрамы мен қасиеті өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы, тіршілік ерекшеліктері бар. n Тропосфера жер бетiнен полюсте 0 -ден 7 км-ге дейінгі және n n n экваторда 18 км биiктiкке дейінгі аралықты алып жатыр. Тропосфера жоғарылаған сайын температура төмендейді, мысалы, 18 -20 км биіктікте минус 550 С–ты көрсетеді. Стратосфера биосфераның 50 км биiктiкке дейінгі аралығын алып жатыр. Мұнда температура біртіндеп 00 С–қа дейін жоғарылайды. 2224 км биіктікте озонның жоғары концентрациясы байқалады (озон қабаты). Мезосфера 50 -80 км биiктiкке дейінгі аралықты алып жатыр. Бұл жерде температура минус 60 -800 С–қа дейін төмендейді. Термосфера биосфера қабатының 800 км биiктiкке дейінгі аралығын алып жатыр. Экзосфера 1500 -2000 (3000) км биiктiкке дейінгі аралықты алып жатыр.
Атмосфералық ауа ластануы екі үлкен топқа бөлінеді: фондық (табиғи) және антропогендік Табиғи ластану көздері Антропогенді ластаушы көздер вулкандардың атқылауы өнеркәсіптік теңіз суларының булануы транспорттық өндірістер топырақтың ұшуы (шаң) ауыл шаруашылық орман және дала өрттері құрылыс ұйымдары сел коммунальды–тұрмыстық объектілер жер сілкіністері
Ауаны ластаушы көзі өнеркәсіптер - жылу электрстанциясы, қара және түрлі түсті металлургия, мұнайөңдеу және мұнай химиялық өнеркәсіп. n n ЖЭС ластайтын көлемі мен сипаты жағатын отынның түріне, оның химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты. Қатты отындар (көмір, торф, ағаш, т. б. ) жанғанда күл, күкірт, көміртегі оксидтерін және шаң бөледі. Екібастұз көмірі Қарағанды көміріне қарағанда күлді көп шығарады. ЖЭС орташа сағатына атмосфераға 5 тонна күкірт ангидридін және 16 -17 тонна күл шығарады. Сұйық отындарда (мұнай және мұнай өнімдері) күл болмайды, бірақ күкірттің, көміртегінің қосылыстары болады. Газтәрізді отындар (табиғи немесе сұйық газдар) тек азот оксидтерін түзеді.
Олардың жану процесінің нәтижесінде адамға және қоршаған ортаға зиянды газдар түзіледі. шаң Күкірт ті газ (SО 2) Көміртегі оксиді (СО) Азот Оксиді (NО 2) Көмір сутек-тер (Сn Hn) Атмосфераға шыға-тын зиянды заттар-дың жалпы меншік-ті салмағы Жылу электрстанциясы 39 38 - - - 29, 0 Құрылыс материалдарын өндіру 25 - - 8, 1 Қара металлургия 20 16 16 23 3 24, 0 Түрлі түсті металлургия 16 22 22 - - 10, 5 Мұнай өңдеу және мұнай химиялық өнеркәсіп - 3 13 - 82 15, 5 Химиялық өнеркәсіп - - - 12 - 7, 3
Атмосфералық ауаны ластаушылардың бірі-автотранспорт. Жыл сайын автомашиналар атмосфераға шамамен 280 млн тонна көміртегі оксидтерін, 56 млн тонна көмірсутектерін, 28 млн тонна азот оксидтерін шығарады. Автотранспорт шығаратын газдар – күрделі қосылыстар 200 аса компоненттерді құрайды. n Оның ішінде улы еместері: сутек, азот және оттегі; зиянды, улылары: көміртегі оксидтері, азот оксидтері, этилен, бензол, этан, метан, толуол, бенз(а)пирен, күл, күкірт ангидриді, ж. т. б. n Автомашина двигателі 1 тонна бензин жаққанда 12, 3 кг азот оксидтерін, ал 1 т дизельді отынды жаққанда 24, 5 кг бөледі. Автомашина 75% – көміртек, 15% - көмірсутектер, 7% азот оксидтерін шығарады. n
Автотранспорттардан шығатын ластайтын заттардың шығынын төмендету үшiн келесi шаралар қарастырылады n n n эффективтi жүйедегi жаңа карбюраторлар және шығынды төмендететiн қондырғылар (каталитикалық бейтараптау (отынның буларын ұстайтын жүйе)); газ түрiндегi отындармен (жанар майлар) жүретiн автомобильдер мен автобустар паркiн жоғарылату; пайдаланған газдарды бейтараптау жүйесiмен автомобильдер паркiн жабдықтау; этилденбеген бензиндi пайдалануды және шығаруды тоқтату, себебi өте үлкен қаржы жұмсалады; дизельдi автомобильдерге түтiнге қарсы фильтрлер және тотықтырғыш нейтрализаторлар өндiру .
n n Құрылыс өнеркәсібі де атмосфералық ауаны ластайды. Құрылыс жүретін аудандарда майлау жұмыстарында органикалық заттар (фенолформальдегид, фенол, ацетон, эфирлер, т. б. ) пайдаланылады, олардың көпшілігін шектеулі қолдану қажет, өте улы. Ауыл шаруашылығында, әсіресе соңғы 30 – 40 жыл бойы өсімдіктерді қорғауға пестицидтер, топырақтың құнарлылығын жоғарылатуға минералды тыңайтқыштар қолданылып жүр. Пестицидтерді егінге аэрозоль түрінде самолетпен шашқанда, оның біразы желмен басқа жаққа ұшып, ауаны және топырақты ластайды. Ауыл шаруашылық дақылдарына минералды тыңайтқыштарды артығымен қолдану да біраз шығынға алып келеді. Мал шаруашылығы да атмосфералық ауаны күкіртті сутекпен, аммиакпен ластайды.
«Озон қабатының» бұзылуы Атмосфера қабатының 20– 25 км биіктігінде озон концентрациясы көп жинақталған, сондықтан оны озоносфера қабаты дейді. n «Озон қабатының жұқаруы» деп озоносферада озонның мөлшері (50 пайызға дейін және одан да төмен) төмендейді. Атмосферада фреондардың пайда болуы «Озон қабатының жұқаруына» себепші болады. n Фреондар (хлорфторкөміртегі – ХФК) – жоғары ұшқыш, химиялық инертті зат. Озон қабатының бұзылуы Жер бетіне ультракүлгін сәулесінің түсуін жоғарылатады. Ультракүлгін сәулесі аз мөлшерде тірі организмдерге қажет (клетканың өсуіне және дамуына әсер етеді, Д витаминін синтездейді және т. б. ), ал көп мөлшерде түссе, өлтіріп жіберуі мүмкін (мутация, рак ауруын тудырады). n
Қышқыл жаңбыр да қоршаған ортаның ластануының ең бір ауыр формасы. Одан адамдар, құрылыстар, өсімдіктер, жануарлар, ғимараттар және архитектуралы ескерткіштер, т. б. зиян шегеді. n Атмосфералық ауаны ластаушы газдардан гөрі олардың қоспалары аса қауіпті. Қышқыл жаңбырды тудырушы негізгі көздер өнеркәсіптен, транспорттан шығатын зиянды газдардың мөлшерінің артып кетуі. Күкірт диоксиді оттегімен әрекеттесіп, күкірт ангидридіне (SO 3) айналады, ол су буымен қосылып, күкірт қышқылын (Н 2 SO 4) түзеді.
Атмосфералық ауаны қорғауда мыналарды есте сақтау керек: n n бүкіл Жер бетіндегі тірі организмдерге ауа қажет; ауа антропогенді әсерлерге сезімтал; ауа қозғалмалы масса, сол себепті зиянды заттарды желмен алыс арақашықтыққа дейін ұшырып әкетеді. Атмосфералық ауаны қорғауды қамтамасыз ету үшін ғылыми деректерге сүйеніп, зиянды заттардың ШРЕК белгіленді.
Ластанудан атмосфералық ауаны қорғауға келесi бағыттар қарастырылады: n n n атмосфераға өте зиянды заттардың шығындарын шектi нормаға дейiн төмендету; қатты заттардың шығындарын – 1, 9 есе, күкiрттi газдарды – 2, 3 есе, азот оксидтерiн – 1, 5 есе, көмiртегi оксидтерi – 1, 8 есе, көмiрсутектерiн 1, 7 есе төмендету керек; ауаны қорғау мәселесiне күрделi қаржы жұмсау ; жердiң озонды қабатын бұзатын заттарды қолдану және шығару өнеркәсiбiн тоқтату; курорты, мәдени-табиғи орындардың маңайында керi әсер беретiн өндiрiстердiң атмосфераға шығаратын шығындарын төмендету; алынған зиянды заттарды пайдаға асыру және тазаланған газдардың эффективтiлiгiн жоғарылату, газ тазалау қондырғыларын жаңа қуатты қондырғылармен қамтамасыз ету.
Атмосфераны ластаушылардың экологиялық сипаттамасы № 1 Ластаушылар Көмірқышқыл газы (СО 2) 2 Көміртегі оксиді (СО) 3 Күкіртті газ (SO 2) 4 Азот оксидтері 6 Сынап (Hg) 7 Қорғасын (Pb) 10 Радиация Экологиялық сипаттамасы Көмірқышқыл газы көп мөлшерде болса, жүрек соғысы жиілейді, тыныс алу қиындайды, бас ауырады, құлақ шуылдайды, қан қысымы көтеріледі, ал концентрациясы тіптен көп болса, адамды есінен тандырады. Ол адамның гемоглобинімен қосылып, организмдегі оттегінің сіңірілуіне кедергі жасайды да, оттектің жетіспеушілігін тудырады. Ол организмді әлсіретіп, әр түрлі ауруға ұшыратады. Оттегімен әрекеттесіп, күкірт ангидридіне (SO 3) айналады, ол су буымен қосылып, күкірт қышқылын (Н 2 SO 4) түзеді. Ол металдарды, матаны, бетонды, т. б. біртіндеп құртады (жейді), флора мен фаунаға, адам организміне әсер етеді. Топырақ қышқылданып, өнімділік төмендейді. «Фотохимиялық түтін» қаптайды, жас нәрестелерде бронхит және тыныс алу органдары ауруға ұшырайды. Азот қышқылы, тұздары эрозияға, және т. б. ұшыратады. Тамақ өнімдерін, әсіресе теңіздегі организмдерді ластайды. Организмде жиналып, жүйкеге зиянды әсер етеді. Бөлме температурасында оңай буланады, бүйректі ауруға шалдықтырады. Бензинге қосылады, тірі клетканың зат алмасуына, фермент жүйесіне әсер етеді. Нерв жүйесіне, көзге әсер етеді, қаназдыққа алып келеді, есте сақтауды бұзады. Ауадағы ШМК 0, 0003 мг/м 3 тең. Шекті мөлшерінен асса, генетикалық мутациясының өзгеруіне алып келеді.
Бақылау сұрақтары: (кері байланыс) n n n Атмосфералық ауаның ластану топтары? Атмосфераны ластайтын көздердің түрлерін атаңыздар? Атмосфералық ауа ластануының тұрғындар денсаулығына әсерлері қандай?
эко лек 4 Атмосфера.ppt