3 лек.Атмосфера, гидросфера, литосфера-.ppt
- Количество слайдов: 24
Тақырып: Атмосфера, гидросфера, литосфера- биосфера элементері. Ластану көздері және халық денсаулығына әсері. Дәріскер: б. ғ. к. , аға оқытушы Бегимбетова. Г. А.
Жоспары: n n n n Атмосфералық ауа түсінігі (фондық және антропогендік ластану). Атмосфераны ластаушы көздер. Атмосфералық ауа ластануының халық денсаулығына әсері. Жер үсті және жер асты суларын ластаушы көздер. Ағынды сулар түсінігі және түрлері. Су ластануының халық денсаулығына әсері. Жердің ішкі құрылымы. Топырақта кездесетін ауыр металдардың халық денсаулығына әсері.
Атмосфера - жердің газ тәрізді қабығы. Ауа бассейні -белгілі жер бөлігі үстіндегі атмосфера бөлігі Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады – тропосфера, озон, стратосфера, мезосфера, термосфера және экзосферадан тұрады. Әр қабаттың өзіне тән атқаратын қызметі, газдық құрамы болады. Әсіресе, тропосфера мен азон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше.
Атмосфералық ауа ластануы екі үлкен топқа бөлінеді: фондық және антропогендік n Фондық ластану – елді мекендерден, қалалардан және өнеркәсіптік объектілерден алыс жерлердегі әртүрлі қоспалардың (газдар, шаңдар, химиялық заттар) елді мекендерге арналған ШРЕК-дан әлде қайда аз (2 -3 есе және одан жоғары) атмосфералық ауа сапасының күйі. Бұл ластанулар табиғи үрдістердің нәтижесінде пайда болады. Атмосфералық ауаның ластанулары мг/м 3 немесе мкг/м 3 есебімен бейнеледі
Антропогендік ластанулар –адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде өнеркәсіптік, энергетикалық, транспорттық және ауылшаруашылық көздерінен зиянды шығарындылардан болған, атмосфера сапасының өзгерулері. Атмосфераның радиоактивті ластануы- атмосферада табиғи және қолдан жасалған радиоактивті қоспалардың болуы. Табиғи көздері-ыдырау үрдісінде атмосфераға радон және торий изотоптарын шығаратын жер қыртысындағы уран, актиний радионуклидтері және космос сәулелері.
Елді мекендердің атмосфералық ауасының ластану көздері n n n өнеркәсіп орындары (қара және түрлі түсті металлургия, мұнайхимиялық, химиялық өнеркәсіп, құрылыс индустриясы) Жылу беруші қондырғылар (от жағып жылутушы және өндірістік қазандық пештер, жылу электр станциялары) Көлік (автокөлік, авиация, теміржол, су қатынасы) Ауылдық аудандардағы негізгі ластаушылар (мал және құс шаруашылығы, энергетика және қуатты жылу беретін мекемелер, пестицидтер). Табиғи ластану көздері (теңіз тұздарының көтерілуі, жанартаулардың атқылауы, топырақтың желмен ұшуы, ормандар мен далалардың өртенуі). Радиоактивтік ластану (атмосферада табиғи және қолдан жасалған радиактивті қоспалар )
n n Атмосфералық ластаушылар физикалық күйі бойынша бөлінеді Газ тәрізділер (көміртегі тотықтары, күкірт тотықтары, азот тотықтары, көмірсутектер) Күрделі химиялық құрамды шаңнан (кремний диоксидінен, ауыр металдардан ) тұрады Аэрозольдар – әртүрлі қышқылдар (су булары, майда шаң)
Әрбір өнеркәсіпорынның технологиялық үрдісіне байланысты барлық шығарындылар бөлінеді: • Ұйымдастырылған- бұлар шаң-газ тазарту жүйелерінен өткеннен кейін орталықтандырылған (шығару құбырлары) жолдар арқылы атмосфералық ауаға шығарылатын шығарындалар. • Ұйымдастырылмаған-бұл шығарындалар, герматизация және орталықтандырылған суырып шығаратын жабдық болмағандықтан, өнеркәсіп алаңшалардың ауасына шығарылады, ал одан желмен елді мекендердің атмосфералық ауасына тарайды. • Аралас -бұл шығарындалар ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған шығарындыларда бірдей орын алған, өнеркәсіптік кәсіпорында байқалатын жағдай.
Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасының ластану ерекшеліктері № Ластану жағдайлары Қалалар 1 Өте күшті ластанған Алматы, Жамбыл, Зырьяновск, Өскемен, Теміртау 2. Күшті ластанған Шымкент, Қарағанды, Б алқаш, Ақтөбе 3. Орташа ластанған Жезқазған, Қостанай, Па влодар, Семей 4. Әлсіз ластанған Астана, Орал, Петропавловск, Актау
Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасының ластануының индекісі АЛИ. Қалалардың аттары АЛИ Ластау көздері Алматы қаласы 15. 2 көліктер, жылу энергетика орындары, жылу Қарағанды 13. 9 көліктер, жылу энергетика орындары, көмір Шымкент 11. 8 металлургия, химия мұнай өңдеу Ақтөбе 10. 1 қара металлургия, химия Өскемен 8. 7 металлургия, энергетика Тараз 8. 0 химия Ақтау 4. 0 химия, энергетика Астана 3. 7 энегетика, автокөліктер Атырау 2. 2 мұнай өңдеу Орал 1. 0 энергетика
Атмосфералық ауа ластануының халық денсаулығына әсері Ластаушылар Организмдерге әсері мен ауру тудыратын түрлері Фотохимиялық тұман Тыныс жолдарын, тамақты, көз бен иіс сезу органдарын Автокөлік, құрылысқа арналған және іштен жанатын двигательдер Бас ауру, ұйқының бұзылуы, жүрек соғу, демікпе Көмірсутек Өкпе, созылмалы бронхит аурулары Альдегидттер ОЖЖ, жыныс жолдарын қабындырады Асбестік шаңы Созылмалы асбестоз, қауіпті ісік Цемент шаңы Өкпе тамырларын қабындырады
Өндіріс шығарындыларынан бөлінетін газ тәрізді ауыр металдардың адам организміне әсерлері Кадмий Итай-Итай(сүйек ауруы), бүйректі қалпына келмеуі Хром Мұрын куысының кілегей қабығы, тері жарасы дерматит Сынап Жүйке жүйесі, бұйрек қызметінің бұзылуы, мутагендік кемістіктер Никель Бүйрек қызметін бұзады, басайналу мен демікпе ауруы Күміс Терінің, шаштың, тырнақтың түссіздігі(аргирия) Мыс Бауыр, бүйрек капилярлары зақымданады Марганец Улағыш әсері аз элемент Мырыш Мыс пен темірдің метаболизмін бұзады Қорғасын Тыныс жолдарын, жүйке аурулары, анемия, эритроциттерді бұзады, қмытшақтық пен бедеулікке әкеледі.
Атмосфералық ауа ластанулары қалай әсер етеді? • Тұрғындардың өмірінің санитарлық-тұрмыстық жағдайларын нашарлатады. • Мекенжайлардың (қалалардың) микроклиматын өзгертеді: жарық күндер азаяды, тұманды күндер көбейеді, күн сәулелерін 30% азайтады, ультракүлгін сәулелер 66% дейін азаяды. • Табиғи және мәдени өсімдіктерге зиянды әсерін тигізеді – фотосинтез үрдістерін әлсіретеді, протоплазмаға токсикалық әсер жасайды. • Тұрғындардың денсаулығына кері әсерлерін тигізеді: аурулардың көбеюіне, созылмалы аурулар барысының өзгеруіне, мүгедектік пен өлім-жітім деңгейінің жоғарылауына себеп болады. Атмосфералық ауа ластануын зерттеу әдістер-физиологиялық, статистикалық, клиникалық әдіс, тәжірибелік әдіс •
Гидросфера жер асты және жер үсті суларынан тұрады. Жер үсті суларын ластаушы көздер • Өнеркәсіптік мекемелер • Тұрмыстық мекемелер пайдаланған сулар • Ауыл шаруашылықтарының пайдаланған сулар • Су қоймаларына тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған жуынды суларыды ағызу • Жауын шашын сулары Жер асты суларының ластану көздеріне жататындар • Өнеркәсіптік қалдықтардың сақтау орындары мен көлікпен тасымалдануы; • Коммуналдық және тұрмыстық қалдықтар аккумуляциялану орындары; • Пестицидтермен және минералдық тыңайтқыштармен өңделетін ауылшаруашылық жерлер; • Жер асты суларына құйылатын ластанған су қоймалары; • Ластанған атмосфералық жауын-шашын инфильтрациясы; • Өнеркәсіптік алаңшалар, фильтрация өрістері, бұрғылау ұңғырлары, тау-кендік жыныстық жұмыстар
адамның тұрмыстық не өндірістік қызметінде қолданылғаннан кейін щығарылатын сулар және елді мекендер территорияларынан, өнеркәсіптік нысандарынан және ауылшаруашылық өрістерден атмосфералық жауыншашын нәтижесінде ағылатын сулар Ағынды сулар - Шығу тегі, түрі және сапалық сипатына тәуелді ағынды суларды 4 негізгі категориясы. • Өндірістік (өнеркәсіптік); • Тұрмыстық (шаруашылық-тұрмыстық); • Ауылшаруашылық; • Жаңбырлық (атмосфералық) Ағынды суларға және нысандарына түсетін ластаушылар 3 негізгі топқа бөлінеді: • Минералдық ластаушылар; • Органикалық ластаушылар; • Бактериялық және биологиялық ластаушылар
Өзен аты Судың ластану индексі ингредиенттер Судың сапасы Кіші алматы 1, 02 -1, 1 мыс 3 шамалы ластанған сынып Есентай 1, 10 -1, 52 Азот нитритты 3 сынып шамалы ластанған Сырдария 1, 97 -2, 41 Сульфаттар, мыс 3 сынып шамалы ластанған Келес 3, 40 -3, 42 Сульфаттар, мыс 4 сынып лас Сырдарья 1, 72 -2, 37 Сульфаттар, мыс 3 сынып шамалы ластанған Ишим 0, 53 -0, 64 Нура 0, 89 -1, 11 сульфаттар 3 сынып шамалы ластанған Нура (Қарағанды) 2, 74 -2, 03 Мыс, сынап 3 сынып шамалы ластанған Балқаш 2, 82 -2, 79 мыс 4 сынып лас Іле 1, 91 -2, 19 мыс 3 сынып шамалы ластанған 2 сынып таза
Судың эпидемиологиялық маңызынан-әлемнің көптеген елдерінде су факторы салдарынан іш сүзегі, дизентерия, гастронтериттер, тырысқақ, вирусты гепатит, энтеровирустық инфекциялы аурулар тарайды. Судың химиялық құрамының әсері –ауыр метталдар мышьяк, хром, асбест, кадмий, қорғасын, сынап, талий, темір, марганец, барий элементтерінің дозалары жоғары болған жағдайда, жүрек бұлшық еттерде, асқазан-ішек жолдарында, жүректамырларында аурулар пайда болып өлім-жітімді көбейтеді.
n n Литосфера (грекше “lithos” –тас, “sphair” – шар жердің қабығы. Топырақ - сыртқы орта жағдайлары: жылу, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар және микрооргагизімдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жер қыртысының беткей горизонты. Топырақтың құнарлығы- оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Топырақ – барлық элементтердің аккумляторы, материалдық игіліктердің көзі және биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отырады.
Жердің ішкі құрылымы n n n Жер қыртысы орташа есеппен 35 км терендікке дейін орналасқан (5 -15 км мұхит, 35 -70 км континент астындағы терендігі) Мантия жер қыртысы мен ядроның аралығында 2900 км терендікке дейін орналасқан Ядро мантиядан төмен 2900 ден 6371 км терендікте орналасқан (оның негізі темір мен никелден тұрады)
Топырақтың бөлімдері: минералды, органикалық және гумус қабаты Топырақ түзуші факторлар: климат, организмдер, топырақ түзетін жыныстар, жер бедері, адамның шаруашылық іс-әрекеті. Гумус(шірінді) – анатомиялық құрылымын жоғалтқан топырақтың органикалық заттың негізгі бөлігі.
Топырақтың ластануынан тарайтын аурулар n n n Сіреспе Ботулизм Газды гангрена Түйнеме (сібір жарасы) Ішек таяқшаларымен шақырлатын аурулар пайда болады
Топырақта кездесетін ауыр металдардың адам денсаулығына әсері Сынап-жүйке жүйесіне, ас қорыту органдарының, бүйректің қызметіне әсер етеді, хромосомдарда өзгерістер туғызады. Мышьяк-терінің рак ауруларын, интоксикация туғызады, жүйке жүйесіне әсер етеді. Қорғасын-сүйек тканьдерін бұзады, қанда протеиннің синтезделуін нашарлатады, жүйке жүйесі мен бүйректің қызметіне әсер етеді. астылық суігар Мыс-тканьдерде органикалық өзгерістер туғызады, сүйек тканьдерін бұзады, гепатит пайда болады. Кадмий- бауырдың циррозын туғызады, бүйректің қызметін бұзады, протеинурия пайда болады.
Бақылау сұрақтары(кері байланыс) n n n Қазіргі ірі қалалардың атмосфералық ауасын ластаушы негізгі көздері нелер? Атмосфералық ауа ластануын қалай бақылайды? Су нысандарының ластану көздерін білесіздер ма? Су нысандарына мониторинг қалай жүргізіледі? Топырақты ластайтын қандай факторларды білесіз? Топырақты ластаушы заттардың қандай жылжу жолдары және айналымы бар?
3 лек.Атмосфера, гидросфера, литосфера-.ppt