презентация по экологии.pptx
- Количество слайдов: 15
Тақырып: Антропогендік факторлардың табиғи экожүйені деградациялау барысындағы проблемалар Тапсырма: « «Жыртқыш -құрбан» факторларының фауна әртүрлігіне әсерін нақты деректермен презентация түрінде сипаттау»
Тақырыптың өзектігі: Қазіргі таңда адам қоғамының іс-әрекеттерінің табиғатқа кері әсер етуі ең өзекті мәселердің бірі болып табылады. Тақырыптың мақсаты: «Жыртқыш -құрбан» факторларының фауна әртүрлілігіне әсерін анықтап, нақты деректермен сипаттау Тақырыптың міндеті: Осы мақсатқа жету үшін алдыма осындай міндеттерді қойдым: 1. “Жыртқыш - құрбан” терминіне түсінік беру 2. Адамдардың жануарларға тигізетін әсерін айқындау 3. Ақбөкендердің азаю себебін нақты деректерге сүйеніп сипаттау Тақырыптың деректі көзі: Жатқанбаев Ж. Ж. “Экология негіздері”
Жоспар: Кіріспе: n Жыртқыш – құрбан дегеніміз не? Негізгі бөлім: n n Антропогендік фактор. Адамдардың жануарларға тигізетін әсері. Ақбөкендердің азаюы. Қорытынды. Қолданылған әдебиеттер. Глоссари.
Жыртқыш - құрбан Жыртқыштық – құрбандық – екі түрдің арасындағы байланыста біреуіне жағымды болса, екіншісіне жағымсыз. Жыртқыштық дегеніміз бір түрдің екінші түрді ұстап алып, өлтіріп қоректенуі. Олардың өзіне тән жыртқыштық қасиеті, мінез құлықтары бар. n Жыртқыштар (Carnivora) – сүтқоректілердің бір отряды. Австралия (тек жерсіндірілген түрлері ғана бар) мен Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында кең таралған. Құйрығының ұзындығы дене тұрқының жартысындай, кейде одан қысқарақ. Жүні ұзын әрі қалың, әр түсті болады. Жыртқыштардың азу тістері жақсы дамыған. Аталығы мен аналығының жыныстық диморфизм айырмашылығы аз, не мүлдем байқалмайды. Иіс және Eсту мүшелері жақсы жетілген. Қорегін таңертең, көбінесе іңірде немесе түнде аулайды. n Құрбан- жыртқыштың аулау объектісі ретіндегі жануары. n
Антропогендік фактор • • Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ. ) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табынк дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатқа әсері онша байқала қоймайды. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеру, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.
Табиғатта жануарлардың белгілі бір түрінің жойылып кетуі немесе екінші түрдің пайда болуы табиғи заңдылық. Мұның бәрі тарихи дамудың барысында климат жағдайының, ландшафттың өзгеруінен және өзара тіршілік үшін күрестің нәтижесінде пайда болған құбылыс. n Әрине, адам көптеген түрлердің жойылып кетуіне себепкер болған бұл процесті де тездетті. Бұл әсер бұдан 250 мың жыл бұрын басталған. Бұлардың бірінші құрбаны ең ірі жануарлар болған. Европада осыдан 100 мың жыл бұрын адамдар көптеген жануарлардың, орман пілінің, алып бұғының, жүнді мүйізтұмсықтың және мамонттың құрып кетуіне тікелей қатынасты. Европада шөппен қоректенетін ең ірі аңдар – мамонттар, алып бұғылар қырылп біткеннен кейін, олрамен қоректенетін – үңгір арыстаны, үңгір аюы да жойылып кетті. n Жер бетінде хайуанаттар түрлерінің жойылып кетуін 1600 жылдан бері нақтылы деректермен дәлелдеп тіркеп келеді. Сол уақыттан бері Халықаралық табиғатты қорғау одағының деректері бойынша (МСОП) жер бетінен құстың 94 түрі (1, 09%) және сүтқоректілердің 63 түрі (1, 48 %) құрып кеткен. Д. Фишердің (1978) мәліметі бойынша осылардың ішінен құстардың 86 %-і, сүтқоректілердің 75 %-і адамдардың тікелей қызметінің нәтижесінде жойылған. n
• • Адамдардың жануарланға тигізетін әсерін тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады. Тікелей әсер етуге жануарларды қуалау, құртып жою және бір жерден екінші жерге көшіру жатады. Жануарлардың ішінде көбірек азап шегетіндер кәсіптік маңызы үшін ауланатындары. Оларды терісі, еті, майы, т. б. шикізаттар алу үшін аулайды. Нәтижесінде олардың саны азаяды, тіпті кейбір түрлері жойылып та кетеді. Адамдардың тағы бір аяусыз құрбаны ақбөкендер 1930 жылдары мемлекет қамқорлығына алынып, оның санын көбейту шаралары қолға алынған-ды. Тағы бір дерекке сүйенер болсақ, әрі аңшы, әрі өлкетанушы Қасым Төлеуханов өзінің “Абай бол, арлан!” атты кітабында: “Киіктің етінің емдік қасиеті, оның осынау ен далада еркін жайылып көп жүруі, әр түрлі шөптерді таңдап жеуіне мүмкіндік береді” – делінген. Расында, киіктің мүйізі, қаны, еті, тұяғы, күлі қаншама ауруларға ем екенін халқымыз әбден қанық.
Ақбөкендер • • Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді.
• • Жаппай төлдеуі мамырдың 1 -жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80 -нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.
• • XІX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Қырым, Таврия, Казказ өңіріндегі киіктердің өрісі тарылып, жойыла бастаған. «Қазақстанда 20 -жылдардың басында ақбөкендердің саны күрт түсіп кетті. 1917 -18 -жылғы қыстың жұты түз тағысының жүздеген мың басын шығынға ұшыратты. Сол кездегі жергілікті үкіметтің шешімімен, 1919 жылдан бастап Сарыарқада киік аулауға қатаң тыйым салынды. Бірақ одан көп өзгеріс бола қоймады, 1927 -28 жылы болған жұттан кейін ақбөкендерге жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнді» , – деп жазады 1955 жылы зоолог Слудский. 1930 -32 -жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру науқаны, даладағы киіктердің жауы ит-құс, шыбын-шіркей, соналардың азаюы ақбөкендердің өсуіне өте қолайлы жағдай туғызды. Далаларда жайылған халықтың малын ұжымдарға жинап, халық отырықшылық өмірге бейімделген тұста ақбөкендердің өрісі кеңіп, санын көбейтуге мүмкіндік алды. Сол жылдары ауа райы да жылынып, қысы жұмсақ болды. Табындары көбейген ақбөкендер 1941 -45 -жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 47 -48 мың ғана. Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған киіктердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.
Ақбөкендердің азаюы 1991 900 мың 1993 800 мың 1998 470 мың 2001 80 мың 2003 21 мың
Қорытынды: Адам қоғамындағы бүгінгі өркениеттен өскен сайын ортаңа да, табиғатқа да, оның ішінде тағы жануарлар өміріне де кері әсер етуде. Табиғи байлығымыздың қайнар көзі іспетті даланың тағы аөдарының бәрі дерлік Қызыл кітапқа кіріп үлгерген жоқ десек қателеспейміз. Әрине, олардың енді кейбіреулері Қызыл кітапқа енсе, енді біреулері сол бетте қалып қойып жатыр. n Айналадағы ортаның өзгеруіне, әсіресе, жануарлар өте сезімтал келеді. Жаңа ортада олардың кейбіреулерінің саны бірте – бірте азайып, тіптен жойылып кетуге дейін барады. Қазіргі кезде кейбір жан – жануарларды теқ – байтақ Республика территориясынан кездестіру қиын. Сондықтан да хайуанаттар дүниесін қорғап, олардың қорын үнемі молайтып отыру – табиғат қорғау саласындағы ең өзекті мәселенің бірі. Жан – жануарларды қорғау – ең алдымен олардың тіршілік ететін жерлерін қорғау деген сөз. n
Әдебиеттер: 1. 2. 3. 4. 5. Жатқанбаев Ж. Ж. “Экология негіздері” Бродский А. К. “Жалпы экология” Оспанова Г. С. “Экология” Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. http: //kk. wikipedia. org
Глоссари n n n Фактор – процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай. Табиғи ортада жүретін процестерге қозғаушы күш ретінде ықпалын тигізетін күштер немесе жағдайлар. Биогендік фактор – ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір – біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Антропогендік фактор – адамдардың барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Жыртқыштық – бір түрдің екінші түрді ұстап алып, өлтіріп қоректенуі. Құрбан – жыртқыштың аулау объектісі ретіндегі жануары. Фауна - белгілі бір аумақта мекендейтін не Жер тарихының белгілі бір кезеңінде тіршілік еткен барлық жануарлар түрлерінің жиынтығы
презентация по экологии.pptx