Экономическая социология.ppt
- Количество слайдов: 10
Тақырып 9. Экономикалық әлеуметтану Дәрістің жоспары: 1. 2. 3. Экономикалық әлеуметтанудың объекітісі және пәні. Экономикалық әлеуметтанудың даму кезеңдері. Экономикалық әлеуметтанудың құрамдас элементтері (өндіріс, тарату, тұтыну, айырбас). 4. 5. Негізгі түсініктер: экономикалық сана, экономикалық адам, әлеуметтік адам, тұтыну мәдениеті, демонстративті тұтыну, айырбас, пауперизация, статустық топтар
Экономикалық әлеуметтанудың объекітісі және пәні. Барлық қоғам әлеуметтік институттар жүйесінен қалыптасады. Қоғамды тұтас әлеуметтік жүйе ретінде экономикалық, саяси, құқықтық, рухани қарым-қатынастардың күрделі жиынтығынан тұрады. Ол өз кезегінде қоғамды тұтас әлеуметтік жүйе ретінде сақталуын қамтамасыз етеді. Іргелі әлеуметтік институттардың бірі экономика. Экономикалық әлеуметтік институттарға меншік, ақша, айырбас, банктер, түрлі типтердегі шаруашылық бірлестіктері жатады. Экономикалық әлеуметтану кең мағынада әлеуметтік институт ретінде экономиканың дамуының әлеуметтік аспектілерін және оның тұлғаға және әлеуметтік топтардың санасына, тіршілігіне, қызығушылықтарына, мінезқұлықтарына ықпалын зерттейді. Экономикалық әлеуметтанудың ПӘНІ – еңбек, меншік, өндіріс, тарату, айырбас және тұтыну, сонымен қатар экономиканың қызметі барысындағы макроэкономикалық заңдылықтардың өзара әрекеті нәтижесінде пайда болатын, оның дамуының әлеуметтік салдары.
Экономикалық әлеуметтанудың тар мағынада пәні – экономика және қаржы саласындағы адамдардың экономикалық мінез-құлқы және әлеуметтік құбылыстар. Экономикалық әлеуметтанудың ОБЪЕКТІСІ – экономикалық қарым-қатынастар саласындағы әлеуметтік шындық. Ол экономика және қаржы саласында түрлі әлеуметтік рөлдерді атқаратын – тұлға. Экономикалық өмірдің барлық салаларында өзінің әрекетін жүзеге асыратын және экономикалық мінез-құлықтың түрлі формаларын көрсететін - әлеуметтік статустық топтар мен қауымдастықтар.
Экономикалық әлеуметтанудың даму кезеңдері. І кезең – алғашқы: ХҮІІІ ғ. – ХІХ ғ. экономикалық әлеуметтанудың алғышарттары. Өкілдері: А. Смит, Д. Рикардо, Ж. Сисмонди – бастапқы кезеңі; К. Маркс, Г. Шмолер, К. Бюхер, Л. Брентано – екінші кезеңі. Доминантты әдіс – экономикалық. Жетістіктері: экономиканы зерттеуде әлеуметтік ыңғайды дамыту, капиталистік экономиканың әлеуметтік қайшылықтарын ашу (жекелей алғанда пауперизация мен пролетаризация), “экономикалық емес шарттардың” өндірістің дамуына ықпалын анықтау, бірқатар маңызды социологиялық категориялардың пайда болуы: тап, әлеуметтік институттар, статустық артықшылықтар, экономикадағы статустық топтар, экономикалық мінез-құлық.
К. Маркс – экономикалық қатынастардың әлеуметтік қатынастарға әсері және бұл заңдылықтың әмбебап сипатын анықтау; капиталдың криминализациясы үрдісіндегі әлеуметтік және экономикалық мәнінің байланысы; капитализм тұсында мүліктің азғантай меншік иелерінің қолында шоғырлануы және пауперизацияға ұшыраған жұмысшы бұқараның капитал иелері арасындағы шиеленісінің мәнін ашу; Үсетеме құн механизмі және жұмысшыларды эксплуатациялауды талдау. Еңбектері: “Капитал” А. Смит – экономикалық адам – ол нарық субъектісі, нарыққа жұмыс істейтін өндіруші. Экономикалық адамның басты ерекшелігі прогресстің қозғаушы күші экономикалық еркінің болуы. Экономикалық адам - өзімшіл және рационалды. Еңбегі: Халықтардың байлығының табиғаты және себептері туралы зерттеу.
ІІ кезең – экномикалық әлеуметтанудың қалыптасуы (ХІХғ. 90 – шы жылдары – ХХғ. басы). Өкілдері: Э. Дюркгейм, М. Мосс, Ф. Симиан, М. Хальбвакс, М. Вебер, К. Поланьи, Т. Веблен және т. б. М. Вебер - әлеуметтанулық категорияларды енгізді: билік, бедел, бюрократия, статустық топтар. Экономикалық мінез-құлқына құндылықтар жүйесінің ықпалына талдау жасады. Еңбектері: “Протестанттық этика және капитализм рухы” Т. Веблен – экономикалық ғылым адамдардың тіршілік ету үшін материалдық құралдарға қатысты мінез-құлқы туралы ғылым болуы тиіс. Әлеуметтік топтардың тұтыну мәдениеті. Эксплуатация теориясында басты назар тек материалдыққа емес, сонымен бірге этикалық, мәдени факторларға дай байланысты деп есептейді. Басты еңбегі: “Думаншыл тап теориясы”.
ІІІ кезең – экономикалық әлеуметтанудың дамуы (ХХғ. 50 -80 жылдар). Өкілдері: Т. Парсонс, Н. Дж. Смелзер, Д. Стинчкомб, А. Мартинелли және т. б. Т. Парсонс – құрылымдық-функциялық талдау теориясының, “әлеуметтік әрекет” және “әлеуметтік жүйе” тұжырымдамаларының авторы. ІҮ кезең – экономикалық әлеуметтанудың дамуының қазіргі заманғы кезеңі. Өкілдері: В. Сведберг, М. Гранноветтер. Негізгі тұжырым – қоғам қалайша көптеген еңбек түрлерінің арасынан шектеулі өндірістік ресурстары тиімді қолдануға мүмкіндік беретін баламаны таңдайды.
Экономикалық әлеуметтанудың құрамдас элементтері Өндіріс – экономикалық әлеуметтану үшін өндіріс процесі әлеуметтік қайта өндіру процесі. Тек микросоциологиялық қатынастар емес, басқару типінің қайта өндірілуі. Тұтыну – Тарату – шаруашылық Әрекеттің нәтижесін тарату, егерде ол ұлттық кіріс туралы болатын болса, маңызды әлеуметтік мәнге ие. экономикалық әлеуметтануда тұтыну өндіру секілді әлеуметтік қатынастарды қайта өндіру сипатында қарастырылады. Тұтынуды зерттеу әлеуметтік құрылымды талдауға мүмкіндік береді. Айырбас – Бұл түсінік экономикалық қатынастарға қарағанда ауқымы кең. Г. Зиммель барлық қоғамдық өзара әрекетті айырбас түрінде қарайды ұсынады. Айырбас қатынасы адамдардың әрекетінде рационалдылықтың дамуына әкеледі. Себебі адам өзінің кетіретін шығынын бағалай отырып, нәтижесінде алатын табысты алдын ала есептейді.
Практикалық сабақтың тапсырмалары: 1. 2. 3. 4. Экономикалық әлеуметтанудың даму кезеңдері. Экономикалық әлеуметтанудық негізгі элементтері және категорияларына түсінік беру. Экономикалық институттың қызеттері және міндеттері. Ақша әлеуметтік мәселе ретінде (Г. Зиммель бойынша).
Қолданылатын әдебиеттер тізімі: 1. 2. 3. Основы социологии: уч. пособие / Биекенов К. У. , Биекенова С. К. , Кенжакимова Г. А. – Алматы, 2011 г. Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М. М. Тәжин. – Астана, 2004 ж. Социология: учебник / под ред. Н. Г. Скворцова. – Москва, 2010 г.
Экономическая социология.ppt