макро слайд 9 каз.pptx
- Количество слайдов: 14
Тақырып 9. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз 1. Мемлекеттік қарыздар мен оның салдары 2. Мемлекеттік қарыздарды басқару 3. Мемлекеттік қарыздарды басқару әдістері 4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қарызы құрылымы
Бюджет үрдісі тепе-теңдігі - мемлекет шығындары мен табыстарының арақатынасын, яғни теңдігін көрсетеді. Бюджет үрдісі тепе-теңдігінің бұзылуы бюджеттегі табыстар мен шығыстардың арақатынасының өзгерісі.
Бюджет тапшылығы = мемлекеттік шығындар (G) - таза салықтар (T). Таза салықтар = Салық түсімдері – Әлеуметтік төлемдер
Сыртқы мемлекттік қарыздар – шетел кредиторлары алдындағы қалыптасқан міндеттемелер. Ішкі мемлекттік қарыздар – мемлекет ішіндегі кредиторлар алдындағы қалыптасқан міндеттемелер.
Мемлекеттік шығындардың экономикалық салдары: 1. Тұтыну көлемінің қысқаруы; 2. Экономикалық өсудің тежелуі; 3. Қатаң салық саясатының жүргізілуі.
2 сұрақ. Мемлекеттік қарыздарды басқару – қарыз капиталдар нарығындағы конъюнктураны зерттей отырып, мемлекет қызметтерінің жиынтығы. Мемлекеттік қарыздарды басқару әдістеріне бұрын шығарылған, бірақ уақыты өтіп кеткен қарыздарды (займдарды) жабудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстары.
Мемлекеттік қарыздарды басқару әдістеріне: • • • Қайта қаржыландыру (рефинансирование); Конверсия; Консолидация; Унификация; Регрессиялық әдіспен облигацияларды айырбастау; Қарыздарды жабуда қосымша уақыттың берілуі (отсрочка); • Мемлекеттік қарыздардың мүлдем жойылуы (аннулирование).
Мемлекеттік қарыздарды жабу және пайыздар төлемі мемлекеттік қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру арқылы, яғни ескі займдармен есептесу үшін жаңа займдарды шығару арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қарыздарды басқару үрдісінде мемлекет қарыздың алғашқы шарттарын өзгерте алады. Конверсия дегеніміз қарыздар (займдар) табысының шарттарын өзгерту болса, ал мемлекеттік қарыздар консолидациясы дегеніміз қарыздар мерзімін өзгерту болып табылады. .
Регрессивті әдіспен облигация айырбасы – ұлттық ақша бірлігінің дефляциясымен жүргізіліп, қарыздармен (займдармен) есептесу, қайтару уақытсы жеткенде «ақшаның құнды» кезінде жүргізу тиімсіз болады. Унификация – бірнеше қарыздарды (займдарды) біріктіру, яғни бұл әдіс мемлекеттік қарыздарды басқаруды жеңілдетеді.
Мемлекеттік қарыздарды мүлдем жойып жіберу (аннулирование) – мемлекет ішінде саяси тәртіптің өзгерісі және жаңа үкіметтің келуіне байланысты мемлекеттің бұрынғы қарыздарын мойындамауы. Сонымен қатар, мемлекеттік қарыздардан бас тарту мемлекеттің банкротқа ұшырауымен байланысты туындайды.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қарыздар туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қарыздар – үкімет қарыздары жиынтығы, ҚР Ұлттық банкі және жергілікті орындаушы мүшелер қарыздарынан тұрады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызы 3 бөліктен тұрады: • Үкімет қарызы; • Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің мемлекеттік қарызы; • Белгілі уақытқа жергілікті орындаушы мүшелер қарыздары.
Ұлттық Банктің алтын қоры жинақталады және ол ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамассыз етуі үшін қажет. ҚР жиынтық резерві , ҰБ және Ұлттық Қор 2013 ж. 89, 812 млрд. долл. өсті. * * stat. kz
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ! Дәріс соңы
макро слайд 9 каз.pptx