Лекция 7.pptx
- Количество слайдов: 14
* Тақырып 7. Халықаралық банк ісінің негіздері және валютақаржылық қатынастар
*Халықаралық банк ісі — бұл халықаралық экономикалық және құқықтық жүйеде жасалатын банктік операцияларды ұйымдастыру мен басқару тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. *Ол халықаралық банктік операцияларды басқару б. т. Халықаралық операцияларды жүргізетін банктер оның субъектілері болады.
*Халықаралық банк ісінің функциялары: *өндірістік процесті рационалды ұйымдастыру жолымен банк қызметін табыстылықпен қамтамасыз ету, оның ішіне банкті басқару және оның техникатехнологиялық базасының дамуы. *кадрлық потенциалды тиімді қолдану; *халықаралық нарыққа шығу стратегиясын ұйымдастыру; *халықаралық банктік операцияларын басқару стратегиясын жасау және енгізу; *талдамалы ақпаратты жедел дайындауын жоғары деңгейге жеткізу, оның негізінде басқару шешімдері қабылданады.
*Халықаралық банк ісінің негізгі субъектілері болып трансұлттық банктер (ТНБ) табылады трансұлттық банктік капиталдың басты ұйымдастыру формасы. *Трансұлттық банктік капитал — бұл әртүрлі елдердегі несие-есеп айырысу және т. б. операциялар үшін көбірек пайда алу мақсатымен трансұлттық банктермен тартылатын ақшалай капиталдар жиынтығы. *Трансұлттық капитал өз қызметімен ұлттық экономикалардың жақындауына әрекет жасайды.
*Трансұлттық банктік капитал келесі қатынастарды сипаттайды: *трансұлттық банктер тобының арасындағы, олар бәсекелестікті күшейтіп, монополизмға жол бермейді; *трансұлттық банктік капитал мен интернационалдық жалдамалы жұмыс арасындағы; *трансұлттық және ұлттық банктік мекемелер арасындағы; *трансұлттық банктер мен мемлекеттер арасындағы; *трансұлттық банктер мен басқа халықаралық несиелікқаржылық ұйымдар арасындағы (МБРР, МВФ, ЕБРР және т. б. ).
*Трансұлттық банктер – бұл кең таралған ұлттық және шетелдік бөлімшелерінің желісі бар, капиталының салмақты бөлігі ұлттық б. т. әмбебап типті халықаралық несиелік-қаржылық ұйымының бір түрі, оның қызметі қаржылық капиталының халықаралық байланысын және ұлттық экономикаларының өзара әрекеттестігін күшейтуге әсерін тигізеді.
* ТҰБ қызметінің негізгі принциптері: * сыртқы және ішкі нарықтағы банктік саясатты өткізуге көмектесетін дұрыс ұйымдастырушылық құрылым жасау; * ғылыми менеджментті қолдану; * банктің өз ісіне әлеуметтік жауапкершілігі; * ұзақмерзімді жоспарлау, ол акционерлердің банктің келешегіне сенімділігін сақтайды; * өз қызметтерін сапалы орындау, өз клиенттеріне назарын шоғырлау, оларды қажетті қызметпен қамтамасыз ету; * банктік капитал экспансиясының көлемін кеңейту; * банктік топтар қызметкерлерін орталықтандырылмаған басқаруын және өз қызметіне әрбір бөлімшенің, әрбір құрылымдық буынның, әрбір банк жұмысшысының жауапкершілігін бірлестіру; * жұмысты сапалы жоғарлатуды материалды ынталандыру.
*Трансұлттық банктердің негізгі функциялары: *ТҰК, экономиканың барлық қаржылық емес секторларына өз елінде және шетелде қаржылық, консультативтік және ақпараттық қызмет көрсету; *мемлекеттерді несиелеу; *евровалюта нарығына қызмет көрсету; *халықаралық несиелік-қаржылық ұйымдардың қызметін қаржыландыруға қатысу; *ипотекаларды қаржыландыру; *халыққа есеп айырысу қызметін көрсету; *ақпараттық бизнес; *БҚН-ға қызмет көрсету және т. б. .
*Банктің шетелдік өкілдігі — банктік қызметті жүргізбейтін аумақтық бөлек құрылымдық бөлімше. *Өкілдіктің міндеттері: vшетелдік қаржылық орталыққа қатынасу, егер жасалатын операциялар көлемі филиалдар мен еншілестік құрылымдарды құруға жеткіліксіз болса; vөтініштерді бас офиске жіберу арқылы шетелдегі өз клиенттеріне бизнесті жүргізуге көмек беру; vорналасу елі туралы қаржылық-экономикалық ақпаратты жинау.
*Шетелдік бөлімшелер — бұл операциялар «ата-аналық» банктің операцияларын кеңейтудің заңды формасы, бөлек корпорация емес, оның акциялары ата-аналық фирмаға тиесілі.
*Агенттіктер — ол банктік операцияларының кең спектрін жүргізетін халықаралық банк ісінің формасы, бірақ салымдар қабылдауға тиым салынады. * Агенттіктер бөлімдерге рұқсат берілмеген жерде қызмет етеді, яғни халықаралық банктік менеджментінің негізгі мақсаты қаражат тарту болмаған жағдайда (мысалы, несиелеу).
§ § § Шетелдік еншілес банктер — бұл жалпы банктік қызметті жүргізетін және жаңа кәсіпорын ретінде немесе банкті жұтылу жолымен құрылатын халықаралық банктік менеджментінің формасы. Шетелдік еншілес банктің міндеті: халықаралық бәсекелестік позицияларды жақсарту; салықтық міндеттемелерді азайту; шетелдік филиал құруға тиым салынған елдерде тиімді әрекет жасау мүмкіндігі; жергілікті клиенттерге қызмет көрсету және қалыптасқан елде бас офис үшін тыйым салынған операцияларды жүргізу арқылы аналық банктер мүддесінде қызмет ету.
Банктік консорциум - әртүрлі елдердің бірнеше банктері өз ресурстарын халықаралық операцияларды жүргізетін бір банкті құру үшін бірлестіреді. Мұндай форма қатысушы-банктерге қажетті жағдайда өз серіктестерінің қолдауын қолдануға мүмкіндік береді.
Сауда банктері — Лондонда бар және олар халықаралық банктік операцияларды жүргізеді: бағалы қағаздар портфелін басқаруды жүргізеді және корпорацияларға қызмет көрсетеді. Халықаралық банктік қызметтер — АҚШ үшін халықаралық өкілдіктің тиесілі формасы, ол Америкадағы міндетті резервтер құруға қатысты қойылған талаптарды ескермей шетел клиенттерінен мерзімді депозиттерді қабылдай алады.
Лекция 7.pptx