Tema_5.pptx
- Количество слайдов: 17
ТАҚЫРЫП 5. Мемлекеттік басқарудың қағидалары мен әдістері Рахимбаева Д. Ж.
Дәріс жоспары (1 сағат) 1. Мемлекеттік басқару қағидаларының түсінігі және түрлері 2. Мемлекеттік басқару әдістерінің жіктелуі
1. Мемлекеттік басқару қағидаларының түсінігі және түрлері • “Қағида” ұғымы (латынның – бастау, негізгі деген сөзінен шыққан) адам мінез – құлыңының басты идеясын, негізгі ережені білдіреді. Мемлекеттік басқаруда қағида негізгі ұғым болып табылады, себебі ол бүкіл басқарушылық жүйенің негізі.
Мемлекеттік басқару қағидасының негізін қалаушы М. Вебер. - Еңбек бөлінісі - басқару деңгейлерінің иерархиялылығы; - міндеттердің біртектілігін қамтамасыз ететін ережелер мен стандарттардың болуы; - субъективті қателіктердің болуын төмендететін ресми тұлға ролінің тұлғасыздығы; - жұмысқа біліктілік талаптарына қатаң сәйкестікте қабылдау.
Мемлекеттік басқару қағидасы Г. В. Атаманчук - объективтілік, демократизм, құқықтық реттілік, заңдылық, федерализм, биліктің бөлінуі, бұқаралық
Н. М. Добрынин болса мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу және қызмет етуінің үш түрлі қағидаларын бөліп қарастырады: - жалпы жүйелік - демократизм, құқықтық негізділік, мақсаттылық, заңдылық, биліктің бөлінуі, бұқаралық, өзара толықтыру, субсидиарлық, вертикалды иерархиялылық, өкілеттіктердің баланстылығы, гомогенділік, федерализм, мемлекеттік басқару теориясы мен тәжірибесінің бірлігі; - элемент бойынша (құрылымдық) еңбектің мамандануы және бөлінуі, қызметтерді бөлу және бекіту, бірауыздылық, коллегиялылық, ақпараттық қамтамасыз ету, бақылау көлемі, мемлекеттік биліктің таралу қағидасы; - жүйеішілік – мемлекеттік қызмет персоналын басқару, эмоционалды нейтралдылық, біліктің сәйкестігі және т. б
Мемлекеттік басқару қағидаларын анықтауда қазақстандық зерттеушілер мынадай қағидаларды ұсынады: - ажырамастық (біртұтастық) қағидасы; - басқарудың мемлекеттік механизмінің болуы; - өңірлерге көмек көрсетудің іріктеулілік қағидасы; - әлеуметтік тараптарды теңестіру басымдығы; - мультипликативтілік қағидасы; - жүйелік сипаттан туындайтын стратегиялық мүдделерді анықтау қағидасы, яғни мемлекеттік басқарудың бағдарламалы-мақсатты әдістерге бағдарлануын жатқызуға болады.
Мемлекеттік басқару қағидаларының қызметтік рөлін мына ұстанымдар арқылы білуге болды: Қағидалар басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеуге бастапқы нұсқама болып табылады Қағидалар басқарушылық тәжірбиеде ресми бағдарлар ретінде, себебі олар құқықтық актілерде бекітілген Қағидалар мемлекеттік басқарудың құқықтық тіреулерге тұрақтылық береді.
Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жүйеленуі ҚР әлеуметтік - экономикалық және саяси дамудың жалпы заңдылықтарына Мемлекеттік басқарушылық саласынадағы объективтік процесстерге негізделеді.
Мемлекеттік басқару қағидасы Жалпы әлеуміттік құқықтық Ұйымдастырушылық
Жалпы әлеуметтік құқықтық қағидасы: 1. 2. 3. 4. 5. 6. 7. 8. Демократиялық Заңдылық Объективтілік Ғылыми Федерализм Тиімділігі Биліктің бөлінуі Нақтылық
Ұйымдастырушылық қағидасы: 1. 2. 3. 4. 5. 6. Өнеркәсіптік Аумақтық Сызықтық Бағынушылық Басқарушылық Сочетание единоначалия и коллегиальности
2. Мемлекеттік басқару әдістерінің жіктелуі • Мемлекеттік басқару әдістері- бұл мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының (яғни атқарушы билік субъектілерінің) басқару объектісіне (яғни басқарылатындарға — бағынышты органдар, азаматтар және т. б. объектілерге, олардың санасы мен еріктеріне) тікелей және мақсатты түрде практика жүзінде әртүрлі ықпал ету тәсілдері.
Мемлекеттік басқару әдістеріне мына белгілер тән: • 1. мемлекеттік басқару әдістері мемлекеттің еркі бойынша қалыптасады және содан туындайды; • 2. ереже бойынша олар мемлекеттік қызметті атқару кезінде іске асырылады; • 3. мемлекеттік басқару субъектілері мемлекеттің атынан және соның мүддесі үшін пайдаланады; • 4. мемлекеттік — биліктік өктем өкілеттіліктер берілген; • 5. құқықтық және ұйымдық нысандарға ие болады; • 6. жан-жақты бағыттылығы болады (бұл басқару үрдісінің көп түрлілігі мен күрделілігі көрінеді).
құқықтық әдістер универсалды әдістері немесе негізгі Мемлекеттік басқару әдістерінің түрлері: құқықтық емес (ұйымдық) басқару ықпалының мазмұны бойынша
әкімшілік -құқықтық көрсетілу нысаны бойынша әкімшілік — ұйымдық нормативті заңдық қасиеті бойынша Әкімшілік — құқықтық әдістерінің түрлері жеке басқару субъектілерінің мінез-құлықтарына ықпал ету тәсілдері бойынша бұйрықтың нысаны бойынша императивті тапсырушы нақты әрекеттерді жасауға міндеттейтін әдістер нақты әрекеттерді істеуге өкілеттілік беретін әдістер әлеуметтік пайдалы әрекеттерді істеуді қолдайтын қандайда болмасын әрекеттерді істеуге тиым салушы әдістер ұсыныстар
Әкімшілік әдістердің мазмұны: • 1) мемлекеттік басқару сферасында міндетті мінез -құлық ережелерін белгілеу; • 2) нақты тапсырмаларды бекіту; • 3) лауазымға тағайындау; • 4) белгілі бір әрекетті жасауды ұйғару; • 5) белгілі бір әрекеттерді істеуге тиым салу; • 6) белгілі бір әрекеттерді істеуге рұқсат беру; • 7) қоғамдық қатынастарға қатысушылардың заңды мүдделерін қанағаттандыру; • 8) материалдық санкция қолдану; • 9) стандарттаржы белгілеу; • 10) тіркеу; • 11) бақылау мен қадағалау; • 12) материалдық және моралдық мадақтау; • 13) басқару қатынастарына қатысушылардың дауларын шешу; • 14) мемлекеттік тапсырыстарды дайындау; • 15) әкімшілік — мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Tema_5.pptx