Социология культуры.ppt
- Количество слайдов: 9
Тақырып 11: Мәдениет әлеуметтануы Дәрістің жоспары: 1. 2. 3. 4. Мәдениет әлеуметтануының пәні. Мәдениеттің элементтері және оның қызметтері. Мәдениет типтері. Негізгі ұғымдар: мәдениет, материалды және материалды емес немесе рухани мәдениет, мәдениет формалары (элиталық, халықтық, бұқаралық), субмәдениет, контрмәдениет, мәдениеттің таралу әдістері, диффузия, салтдәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, этноцентризм, мәдени релятивизм, аккультурация, инкультурация, ассимиляция
Социологияда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, формалары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет социологияда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, жүріс-тұрыс үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі. Социологияда мәдениет әр түрлі әлеуметтік жағдайларға тап болған адамдардың өзара түсіністіктерін қамтамасыз ететін, заттарды тарату мен сақтауға, меңгеруге, жасауға бағытталған әлеуметтік қатынастарда көрінетін және әлеуметтік табиғатқа ие болуға қиын динамикалық білім ретінде қарастырылады.
Мәдениет әлеуметтануының қызметтері: Ø Ø Ø Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет социологиясы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени динамика заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді. Білім беру қызметі қоғам мүшелері арасында тиісті білім таратуға бағытталған. Оның мақсаты - қазіргі қиын әлеуметтік-мәдени жағдайда олардың бағыт алуына, олар туралы ойлардың бүгінгі мазмұнын ашу мен негіздеуге көмектесу. Тәжірибелік қызметтің мақсаты мәдени өзгерістер мен мәдени саясаттың мақсатты бағытталған ғылыми негізін өңдеп шығару. Бұл мағынада мәдениетті зерттеу аумақтық бөліну мен әлеуметтік топқа бөлінудің қандай да бір жағдайында болатын қоғам мүшелерінің өзінің әлеуметтік-мәдени ортасындағы күрделі және көп өлшемді қоғамдық процестерді игеру, ұғыну және өзгеруін зерттеуді білдіреді.
Мәдениеттің элементтері: - дүниетанымдық, - құндылық, - идеология, - эстетикалық өнімдер - ғылыми білім. Мәдениеттің қызметтері: 1. ағартушылық; 2. аксеологиялық; 3. ынталандырушы; 4. реттеуші 5. үйлестіруші; 6. өзгертуші; 7. сабақтастық. И. И. Квасова мәдениет элементтері ретінде дәстүрді және стильді бөліп көрсетеді. Стиль – жеке адамның немесе тұтас халықтың өмір сүру салты, өзін көрсетудегі, мінез-құлқындағы ерекшелікті білдіреді. Ю. В. Фоменко мәдениеттің мынадай элементтеріне сипаттама береді. Олар: тіл, құндылық, әдет, этикет, әдетғұрып, салт-дәстүр, ритуал, аңыз.
Мәдениеттің құрылымы Мәдени статика - Мәдениет элементтері - Мәдениет кешендері Мәдени динамика - Ашылулар - Жаңа нәрсені ойлап табу
Мәдени статика Түрлері: Материалды (адам қолымен жасалған физикалық объектілер, артефактілер) Материалды емес немесе рухани Мәдниет формалары: • элиталық • халықтық • бұқаралық Түрлері: Субмәдениет және контрмәдениет (Т. Розак). Мәдениеттің кеңістіктік сипаттамасы: Мәдени ареал - түрлі мәдениеттер арасында басты белгілері бойынша ұқсастықтары бар географиялық аудан. Мәдени универсалилер – географиялық орнына, тарихына және әлеуметтік құрылымына тәуелсіз барлық мәдениеттерге тән нормалар, құндылықтар, ережелер (Дж. Мердок б-ша универсалидің 70 типі бар) Мәдениеттің уақытша сипаттамасы: Мәдени мұра, өмір сүру салты
Мәдени динамика Таралу әдістері: • мақсатты бағытталған бір жақтан алынған; • стихиялық ену (диффузия); • тәуелсіз жаңадан ойлап табу. Өзара байланыстың түрлері: • интеграция; • диверсификация; • мәдени шиеленіс; • аномия; • мәдени лаг – мәдениеттің бір аспектісіне қатысты бәсеңдеп өзгеруі. Мәдениетті жеткізудің тетіктері: • селекция; аккумуляция; • түгесілу; • мәдени трансмиссия
Практикалық сабақтың тапсырмалары: 1. 2. 3. 4. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы мәдени құндылықтар мен процестер. Рухани мәдениеттің элементтері. Мәдениет типтері және оның формалары. Жастар субмәдениеті және оның түрлері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі: 1. 2. 3. Социология: Оқулық / Редакциясын басқарған проф. М. М. Тәжин. – Астана, 2004 ж. Основы социологии: уч. пособие / Биекенов К. У. , Биекенова С. К. , Кенжакимова Г. А. – Алматы, 2011 г. Краткий курс социологии в схемах / Ю. В. Фененко – 2005 г.
Социология культуры.ppt