Slayd_11_Mikroek_kaz.pptx
- Количество слайдов: 18
Тақырып 11. Өндіріс факторларының нарығы 1. Еңбек нарығы, оған сұраныс пен ұсыныс. Өндіріс функциясы. 2. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік. 3. Рента және жалақы түрлері. 4. Еңбек нарығын реттеудегі мемлекет стратегиясы. 5. Жалақы түрлері.
Жиынтық ұсыныс (экономикадығы жалпы өндіріс көлемі) қолдағы бар ресурстардың көлемі мен сапасымен анықталады. Негізгі экономикалық ресурстарға еңбек (еңбекке жұмсалатын уақыт мөлшерімен) және капитал (еңбек үрдісіндегі қолданылатын өндіріс құралдарымен) жатады.
Экономикадығы максималды түрде өндірілетін өндіріс көлемі қолдағы бар өндіріс факторлары қорларын пайдалану негізіндегі технологиялар арқылы (потенциалды және табиғи өндіріс көлемі) өндірістік функция арқылы беріледі: Y = F (K, L, М) немесе Y = AF (K, L) мұндағы, Y - өндіріс көлемі, К - капитал қоры, L - еңбек қоры, М немесе A - қолдағы бар технология.
Өндірістік функцияға келесі белгілер тән: 1. Өндіріс көлемі нөльге тең, егер өндіріс факторларының біреуі қолданылмаса; 2. Өндіріс көлемі өседі, егер өндіріс факторларының біреуі көбейсе; 3. Факторлардың біреуінің көбеюі және екіншісінің тұрақты болуы, 1 -ші фактордың өндіріс қайтарымдылығын төмендетеді, яғни факторлардың шекті өнімділігі заңына сәйкес төмендейді. 4. Факторлардың 1 -уінің өсуі 2 -ші фактордың өндіріс қайтарымдылығын көтереді.
Еңбек нарығында еңбекке деген сұраныс фирмадан туындайды. Фирманың пайдасын максималдауда шекті табыс шекті шығынға тең. МR = МС Фирманың шекті табысы қосымша жұмысшыны (L) (шекті) жалдау арқылы өнім көлемін сатуда қол жеткізеді, яғни ол жұмысшының өндірген тауарының бағасын (Р) шекті өнімге (МР) көбейту арқылы болса, ал шекті шығындар – жұмысшының номиналды (ақшалай) жалақысы болады. Сонымен, фирманың пайдасы максималды болады, егер Р х MPL= W.
Фирмалар жұмысшыны жалдау арқылы еңбекке сұранысты туындатады, яғни жұмысшылар жұмыс үрдісіне қатыса отырып, яғни ол өнім өндіруді жандандыру үшін жасалады. Сондықтан фирмалардың еңбекке деген сұранысы ебектің шекті өнімімен немесе шекті еңбек өнімділігімен анықталады Еңбекке сұраныс еңбектің шекті өнімі функциясымен анықталады: LD = LD(MPL)
Классикалық модельдегі еңбекке ұсыныс жалақының нақты мөлшерлемесі функциясы: LS = LS (W/P), нақты жалақы ұсынысқа тура әсер етуші шама байланысынан туындайды.
Номиналды жалақының өзгерісі ұсыныс қисығын өзгертеді (ном. жалақы өскенде оңға және төмендегенде солға қарай жылжиды. ) Еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбекке сұраныс LD пен ұсыныс қисықтарының LS қиылысу нүктесінде қалыптасады (2 сурет). Қиылысу нүктесі нақты жалақының (W/P)Le және жұмыспен қамтылған жұмысшалар деңгейіне сәйкес болады (L)e. .
Еңбек нарығындағы тепе-теңдік
Минималды жалақы - квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негізделген жалақының төменгі мөлшері. Статья 122. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі негізінде төменгі деңгейдегі жалақыны белгілеу жүргізіледі.
1 кесте. Қазақстан Республикасының 2000 -2012 жж. минималды жалақы мөлшерінің динамикасы. Уақыты 01. 2011 01. 2010 01. 2003 01. 2009 Минималды жалақы мөлшері 15 999 14 952 5 000 13 470 01. 2012 17 439 01. 02013 18 660
Минималды тұтыну қоржыны негізінде минималды күн-көріс деңгейі белгіленеді. 18 041 теңге – МТҚоржыны 43 өнімнен тұрады. Қазахстан Республикасы ның заңы 16 қараша 1999 ж. 474 – 1 сәйкес минималды күнкөріс деңгейі белгіленеді.
Рента түрлері Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.
Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем
Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.
Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды.
График 2. Жер рентасына R S Re
Жалақы түрлері Атаулы еңбек ақы ақшаға шығарып берілетін еңбекақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақшасы. Нақты еңбек ақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты еңбек ақы номиналды еңбек ақы мөлшерінен, алынатын салық шамасынан, тұтыну тауарлардың бағасынан тәуелді.
Slayd_11_Mikroek_kaz.pptx