лекция 1 ТГУ.pptx.pptx
- Количество слайдов: 20
ТАҚЫРЫП 1. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ Дәріс жоспары (1 сағат) 1. Басқару ғылымының анықтамасы, пәні, объектісі мен әдістері 2. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері 3. Жалпы мемлекеттік басқарудың және экономиканы мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Сұрақ 1. Басқару ғылымының анықтамасы, пәні, объектісі мен әдістері Басқару — ақпараттық байланыстар және қатынастар негізінде тиімді әрекет етуші жүйені қалыптастыру мақсатында басқару субъектісінің басқару объектісіне мақсатты, ұйымдасқан және реттеуші ықпалы объекті лері түрлі құбылыстар мен процестер: адам, ұжым, әлеуметтік қоғам, тетіктер, технологиялық процестер, аппараттар Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Мемлекеттік басқару ғылымы - мемлекеттік басқару дың жалпы құбылыстары мен заңдылықтары туралы тұтастай білім жүйесі "Мемлекеттік басқару теориясы" ғылымы келесідей сұрақтарға жауап береді: • Мемлекетті басқару қалай жүзеге асырылады; • Мемлекетті кім және қандай негізде басқарады; • Жоғарғы билік органдарымен қабылданған басқару шешімдері қалай жүзеге асырылады; • Мемлекет, қоғам және жеке тұлға арасындағы өзара байланыстың қалай жүзеге асырылуы; • Жергілікті өзін-өзі басқарудың қалай жүзеге асырылуы. Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
“Мемлекеттік басқару” түсінігіне қатысты кең және тар анықтамалар (ресейлік авторлар): Кең анықтамалар: Тар анықтамалар: бірқатар авторлар: Г. Л. Купряшин: билік күшіне сүйенетін жалпы қоғам мен оның адамдардың қоғамдық ісжекелеген бөліктерінде әрекетін реттеу, сақтау мемлекеттің ұйымдастырунемесе өзгерту мақсатындағы мемлекеттің реттеуші және лауазымдық тәжірибелік ұйымдастырушы қызметтерін орындау және реттеуші ықпалы, мақсатында оның заң екіншілері қоғамдық және өз шығару, атқару, сот және ісін басқару бойынша мемлекеттік аппараттың ісөзге де биліктік әрекеті өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша іс-әрекеті Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
“Мемлекеттік басқару” түсінігіне қатысты кең және тар анықтамалар (шетелдік және отандық авторлар): В. Вильсон мен Ф. Гуднау: әрекет ету үстіндегі үкімет; ол – атқарушы билік, мемлекеттің неғұрлым әрекет етуші тарабы; Г. А. Саймон, Д. У. Смитбург, В. А. Томпсон: жалпыұлттық деңгейде, штаттар деңгейінде, округтер мен қалалар деңгейіндегі атқарушы билік буындарының іс-әрекеті; Конгресс және штаттардың заң шығару органдарымен құрылатын тәуелсіз басқармалар мен комиссиялардың іс-әрекеті; мемлекеттік корпорациялар мен кейбір өзге ведомстволардың іс-әрекеті Есимова Ш. А. : қоғамдық үдерістер мен қатынастарға мемлекеттікбасқарушылық ықпал ету әдістерінің, қағидалары, әрекет ету және ойлау тәсілдерінің өзгеруін білдіретін мемлекеттің институттарын басқару; Айтбай К. О. : қоғам мен оның жекелеген бөліктерінде мемлекеттің ұйымдастыру-реттеуші және лауазымдық қызметтерін орындау мақсатында оның биліктік өкілеттіктерін жүзеге асыру бойынша іс-әрекеті Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
мемлекеттік басқарудың объектісі жалпы қоғам немесе оның жекелеген топтары, қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени және өзге ұйымдар, мемлекеттік басқару органдары, олардың іс-әрекеті Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Мемлекеттік басқару ғылымының пәні болып мемлекет аппаратын құрайтын органдар құрылымы және олардың ісәрекеті “Мемлекеттік басқару теориясы « ғылымының пәні келесідей маңызды зерттеу салаларын қамтиды: • Мемлекет бұқаралыққұқықтық институт ретінде; • Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі; • Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін ұйымдастыру; • Мемлекеттік қызмет; • әкімішілікреформа; • Өзге мәселелер. Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Мемлекеттік басқару әдістері – бұл мемлекеттік басқару органдары немесе лауазымды тұлғалардың басқарылатын объектілерге ықпал ету тәсілдері мен құралдары Басқарушылық процесс ретінде: • Императивтік әдіс – ол билік және бағынудың болуы; • Диспозитивтік әдіс – ол қоғамдық қатынастар қатысушыларының өз қалауы бойынша әрекет етуіне мүмкіндік береді (сирек кездеседі). Ғылыми зерттеу барысында: жалпығылыми; Жеке әдістер: • Байқау ; • салыстыру; • талдаужәне синтез; • эксперимент — қалаулы жағдайды модельдеу; • Анкеталау. Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Бұл басқарушы тараптың басқарылатын тараптарға тікелей ықпал етуі: әкімшілік Ықпал ету сипаты бойынша мемлекеттік басқару әдістері жіктеледі: экономикалық - көрініс табу сипаты бойынша (әкімшілікқұқықтық; әкімшілік-ұйымдастыру); - құқықты қасиеттері бойынша (нормативтік; жеке); - ықпал ету тәсілі бойынша (міндеттеуші, ынталандырушы) Бұл жанама ықпал ету: пайданы бөлу, материалдық ынталандыру, мүліктік жеңілдіктер және несие, салық салу және т. б. Әлеуметтік. Психологиялық ықпал ету: психологиялық социологиялық (әлеуметтік процестерді басқару әдістері); психологиялық (жұмыскерлерді психологиялық сипаттамалары бойынша іріктеу әдістері) Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Сұрақ 2. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері Мемлекеттік басқару теориясының даму кезеңдері: ХІХ ғасырдың 80 -ші ж. – 1920 ж. – 1950 ж. – бүгінгі күнге дейін Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Мемлекеттік басқару теориясының негізін қалаушылар: • В. Вильсон 1887 ж. «Мемлекеттік басқару ғылымы» еңбегінде мемлекеттік басқаруда бизнесті ұйымдастыру және басқару әдістерін пайдалануды ұсынатын «әкімшілік тиімділік» моделі өңделді. В. Вильсон, • Дж. Гуднаудың пікірінше саясаткерлер және Ф. Гуднау, әкімшіліктер арасындағы функциялар нақты бөлінуі тиіс, саясаткерлер әкімшіліктердің іс М. Вебер әрекетін бақыласа, ал соңғылары саясаткерлердің шешіміне бағынады. • М. Вебердің 1921 ж. мемлекеттік басқарудағы бюрократияның орны мен роліне арналған «Шаруашылық және қоғам» атты классикалық еңбегігде бюрократия мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеуге қабілетті ұлттық мемлекеттің қалыптасу кезеңінде туындаған тарихи құбылыс ретінде қарастырылды Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Мемлекеттік басқару теориясын зерттеудің ғылыми мектептері: - американдық; - британдық; - немістік; - француздық. Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Американдық мектептің ерекшеліктерін зерттеу және жалпылау американдық мемлекеттік басқару мектебіне тән бірқатар маңызды белгілерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді • мемлекеттік басқару саласын ғылыми пән ретінде қарастыру (Л. Уайт); • мемлекеттік басқару теориясының дамуына тек теоретиктердің ғана емес, сонымен қатар тәжірибе қызметкерлерінің де қатысуы (В. Вильсон); • мемлекеттік басқару процесінде орын алатын психологиялық және мотивациялық факторларды зерттеу (А. Маслоу); • ресурстарды минималды жұмсау барысында тиімділікті арттыруға негізделетін прагматикалық тәсілдеме (Ф. Тейлор); • жергілікті өзін-өзі басқарудың оңтайлы формаларын іздеу және орталықсыздандыру теориясын дамыту (Г. Кауфман); • мемлекеттік және жеке менеджменттің үйлесімділігі (Г. Эллисон). Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Британдық мемлекеттік басқару мектебі басқару ғылымының теориялық негіздерін айтарлықтай байытты. Британдық мектептің ерекшеліктерін зерттеу және жалпылау британдық мемлекеттік басқару мектебіне тән бірқатар маңызды белгілерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді • • институционалды тәсілдеме (И. Берлин); билік пен қоғамның, үстемдік ету және бағыныштылық мәселелеріне айрықша назар аударуға негізделетін социологиялық тәсілдеме (Э. Берч); мемлекеттік басқару шеңберінде биліктің легитимділігі мен беделдігі мәселелерін зерттеу (Р. Роуз); қоғамдық пікір алдында мемлекеттік басқарудың және парламент алдында үкіметтің жауаптылығы (Э. Берч); мемлекеттік басқаруды адамдардың оңтайлы іс-әрекетінің саласы ретінде қарастырудан тұратын экономикалық тәсілдеме; «ұтыс – ұтылыс» дихотомиясы (Б. Барри); азаматтық және нысаналы мемлекеттік басқару тұжырымдамалары (М. Оукшотт); танудың перманенттік процестері ретінде басқарушылық іс-әрекетті қарастыру (П. Чекланд); мемлекеттік басқаруды қоршаған ортаның өзгерістеріне әрекет етуге қабілетті теңдестіруші жүйе ретінде қарастырудан тұратын кибернетикалық тәсілдеме (С. Биэр) Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Мемлекеттік басқарудың неміс мектебі іргелі философиялық тұжырымдамаларды алға шығару арқылы мемлекеттік басқару теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосты. • мемлекеттік басқаруды еркіндікті жүзеге асыру саласы ретінде қарастыру (Э. Форстхофф); • мемлекеттік басқару теориясының басты мәселесі – адамзат табиғаты (Х. Кун); • мемлекеттік аппарат тәртіп пен ережелерді тұрақтандыру жолымен қалыптасты, мұнда нейтралды әкімшілік аппаратты саяси күштерден бөліп қарастыру қажеттілігін атап өту керек (А. Гелен); • идеалды мемлекеттік басқару сипатталады: қатаң бюрократиялық қағидалар, мемлекеттік қызметшілердің ақсүйектігі мен элитарлығы, сонымен қатар билікті демократиялық легитимдеу (М. Вебер); • мемлекеттік басқару, ең алдымен, экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған, халықтың барлық топтары жалпы игілікке бағынады және әрекет етуші әлеуметтік құрылғыны қолдайды (Л. Эрхард); • шынайылықты жеңілдетудің көмегімен басқарушылық құрылымдардың нақты функцияларын тұрақты талдау ұсынысына негізделетін құрылымдық-функционалды тәсілдеме (Н. Луман). Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Француздық мемлекеттік басқару мектебі институционалды бағыттың ықпалына алынды. Француздық мектептің ерекшеліктерін зерттеу және жалпылау француздық мемлекеттік басқару мектебіне тән бірқатар маңызды белгілерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді • мемлекет билік жүзеге асырылатын институт ретінде қарастырылады (М. Дюверже); • мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен орталықсыздандырудың дамуы арасында байланысты іздеу, оппозицияға мемлекеттік институттардың құл сұқпаушылық шартында белгілі құқықтар беру (П. Авриль); • аутсорсинг – мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жекелеген спецификалық функциялар парламенттің «үшінші палатасындағы» неғұрлым білікті органдарға берілуі мүмкін (М. Понятковский); • басқаруды ұйымдастырудың ғылыми мектептерін өңдеу және енгізу (А. Файоль) Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Сұрақ 3. Жалпы мемлекеттік басқарудың және экономиканы мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері 1 -ші кезең мемлекеттің Өз дамуында экономикаға араласуынан максималды капитализмнің еркіндікке деген ұмтылысты экономикалық сипаттады. жүйесі бірінен айрықшаланатын Яғни, мемлекеттің «түнгі күзетші» немесе «минималды мемлекет» 2 кезеңнен өтті: сияқты сипаттамалары. Аталмыш кезең шамамен XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жалғасты. Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастары дамуының 2 -ші кезеңі XIX ғасырдың соңы және XX ғасырдың басында басталды Бұл кезеңде А. Смиттің • Нарықтың сәтсіздіктері (market failures) «көрінбейтін қолының» тұжырымдамасы өңделіп, мемлекеттің іс жүзінде әрекет араласуы (оның ішінде қомақты мемлекеттік етпей, еркін нарықтың қаражаттарды бөлумен) нарықтың жағымсыз өзін-өзі реттеуші немесе өзін-өзі салдарларын жою мен түзетудің, қоғамда түзетуші жүйе тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті болмайтыны құралы ретінде қарастырылады. анықталды • «Нарық сәтсіздіктерінің» неғұрлым кеңінен таралған және аса маңызды белгісіне, жоғарыда айтып кеткендей, кезеңмен қайталанатын жұмыссыздықтың жоғары деңгейін жатқызуға болады. Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
• • Мұнда, тек мемлекеттік араласуды қолдаған Дж. Кейнс нарықтық капиталистік шаруашылықта толық жұмысбастылықты қамтамасыз ететін ешбір механизм жоқ, жұмыссыздық пен инфляция мәселесі сыртқы себептерден емес, өзін-өзі реттей алмайтын экономикалық жүйенің өзінен туындайды деген. Оның ойынша: экономиканы мемлекеттік реттеу және жұмыссыздықтың алдын алу бюджетсалық саясаты арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Жиынтық сұранысты арттырып, жұмыссыздықты төмендету үшін мемлекеттік шығындарды арттыру немесе салықтарды төмендетуді қамтитын ынталандырушы фискалдық саясат қолданылуы тиіс. Салықтардың төмендетілуі, өз кезегінде, кәсіпкерлерді инвестициялар мен өндірісті дамытуға ынталандырады. • • • 2 энергетикалық дағдарыстардың салдарынан 70 -ші жылдардың екінші жартысында дамыған елдердің экономикасында стагфляция орын алып, инфляция бірінші кезектегі мәселеге айналды. Мемлекеттік бюджет арқылы қаражаттарды қайта бөлу ауқымының шамадан тыс артуы кең ауқымды жағымсыз салдарларға әкелді. Инфляциямен қатар ұдайы өндіріс шарттары нашарлай түсті, мемлекеттік аппараттың көлемі артып, бюрократия өрши түсті. Әл-ауқат мемлекетінің маңызды элементі жоғары деңгейдегі бюрократия еді. Бұл, өз кезегінде, әлеуметтік мәселелермен айналысатын мекемелерде қызмет етуші тұлғалар санының айтарлықтай артуынан да көрініс тапты. Қысқасы, жалпы әл-ауқат мемлекеті мен жекелей алғанда кейнстік теория өзінің кемшіліктерін көрсете бастады. Ғылыми әдебиетте ондай мәселелер «мемлекеттің сәтсіздіктері» немесе «мемлекеттік басқарудың дағдарысы» деп аталады.
Қоғамдық ресурстарды басқарудың төменгі деңгейі Мемлекеттік шығындардың артуы, бюджет тапшылығы Бюрократизмнің артуы Мемлекеттік басқаруға халық сенімінің күрт төмендеуі Жемқорлық Мемлекеттік басқарудағы дағдарыстың туындау себептері Мемлекеттік басқару жүйесі Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың басты бағыттары Мемлекеттік сектор кәсіпорындарын жекешелендіру Қоғамдық қаражат тардың құндылығын арттыру Мемлекеттік басқаруда қаржылық менеджментті дамыту Меморгандардың мемлекеттік қаражаттарды үнемдеуі Бюрократиялық иерархиялықты жою Мемлекеттік басқаруды орталықсызда ндыру Мемлекеттік шығындарды қысқарту Мемлекеттік бағдарламалар санын қысқарту Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларды олардың сапасын бағалауға тарту Қоғамдық және өзге секторлар арасында әріптестіктің дамуы Мемлекеттік басқару органдарының ісәрекетін бағалау Мембасқару жүйесіне бәсекелестік қағидасын, келісім-шарттық жүйе, тендер, маркетингті енгізу арқылы мемқызметтер сапасын арттыру Тиімділік, нәтижелілік, өнімділік критерийле рі Мемлекеттік басқару жүйесіне нарықтық бағдарланған механизмдердің енгізілуі Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары Экономикалық теория және МЖБ кафедрасы
лекция 1 ТГУ.pptx.pptx