Такырып 1.pptx
- Количество слайдов: 28
Тақырып 1. Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны 1. «Корпоративтік қаржы» түсінігі мен мазмұны 2. Корпорациялар қаржысының атқаратын қызметтері 3. Корпорациялар қаржысының негізгі принциптері 4. Корпоративтік құрылымды ұйымдастыру нысандары 1
1. «Корпоративтік қаржы» түсінігі мен мазмұны l Корпорациялар қаржысы – бұл корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары. l Корпоративтік қаржы – бұл корпорацияның экономикалық қызмет ету процесіндегі оның ақшалай қатынастардың жиынтығы. 2
l «Корпоративтік қаржы» пәні бұл корпорациялардың, яғни шаруашылық субъектінің қаржылық ерекшеліктерін зерттейді. l Мұнда корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық жоспар мен болжамдар құру, экономиканың тұрақсыздығында корпорацияның қызмет ететін түрлі салаларда дұрыс қаржылық шешімдер қабылдау жағдайы сияқты мәселелер қарастырылады. 3
l Корпорацияның қаржылық қатынастарын экономикалық мазмұнына қарай келесі бағыттарда топтастыруға болады: l 1. корпорацияны құру сәтінде жарғылық капиталды құрумен байланысты құрылтайшылар арасында пайда болатын қатынастар; 4
l 2. өнімді (тауарды, жұмысты және қызметті) өндірумен байланысты корпорация мен ұйымдар арасындағы қатынастар; l 3. корпорация мен оның бөлімшелері арасындағы қатынастар; l 4. табыстарды бөлу және пайдалану, акциялар мен облигацияларды шығару және орналастыру, сыйақылар мен дивидендтерді төлеу және т. с. с. барысында корпорация мен қызметкерлер арасындағы қатынастар; 5
l 5. корпорация мен жоғарғы ұйымдар, корпорацияның мүшелік ететін одақтар мен ассоцияциялар арасындағы қатынастар; l 6. корпорация мен мемлекеттің қаржы жүйесі арасындағы қатынастар; 6
l 7. корпорация мен банк жүйесінің арасындағы қатынастар; l 8. корпорация мен сақтандыру компанияларының арасындағы қатынастар; l 9. корпорация мен инвестициялық институттар арасындағы қатынастар. 7
2. Корпорациялар қаржысының атқаратын қызметтері l Корпорациялар қаржысы келесідей қызметтерді орындайды: l - бөлу; l - бақылау; l - қамсыздандыру. 8
l Бөлу функциясы арқылы: l бастапқы капитал қалыптасады, ол құрылтайшылардың салымдары мен ЖІӨ бөлінуі арқылы құрылады; l кірістер мен қаржылық ресурстарды бөлу процесінде негізгі құндық пропорциялар анықталады; l тауар өндірушілердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың және жалпы мемлекет мүдделерінің оптималды қатынасы қамтамасыз етіледі. 9
l Бөлу функциясы арқылы корпорацияға түскен кірістері бөлініп, ақшалай қорлар қалыптасады. l Оларға: жарғылық капитал (қор), қосымша капитал, жинақтау қоры, қорлану қоры, валюталық қор және т. б. жатады 10
Бөлгіштік қатынастар жалпы қоғамның, ШЖС, олардың жұмысшыларының, акционерлердің, кредиттік және сақтандыру институттарының мүдделеріне қатысты б. т. Сондықтан оның бастапқы міндеті – оны оптималды ұйымдастыру. Бұл міндетті бақылау функциясы қамтамасыз етеді. 11
l Бақылау функциясының объективті негізі болып өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындардың құндық есебі, корпорацияның ақшалай кірістері мен қорларын құру және оны пайдалану табылады. 12
l Бақылау функциясын іске асыру кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері, бөлгіштік қатынастардың тиімділігін жоғарлату үшін қажетті шараларды бағалау мен жасау арқылы жүргізіледі. 13
l ШЖС қызметіне қаржылық бақылау келесідей жүргізіледі: l - ШЖС өзімен қаржылық көрсеткіштерді көпжақты талдау мен қаржылық жоспарлардың орындалуының жедел бақылау арқылы; l - бақылау пакетінің акционерлері мен иеленушілерінің ақшалай қаражаттардың салынуына, пайданы алуды және дивидендтерді төлеуді бақылау арқылы; l - салық органдары, бюджетке салықтар мен міндетті төлемдерді уақытылы және толық төленуін қадағалайды; l - ҚР Қаржы министрлігінің бақылау ревизиялық қызметі (контрольно-ревизионная служба); l - коммерциялық банктер қарызды беру мен қайтару және басқа да банктік қызметті жүргізу кезінде; l - тәуелсіз аудиторлық фирмалар аудиторлық тексеріс жүргізу кезінде. 14
l Қамсыздандыру функциясы. Біріншіден кәсіпорын қажетті ақшалай қаражаттарымен қамтамасыз етілуі керек. Ал олардың мөлшері мен қалыптасу көздерін оңтайландыру жоғары қаржылық нәтижені алу жолдарының бірі б. т. l Қолданылатын ақшалай қаражаттардың көздерін анықтау стратегиясын таңдау және соның негізінде капитал құрылымын қалыптастыру - қаржылық органдар қызметтерінің маңызды бағыты б. т. 15
3. Корпорациялар қаржысының негізгі принциптері l Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принциптері оның кызметінің мақсаттары және міндеттерімен тығыз байланысты. l Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принициптеріне төмендегілерді жатқызуға болады: 1. шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу; 2. коммерциялық-шаруашылық есеп (өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру); 3. жоспарлылық; 4. меншіктің барлық нысандарының теңдігі; 5. қаржы резервтерінің болуы. 16
l 1. Өзін-өзі реттеу принципінде кәсіпорынға (корпорацияға) колда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалык даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі. l Кәсіпорын өзін-өзі өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірісті өзінің меншікті көзі есебінен қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді. Іс жүзінде осы принципті іске асыру үшін барлық кәсіпорындар пайдалы жұмыс істеуі және залалды жабуы тиіс. 17
l 2. Өзін-өзі өтеу принципі корпорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді. Осы каражат корпорацияға тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс. l Өзін-өзі өтеумен салыстыра отырып өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше, кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін каржы ресурсын, сондай-ақ бюджет жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алады. 18
l 3. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне жетудің дәйекітілігі мен мезгілдігіне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. l 4. Меншіктің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы меншіктің түрлі нысандары — мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. 19
l 5. Қаржы резервтерінің болуы нарық жағдайындағы ықтимал ауытқитын, сонымен бірге өз міндеттемелерін орындамау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан жағдайда кәсіпорынның (корпорацияның) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін кажет. Акционерлік қоғамда қаржы резерві кәсіпорынның жарғысына сәйкес таза пайдадан калыптастырылады. 20
4. Корпоративтік құрылымды ұйымдастыру нысандары l Бизнесті ұйымдастырудың басқа нысандарымен салыстырғанда корпорацияның өзінің меншік иелерінен дербес тіршілік ететіні оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Корпоративтік шаруашылық жүргізуі келесі экономикалық нысанда үйымдастырылуы мүмкін: 1. деңгейлес корпорациялау; 2. сатылас корпорациялау; 3. әртараптандырылған корпорациялау. 21
l 1. Деңгейлес корпорациялау бір тектес өнім нарығында өндіріс аукымын кеңейту негізінде калыптастырылады. Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал зиянды жоя отырып, саладағы бәсекелік жайғасымдарды ұзақ мерзімді келешекке нығайту үшін күреске ынталандырады. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңдестірілмейді, біртектес өнім нарығындағы ұзақ мерзімді артықшылық ретінде карастырылады. Олардың арасынан бүйым сапасы мен сол бұйым сатылатын бағаны; инновациялық әлеуметті. өндірістік жэне бүйымды өткізу қуатының жеткіліктілігін; сату мөлшерінің сақталуын немесе оның ұлғаюын қамтамасыз ететін үзақ мерзімді кызмет стратегиясының болуын ерекше атап өту кажет. 22
l 2. Сатылас корпорациялау шикізат өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап, оны сатуға дейінгі өндірісті біріктіру негізінде құрылады. Ол өндірістердің технологиялық өзара тәуелділігі мен процестердің уақыт пен кеңістікте үйлесетін жүйелілік принципіне сүйенеді. Сатылас корпорациялаудың тиімділігі капиталды шоғырландыруға және ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жетіскен үздіксіз өндірісте (химия, металлургия, мұнай жэне газ өнеркэсібі және т. б. ) артады. Сатылас корпорациялау табылдырығына жеткенде технологиялык жэне кооперациялық байланысты одан әрі кеңейтуден алынатын пайда нормасы төмендейді деп саналады. 23
l 3. Әртараптандырылған корпорациялау түрлі өндірістерді біріктіру есебінен калыптастырылады. Корпорациялаудың осы нысанында кәсіпкерлік кызметтің тәуекелі, сонымен бірге «біртектес өнім» нарығының жағдайынан тэуелділік төмендетіледі, бұдан да кең экономикалык негіз қамтамасыз етіледі, жаңа қызмет аясында бәсекелік артықшылыққа, сондай-ақ сыйымды нарыкка жеткізіледі, үзақ мерзімді келешекте жоғары пайда алынады. Әртараптандырылған корпорациялаудың даму табалдырығына жеткенде қызмет шеңберін кенейтуден алынатын пайда нормасы төмендейді деп саналады. Пайда алу мүмкіндігін айтарлықтау кемітпеу және акционерлердің әлаукатына әсер етпеу үшін жаңа өндіріс құруға жұмсалатын шығын жоғары болмауы тиіс. 24
l Корпоративтік топтың өндірістік, технологиялык, каржы қызметінің ауқымы мен оларды біріктіру есебінен дамуы мына артыкшылықтарды қамтамасыз етеді: Ø корпорацияның тіршілік ету кезеңі шектелмейді (акциялар баска түлғаларға берілуі мүмкін, ал кәсіпорын мәңгі жұмыс істеуі мүмкін); Ø шектеулі жауапкершілік (корпорация меншік иелеріне шектеусіз жауапкершілік жүктемей-ақ өз атынан ақша нысанындағы капиталды тартуға құқылы. Демек, корпорацияға койылған талапты қанағаттандыру үшін акционерлердің жеке мүлкін тәркілеуге болмайды); Ø трансакциялық шығынды үнемдеу; 25
Ø топтың жекелеген катысушыларының беделін біріктіру қосымша активті үлестіру есебінен алынатын энергия (үлкен тиімділік); Ø топқа катысушылардың арасындағы мүліктік катынастардың есебінен уәждемесінің күшеюімен байланысты инновациялық артыкшылықтар; Ø пайданың көп үлесін қайта инвестициялаумен, акцияның бағамдық құнының өсу уэждемесімен, сондай-ақ қомақты карыз капиталын (кредит пен облигациялық карыз) тарту мүмкіндігімен байланысты инвестициялық артықшылык; Ø топқа қатысушылардың арасындағы ақпаратпен карқынды алмасуды камтамасыз ететін, сонымен бірге өндірісте инновацияның бейімделуіне қолайлы жағдай жасайтын, инвестициялык шешімдердің сенімділігін арттыратын акпараттык артыкшылық; Ø білікті кәсіпкерлердің ықпал ету саласын кеңейту; Ø бір іскерлік топка катысушылардың бірін-бірі іс жүзінде өзара сақтандыру және т. б. 26
l Холдинг (иеленуші) компания - басқа компаниялардың қызметін бакылау жэне баскару максатында, олардың бақылау акцияларын иелену үшін құрылатын қаржы компаниясының (АҚШ, Канада, Жапония) ерекше түрі. l Холдинг компаниясының мынадай екі түрі болады: 1. тек бакылау-басқарушылык және қаржы функцияларын орындайтын таза холдинг; 2. көрсетілген функциялармен коса белгіленген кәсіпкерлік өндірістік-сауда, кредит қаржылық жэне т. б. кызметпен айналысатын аралас холдинг. l Трансұлттық компанияларға (ТҰК) - шет елде операци-яларды жүзеге асыратын ірі компаниялар жатады. ТҰК-ның бас холдингі экономикалық және маркетингтік стратегия әзірлейді, барлық филиалдардың қаржы саясатын үйлестіреді, ірі ауқымды ғылыми-зерттеу жэне тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізеді. 27
l Өнеркәсібі дамыған елдерде (АҚШ, Канада, ЕЭҚ, Жапония) корпорациялар төмендегі себептермен трансұлттыкқа айналады: 1. тауарды өткізетін жаңа нарык іздестіру және игеру; 2. шикізат пен энергия ресурсының көздерін іздестіру, жаңа технология іздестіру; 3. экономикалық және саяси тэуекелдерді әртараптандыру, бүған бүкіл әлемде өндірісті және тауар өткізу желісін ұйымдастыру арқылы қол жеткізіледі; 4. саяси кедергілерді және бақылау шараларын айналып өту (автокөлік, электроника және т. б. импортының квотасын айналып өту); 5. өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру (өндірістің шығынын шикізат, материал, еңбек ақы төлеу және т. б. шығынынан төмен елдерге өндірісті көшіру). 28
Такырып 1.pptx