Презентация- 2003.ppt
- Количество слайдов: 14
Тақырып: “Қазақстан территориясында ислам дінінің таралуы”
ЖОСПАРЫ: 1. Қазақстан территориясында ислам дінінің таралу кезеңдері 2. Ислам діні қазақ халқының өзіндік мәдениетінің қалыптасуындағы рухани негіз ретінде 3. Тәуелсіз Қазақстандағы Ислам дінінің ролі мен маңызы
Таралу кезеңдері: 1. Көне түркілер кезеңіндегі исламның қалыптасуы – VII-XIII ғғ. 2. Монғол шапқыншылығы тұсындағы ислам –XII-XIV ғғ. 3. Қазақ мемлекеттілігі тұсындағы ислам –XV ғ. – XX ғ. басы. 4. Кеңестік кезеңдегі ислам –ХХ ғ. 5. Тәуелсіз Қазақстандағы Ислам
o. VII-VIII ғғ. - Орталық Азия мен o Қазақстанға исламның енуіне /670 ж/ байланысты миссионерлік қозғалыстың жандануы o. VIIIғ. ортасы - 751 ж. Тараз қаласының маңындағы жеңістен кейінгі Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етілуіне байланысты Исламның түбегейлі орнығуы o. Х ғ. - Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ ислам дінін қабылдап, а ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960 ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялауы.
Монғол басқыншылары мен ел билеушілері ислам діні мен түркі тілін қабылдап, ислам дінінің көшпелі дала өңіріне қайта таралуына кең ықпал етті. Алтын Орданың ханы Берке (1255 -1266) және басқа да хандардың (Өзбек, Түдеменгү) мұсылмандықты қабылдауымен исламның орны нығая түсті. Өзбек хан тұсында (1312 -1342 жж. ) Алтын орданың астанасында 13 мешіт қызмет етіп, ханның өзі күніне 5 рет намаз оқыған. Дін әртүрлі тайпаларды біріктіруші құралдың біріне айналды. Көшпенділер арасына исламды мақсатты түрде тарату басталып, дін уағызшылары далалы өңірге Орталық Азиядан, Еділ өңірлері мен мұсылман әлемінің басқа да аудандарынан ағыла бастады. Миссионерлер арасында суфийлік бағыттың өкілдері де аз болмады.
Ислам XV ғасырда Жәнібек пен Керей негізін қалаған Қазақ хандығының ресми идеологиясы болып жарияланды. Қазақ хандығының халқы исламның сүнниттік бағытының ханафи мазхабын ұстанды. Қазақ мемлекеті өзінің құрылғанынан бастап мұсылмандық құқықтық нормаларына жүгінді. Қасым хан мен Есім хан қабылдаған көшпелі мемлекеттің дала заңдарына шариғаттың үлкен әсері болды. Тәуке ханның (шамамен 1718 ж. қайтыс болды) «Жеті Жарғы» заңдар кодексін қабылдауы исламды қоғамдық өмір мен заңдық тәжірибеде қолдануда айтарлықтай үлкен қадам болды
Кеңес өкіметі билік құрған жылдары Одақтың басқа да көптеген халықтары сияқты қазақтардың талай ғасырлық таза патриархалдық өмір салттары күшпен талқандалды. Кеңес өкіметі өзінің алғашқы декреттерінің бірімен мұсылман дін басылары пайдаланып келген артықшылықтардың күшін жойды. Мешіттердің жаппай жабылуы, мұсылмандар қауымдастықтарының қудаланып таратылуы мұсылмандық білім беру жүйесінің күйреуіне апарып соқты.
“. . . Егер біз мемлекет болғымыз келсе, халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр” Н. Ә. Назарбаев
Ислам діні қазақ халқының өзіндік мәдениетінің қалыптасуындағы рухани негіз ретінде 1. Әл-Фараби – “Парасатты ел” идеясы, музыка теориясы, билік туралы даналық ойлары 2. Қожа Ахмет Иасауи – дәстүрлі туркілік дүниетаным мен ислам өркениеті арасындағы сара жол 3. Абай – сна тұжырымдамасы, адамгершілік принципі 4. Шәкәрім – ар ілімі, әдеп ғылымы
Тәуелсіз Қазақстанда ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. 1991 ж • 68 бірлестік 2000 ж • 1652 бірлестік 2011 ж • 2228 бірлестік
2005 ж- “Нұр Астана” мешіті 2001 ж – “Нұр-Мүбарак” Қазақстан. Мысыр Ислам университеті 2012 ж. – “Әзірет Сұлтан” мешіті
Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003 жылы және 2006, 2009 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің үш рет съезі өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың ірегей б қазақстандық үлгісінің тиімділігінің куәсі болды. Конфессиялар арасында өзара қарым қатынасты нығайтудағы қадамдар жасалу үстінде.
Презентация- 2003.ppt