али жыр.pptx
- Количество слайдов: 18
Тақырыбы: “Жыраулар поэзиясындағы әскери лексика”
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Жыраулар поэзиясы 15 -18 ғасырдағы қазақ халқының саяси-әлеуметтік тіршілігін, ой-санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен бағалы. Жыраулар поэзиясындағы негізгі тақырып ел бірлігі, бүтіндігі, оның тәуелсіздігі болғандықтан, бұл поэзияның лексикалық қабатын әскери лексика құрайды. 15 -18 ғасырда қолданылған әскери лексика қазіргі әдеби тілімізден де орын алып отыр. Сондықтан қазақтың әдеби тілінің қалыптасу кезеңдерін қарастырудың маңызы өте зор. Prezentacii. com
Зерттеу жұмысының мақсаты: ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясындағы әскери лексиканың қолданылу ерекшелігін анықтау. Осы мақсатқа сай мынандай міндеттерді шешу көзделді:
Зерттеу жұмысының міндеттері: - жыраулар поэзиясындағы әскери лексиканың сипатына тоқталу; - жыраулар поэзиясындағы әскери лексиканың қазіргі әдеби тілмен сабақтастығын анықтау; - әскери лексиканың жасалу ерекшелігін саралау; - әскери лексиканың түрлеріне тоқталу.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясында қолданылған әскери лексиканың өзін бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады: 1. әскери қару-жарақ атаулары; 2. әскери киім-кешекке қатысты атаулар; 3. әскери атақ, дәреже атаулары; 4. әскери іс-әрекетке қатысты тіркестер.
1. Қару-жарақ атаулары: Мылтық, адырна, дулыға, сауыт, қалқан, жебе, садақ, оқ, шарайна, айбалта, сүңгі, қу жебе, көк жебе, сұр жебе, ақ найза, ақ семсер, ақ алмас семсер, т. б. Сақетер тиді саныма, Сақсырым толды қаныма. (Доспамбет) Сақетер – қарапайым соғыс қаруының аты (сақ етіп тиетін нәрсе) немес «сақ етіп тиетін оқ» дегеннің образды атауы.
Доспамбет жырау: Азау, Азау дегенің Әл-Ғұсман-паша жұрты екен, Дін ісләмнің кірті екен. Азаудың ер Доспамбет ағасы Азаудың бір бұрышындай нарты екен! Білейім мен жаман күн Болатсыз қылыш кесерін, Айналасы алты жылдың ішінде Есақай, Қосай екі ұлы Азау билеп өсерін! қылыш – болаттан істелген, өткір жүзді семсер
Доспамбет жырау : Алты құлаш ақ найза Ұсынып шаншар күн қайда, Садақ толған сайгез оқ Масағынан өткеріп, Басын қолға жеткеріп Созып тартар күн қайда! Садақ - ағаштан доғаша иіп немесе иілген іспетті екі бөлікті жалғастырып, екі ұшын қайыспен керіп, сол кермеге оқ салып, тартып ататын өте көне замандардан келе жатқан қару атауы. Найза – бүкіл әлем халықтары аң аулағанда, соғыста қолданады.
Қазтуған жырау: Қазтуған толғауындағы көбе, адырна, садақ, қылчан, (сары жүн) оқ сияқты қаружарақ атауларына назар аударар болсақ, қылчан – қазақтың эпостық-батырлық жырларында кездесе бермейді. Оларда көбінесе қорамсақ сөзі жұмсалады. Сол сияқты көбе орнына сауыт көбірек айтылады.
2. Әскери киім-кешекке қатысты атаулар: Көбе, кіреуке, сауыт – мағыналары бір-біріне жуық сөздер. Қазақ энциклопедиясының түсіндіруіне құлақ ассақ, көбе – батырлар киетін сауыт, оның екі түрі болады: бірі – жүректің тұсын, білек, тізе, иықты садақтың оғынан қорғау үшін жалпақ темірден жасалған сауыт, екіншісі – бүкіл денені қорғау үшін тырнақ көбесіне ұқсас қола не мысты қатпарлап тізіп немесе металл шынжырларды біріктіріп, көйлес тәріздес етіп жасалған түрі.
• Дулығамның төбесі туған айдай болмаса (Шалкиіз). • Туған айдай нұрланып, Дулыға кидім өкінбен (Доспамбет). Дулыға - бас киім атауы.
Кіреуке – ерте заманда соғысқа киетін сауыт. Сауыттан айырмасы кеудесінде, арқасында, білек үстінде темірден істелген шарайнасы болады.
3. Әскери атақ, дәреже атаулары Үмбетейдің «Бөгенбай қазасын Абылай ханға естіртуіндегі» . . . Қысылған әскербасының қасына барып тұрғанда. . . жолдарындағы «әскербасы» сөзі – әскери лауазым атауы. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» әскербасы – үлкен әскери құрамалардың бастығы деген мағынаны білдіреді.
• Ақтамберді жыраудың «Күлдіркүлдір кісінетіп» толғауындағы: «Өзім бір бөлек жайласам, Жігіттер нөкер сайласам» - деп келетін жолдарда «нөкер» сөзі ұшырасады. Мұндағы нөкер «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» хан мен бек, сұлтандардың қасында жүретін қызметшісі, серігі.
4. Әскери іс-әрекетке қатысты тіркестер: «Жорыққа шығу» мағынасын жорту сөзі, сондайақ, оқ тию, білте салу, топ бастау, дұшпан ату, тепсінісу, жапу бастау, ат сайлап міну, ту байлау, қатты тартып, биік ату, суырылып шабу, дұшпанның тобын тоздыру сияқты тіркестер, бір жағынан, жаугершілік мазмұндағы іс-әрекет атауларын білдірсе, екінші жағынан, осы кезеңде әбден қалыптасып, орын тепкен әдеби нормадағы фразеология қорын құрайтын сөздерді танытады.
Сонымен қатар талқан ету (жеті қатар жебесін атып талқан етеді); ордасында шалу ; атқан оғы өту (шарайнаға қарамай, атқан оғы өтеді); найзасын ендірді, жауды жайратты, найзасын саптады, жаудың оттарын сөндірді, күлін көкке ұшырды, елін шабу, жауды жапыру, ойын салу т. б. қимылды, қақтығыс кезіндегі іс-әрекетті білдіретін тіркестер көптеп ұшырасады.
Қорытынды Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы – туған ел, елдің бірлігі, бүтіндігі. Сондықтан да оның лексикалық қабатын негізін әскери лексика құрайды. Оның мынандай түрлерін атап көрсетуге болады: 1. әскери қару-жарақ атаулары; 2. әскери атақ, дәреже атаулары; 3. әскери киім-кешекке қатысты атаулар; 4. әскери іс-әрекетке қатысты тіркестер.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
али жыр.pptx