
Презентация Microsoft PowerPoint.pptx
- Количество слайдов: 12
ТАҚЫРЫБЫ: ЖЫЛУАЛМАСУ ҮРДІСТЕРІ Орындаған: Сарсенбайулы Е. Темірбек Д. Айтбаев А. Тексерген: Кожаисакова М. А
Жоспар Жоспар I. Жылуалмасу үрдістері: а) Жылуөткізгіштік ә) Конвекция б) Жылулық сәулелену II. Жылу үрдістері а) қыздыру ә) суыту б) конденсациалау
Температурасы әртүрлі денелер арасындағы жылу түріндегі энергияның тасымалдануы жылу алмасу деп аталады. Жылу алмасудың кез келген үрдісінің қозғаушы күші болып көп қыздырылған және аз қыздырылған денелердің температура айырмашылығы табылады. Жылуөткізгіштік: карастыратын кеңістектегі айнымалы температураға тәуелді. Денедегі немесе олардың арасындағы жылудың молекулалық берілуі.
Конвекция: тек қана ағатын ортада болады. Конвективті жылу дегеніміз кеңістіктегі ағатын орта газ немесе сұйық көлемдерінің ауысуы кезіндегі олардың бір температуралы аймақтан басқа аймаққа берілуі процестері. Бұл кезде жылудың берілуі сұйық немесе газ ортадағы тасымалдау құбылыстарымен үздіксіз байланыста болады.
Жылулық сәулелену: тек қана шағылатын дененің оптикалық қасиеті мен температурасына негізделген. Электромагнит толкын көмегімен жылудың таралу процестері. Жылулық сәулеленудің толқын ұзындығы негізінен спектрдің көрінбейтін (инфрақызыл) бөлігінде жатады және ұзындығы 0, 8 -40 мк. Олар көрінетін жарық сәулелерінен тек ұзындығымен ерекшелінеді (жарық толқындарының ұзындығы 0, 4 -0, 8 мкм). Qт –денеге түскен сәуленің жалпы энергиясы, Qсіңіріл – денемен сіңірілген энергия, Qкескін – дененің бетінен кескінделген энергия және Qөткен – денеден өткен сәуленің энергиясы өзгеріссіз болса, энергия балансы мынадай болады: Qсіңіріл + Qкескін + Qөткен = Qт
Жылу алмасуға қытысатын дене – жылу тасымалдағыш деп аталады. Жылу беру – жылуды тарату үрдістері жайлы ғылым. Жылуды таратудың әртүрлі элементарлы үш әдісі бар: жылу өткізгіштік, конвекция және жылулық сәулелену.
Жылу алмастырғыштар деп бір заттан екіншісіне жылу беруге арналған аппараттар. Жылуды беру үрдісіне қатысатын заттарды жылу тасымалдағыштар деп атайды. Қыздырылушы ортаға қарағанда жоғары температураға ие және жылуды беретін жылу тасымалдағыштарды қыздырушы агент деп атайды, ал ортаға қарағанда температурасы төмен және жылуды қабылдайтын жылу тасымалдағыштар суытушы агенттер деп аталады. Химиялық технологияда жылудың тура көздері ретінде отынның жануының газ тәрізді өнімі болып табылатын отын газдар және электр энергиясы қолданылады. Осы көздерден жылуды алып оны жылу алмастырғыштың қабырғасы арқылы қыздырылушы ортаға беретін заттар аралық жылу тасымалдағыштар деп аталады. Қалыпты температураға дейін (10 -30 °С) суытуда суытушы агенттер ретінде негізінен ауа және су қолданылады.
Химиялық технологияда жылу алмастырғыш аппараттарда өтетін сұйықтар мен газдарды қыздыру және суыту, булардың конденсациясы сияқты жылу үрдістері кең таралған.
Су буымен қыздыру. Кең қолданылатын қыздырушы агент болып су буы табылады. Бұл оның жылу тасымалдағыш ретінде артықшылығымен түсіндіріледі. Будың конденсациясының нәтижесінде судың салыстырмалы аз шығынында көп мөлшерде жылу алынады, себебі оның конденсация жылуы. 8 -104 н/м 2 (1 ат) қысымда шамамен 2. 26 -106 дж/кг (540 ккал/кг) құрайды Отын газдармен қыздыру. Түтіндік немесе отын газдар ертеден қолданылатын қыздырушы агенттер қатарына жатады. Отын газдар қазіргі уақытқа дейін өзінің мәнін жоғалтқан жоқ, себебі ол жылу алмастырғышта аз артық қысымда 1000 -1100 °С жоғары температураға дейін қыздыруды жүргізуге мүмкіндік береді. Отын газдар басқа қыздырушы агенттерді – аралық жылу тасымалдағыштарды қабырға арқылы қыздыру үшін қолданылады.
Қалыпты температураға дейін суыту. Қалыпты температураға дейін (10 -30 °С) суыту үшін қол жеткізерлік және арзан суытушы агенттер – су және ауа кеңінен қолданылады. Ауамен салыстырғанда су үлкен жылу сыйымдылықпен, жылу берудің жоғары коэффициентімен ерекшелінеді және суытуды төмен температураға дейін жүргізуге мүмкіндік береді. Суытушы агент ретінде өзен, көл, артезиан (жер асты құбырларынан алынатын) сулары қолданылады. Төменгі температураға дейін суыту. Су немесе ауамен алынатын температурадан төмен температураны (0 °С) алу үшін, ортаны сумен сұйылтуға болатын жағдайда суытуды суытылушы сұйыққа тікелей суық суды немесе мұзды енгізу арқылы жүргізеді. 0 °С қарағанда төмен температураға дейін суыту үшін төмен қайнайтын сұйықтардың (аммиак), сығылған газдар (СО 2, этан және т. б. ) сияқты суытушы агенттер қолданылады.
Булардың конденсациясы. Будың (газдың) конденсациясы буды суыту жолымен немесе бір мезгілде суыту және сығу арқылы жүргізіледі. Әрі қарай тек су буымен және суық ауамен суыту жолымен өткізілетін конденсация үрдістері қарастырылған. Булардың конденсациясы негізгі химиялық технологиялық үрдістерде қолданылады, мысалы, буландырғанда, вакуум-кептіруде және т. б. Конденсациядан алынған бу олар түзілетін аппараттан бөлек жабық аппарат, сумен немесе ауамен суытылатын будың конденсациясы үшін қызмет ететін – конденсаторға әкетіледі.
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!
Презентация Microsoft PowerPoint.pptx