1279884.ppt
- Количество слайдов: 26
Тақырыбы: Жасушаның негізгі құрылымдық бөліктері. Түрлі жасушалық құрылымдар мембранасының құрылысы мен функциялық ерекшеліктері.
Мақсаты: • • • Салалары Жасушаның ашылу тарихы Жасуша теориясының қалыптасуы Портрет сыры. . . Жасушаның құрылысы Жасушаның химиялық құрамы Жасушаның бөлінуі Прокариоттар мен эукариоттар Қорытынды
Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын жасуша деңгейінде зерттеуге мүмкіндік береді. Жасушаны зерттейтін ғылым. Цитология –грекше: цитос-жасуша, логосғылым. Цитогенетика Салалары Цитология Клеткадағы нуклейн қышылын зерттейді. 1870 ж Мишер лейкоцит ядросынан нуклейн қышқылын тапты Молекулалық Биологияның бір саласы Цитохимия Цитоэкология Қоршаған ортаның бұзылуына байланысты жасуша құрылымының өзгеруін соның салдарынан аурудың алдын алу шаралары қарастырылады.
Жасушаның ашылу тарихы 1609 ж Г. Галелей микроскопты құрастырды 1665 ж Р. Гук микроскоппен жасушаның майда ұяшықтан тұратынын көрді. Жасуша терминін қолданды А. Левенгук қан құрамындағы эритроциттің бір жасушалы екенін анықтады. 1831 ж Р. Броун өсімдік жасушасын ашты 1839 ж Я. Пуркине жасуша ішіндегі сұйықтық протоплазманы тапты.
Жасуша теориясының қалыптасуы Ботаник М. Шлейден зоолог Т. Шванн өсімдік пен жануар жасушасын салыстырып, олардың ұқсастықтарын тапты. Нәтижесінде жасуша теориясының негізін қалады. 1858 ж Р. Вирхов “әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқылы пайда болады” деген қорытындыға келді.
Жасуша теориясының қағидалары: • Жасуша –барлық тірі ағзалардың ең кіші өлшем бірлігі. • Әр түрлі ағзалардың жасушалары құрылысы, құрылымы, химиялық құрамы зат алмасуы негізгі тіршілік әрекеті жөнінен ұқсас. • Ағзалардың жасуша құрылыстарының ұқсас болуы өсімдік пен жануарлардың шығу тегінің бар екенін дәлелі болып табылады. • Жасушалар бөліну арқылы көбейеді. • Жасушаның негізгі құрылымдық бөлігіне цитоплазма және жасуша мембранасы жатады. • Көп жасушалы ағзалардың жасушаларының ең негізгі бөлігі –ядро, тұқым қуалау аппараты сақталып келесіұрпақтарға беріліп отырады.
Портрет сыры. . .
Антони ван Левенгук (1632 -1723) Нидерландтық табиғат зерттеушісі
Өзі құрастырған микроскоптармен әртүрлі тірі материялардың микроқұрылымын зерттеп ғылыми микроскопияның дамуына көптеген үлес қосқан. Өзі құрастырған 150 — 300 есе үлкейтетін оптикалық шынымен көзге көрінбейтін қарапайымдар, бактериялар, эритроциттерді көріп, олардың капиллярлардағы қозғалысын да байқаған. Оның әсіресе адамның тісінен алынған өңездегі тіршілік ететін бактерияларды егжей-тегжейлі сипаттаған мәлімдемесі — үлкен ғылыми жаңалық болды. Левенгук алғаш рет бітелердегі партеногенезді анықтаған (1695 — 1700). Өз зерттеулерін “Антони Левенгук Ван ашқан табиғаттың құпия сырлары” деген еңбегінде жариялады (1695). Қазіргі кезде Левенгук қолжазбаларының жиынтығы 20 томдық кітап болып шыққан.
Илья Ильич Мечников (1845 -1916)
Петербург ҰА-ның құрметті мүшесі (1902). Харьков университетін бітірген (1864). Мечниковтің ғылыми-зерттеу жұмыстары биология мен медицинаның түрлі салаларына арналған. 1866 – 86 жылдары салыстырмалы және эволюциялық эмбриология мәселелерінзерттеді (А. О. Ковалевскиймен бірге); көп клеткалы жануарлардың шығу тегі туралы жаңа теория ұсынды. 1882 жылы фагоцитоз құбылысын ашып, соның негізінде қабынудың салыстырмалы патологиясын анықтады (1892). Иммунитеттің фагоцитоздық теориясын ашқаны үшін (неміс ғалымы П. Эрлихпен бірге) Мечниковке Нобель сыйлығы берілді (1908). Мечников тырысқақтың, іш сүзегінің, туберкулездің, т. б. жұқпалы аурулардың эпидемиологиясын зерттеп, оларға қарсы күресетін түрлі тәсілдерін анықтаған. Мечниковтің мезгілінен бұрын қартаюға қарсы күресу жөніндегі ілімі ортобиоз теориясы деген атпен дүние жүзіне белгілі болды.
Луи Пастер (1822 -1895)
Луи Пастер (Pasteur) 27 желтоқсан 1822 жылы Доль, Юрада дүниеге келіп, 28 қыркүйек 1895 жылы Вильневл ’ Этан, Париж маңында қайтыс болған. Ол- француз микробиологы және химигі, микробиология мен иммунологияның негізін салушы. 1862 жылдан Париж ғылым академиясының мүшесі, 1873 жылдан Франция медициналық академиясының, 1881 жылдан Франция академиясының мүшесі. 1844 жылдан Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі болса, 1893 жылы құрметті мүшесі болды. 1849 жылы Страсбург 1854 жылы Лилл университеттерінде профессор болған. 1888 жылы микробиолгия ғылыми-зерттеу институтының алғашқы директоры. осы институтта сол кезде И. И Мечников, С. Н. Виноградский, Н. Ф. Гамалея, В. М. Хавкин, А. М. Безредка т. б. жұмыс істеген. Пастердің молекулалардың оптикалық ассиметриясы туралы алғашқы жұмыстары кейін стериохимия негізі болған. Шарап қышқылы кристалдарының оптикалық активтігіндегі айырмашылықтар онда екі ассиметриялық формалардың барына байланысты екенін дәлелдеді. Микроорганизм солардың бірін өзіне сіңіретіндіктен, оптикалық изомерлерді ажыратуға болатынын анықтады. 1857 жылы ашу процессін ( сүт қышқылды, спиртті, сіркелі, өзі ашқан май қышқылды ) зерттеді. Өндірісте шарап және азық-түлікті ( сыра, сүт, жемісжидек, шырын ) бұзбай сақтау әдістерін пастерилизация тапты. Адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларын еркше микроорганизидер қоздыратынын дәлелдеді және аурудың алдын алу үшін вакцина жасауды ұсынды
ЖАСУША ҚҰРЫЛЫСЫ Эндоплазмалық тор Лизосомалар Жасуша. Ядро Рибосомалар Цитоплазма Ядрошық мембранасы Гольджи аппараты Жасуша орталығы Митохондрия ü Тор түзетінпішінді және ü Дөңгелекзаттардың ü Жасушаны түтіктерден ü Бұлар кішірек болады; ü Ядролық пішінді; Хромосомалар ü Сопақша толтырыпекі Түтікшелерпішінді мен ü Жасуша қабырғасының ü тұратын кішкентай; Цилиндрқапталған. тұрады; жинақталуы ü көпіршіктер; көлемі ядрода болады. тұрады; Қабықпен көпіршіктерден ü астында тұтқыр сұйықтық; Екі қабатты қабықпен ü Өз қабықшасы болады. ü Цитоплазмада немесе бөліктен ферменттер ü Көрші жасушалар бір ü Құрамындатұрады ü қапталған; Өз өабықшасымен болады; эндоплазмалық түзеді. Қызметі: цитоплазма қапталған. қатпар ü біріменҚызметі: торда Ішкі Жасуша қабық ü арқылыҚызметі: шектеп, ü Жасуша байланысқан. ü Өзініңорналасқан. еркін жеке қабықшасы Ұрпақтан ұрпаққа Қызметі құрамын органоидтары üОрганикалық заттар түзу болады. Қызметі: келтіріп тұқымқуалаушылық Рибосома Қызметі: ü бір пішінгемайлар және Қызметі: түзу (нәруыздар, сақтау ü тұрады; түзу және ақпаратты Қызметі: ü Жасушаның тіршілік Энергия көмірсулар) қажетті ü әрекетінеорганикалық ü Жасушаны(жасушаның Нәруыз түзуқорғайды; беругеҚызметі: қатысады; Күрделі жинақтау (синтез) ü Жасушадағы бөлінуіне ü Сыртқы ортамен зат Жасушаның заттарды ü заттардыкөзі) үрдістерді ü Органикалық заттарды Жасушадағы түзу; заттарды энергия жинақтау; тасымалдайды. ыдырату (нәруыздар, ü Қоректік заттарды қорға реттейді. қатысу түзу. ü алмасуды реттейді. Лизосома майлар, жинау. көмірсулар).
ЖАНУАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ СЫЗБАНҰСҚАСЫ Жануар жасушасы 1. Сыртқы қабықша 2. Цитоплазма 3. Ядро 4. вакуоль 5. Митохондриялар 6. Ядрошық 7. Цитоплазмадағы нәруыз, көмірсу, май тәрізді заттар Өсімдік жасушасы 1. Цитоплазма 2. Вакуоль 3. Ядро 4. Пластидтер 5. Қабықша
Жасушаның химиялық құрамы Ағзалық заттар Бейағзалық заттар
Жасушаның химиялық құрамы Бейағзалық заттар макроэлементтер микроэлементтер су минералды тұздар ағзалық заттар нәруыздр көмірсулар липидтер нуклейн қышқылдары
Жасушаның бөлінуі Эукариоттар Прокариоттар 1. Ядросы бар 2. Өсімдіктер 3. Жануарлар 4. Басқа органоидтары бар 5. Хромосома 6. гликоген 7. Пластид 8. Нағыз вакуоль 1. Ядросы жоқ 2. Бытыранықтар 3. Көк-жасыл балдырлар 4. Цианбактериялар
Тірі ағзалар жасушалары жетілуіне байланысты Прокариоттар ядросыз жасушалар Эукариоттар ядролы жасушалар Жасушаны зерттеу әдісі. Бұл мироскоп құралы болып табылады.
Прокариоттар • • Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1 — 10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жақсы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптасқан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады. Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне қатысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жасушаға тікелей бөлінеді.
Прокариоттық жасушаның құрылысы
Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығымен және karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер. Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағы жануарлар мен өсімдіктер, сондайақ бір немесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттар жасушалары прокариоттармен салыстырғанда күрделі келеді. Эукариоттар жасушалары көптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге (компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктерде бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар (митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екі қабат мембрана арқылы шектеледі. Ядрода жасушаның генетик. материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластары негізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органик. заттардың хим. энергиясына айналдырса, митохондриялар көмірсулар, майлар, белоктар, т. б. органик. қосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасының мембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша әрекетін қамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттар жасушалары митоз жолымен бөлінеді.
Эукариоттық жасушаның құрылысы
Эукариоттар мен прокариоттардың айырмашылығы
Прокариот ұғымы “ядроға дейінгі”, ал эукариот – “жақсы немесе анық ядросы бар” дегенді көрсетеді. Прокариоттарды, сондай-ақ, бактериялар деп те атайды. Прокариоттарға көк-жасыл балдырлар, актиномицеттер, бактериялар, спирохеттер, микоплазмалар, хламидиялар жатады. Эукариоттарға – көпшілік балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар, өсімдік пен жануарлар жатады. Прокариот клеткаларының эукариот жасушаларынан айырмашылығы – олардың генетикалық материалы – сақиналы ДНҚ құрамына ақуыздар кіретін күрделі хромосомаларға жинақталмаған және де мембранамен қапталмаған. Прокариоттарда белгілі бір қызметтер атқаратын мембраналық құрылымдары болмайды. Бактериялар екіге жай бөліну арқылы көбейеді, сондай-ақ екі клетка арасында генетикалық ақпарат алмастыру түрінде жүретін жыныстық көбеюді байқауға болады. Прокариоттар клеткаларының пішіндеріне сәйкес ұсақ болып келеді. Олардың көлемі шамамен 1 -10 мкм. Прокариот клеткаларының құрылымы мен химиялық құрамдарында өздеріне тән ерекшеліктері болады. Цитоплазмалық мембранадан тыс орналасқан құрылымдары (жасуша қабықшасы, капсула, сілемейлі қап, талшықтар, ворсинкалар) көбінесе беттік құрылымдар деп аталады. Цитоплазмалық мембрана мен цитоплазма протопласт деп аталады. Эукариот клеткаларының прокариоттардан негізгі ерекшелігі – олар жеке-жеке компартменттерге бөлшектенген, яғни көптеген мембраналық органеллалары болады. Эукариоттардың ақуызбен байланысқан ДНҚ-ы хромосомаларға жинақталып, қос мембранамен қапталған ядрода орналасады. Эукариот клеткаларының пішіндері прокариоттарға қарағанда ірі келеді.
Қорытынды Негізінен жасуша мен оны қоршаған сыртқы орта арасындағы метаболизмге (зат алмасуға) қатысады, сондай-ақ, жасушаның қозғалуы мен бір-біріне жалғануында үлкен рөл атқарады. Жасушаның жалпы құрылысы жануарларға да, өсімдіктерге де тән. Бірақ өсімдік жасушасының құрылымы мен метаболизмінде жануарлар жасушасына қарағанда біраз айырмашылық бар. Өсімдіктер жасушасының біріншілік плазмолеммасы күрделі полисахарид негізінде (матрикс) орналасқан целлюлозды микрожіпшелерден құралған. Микрожіпшелер өсімдік жасушасы қабырғасының тіректік қаңқасын түзеді. Көп өсімдіктер беріктік қасиет беретін – екіншілік жасуша қабықшасын (целлюлозадан) түзеді. Өсімдік жасушаның целлюлоза талшықтары күрделі полимерлі зат – лигнинді сіңіріп, қатаяды да жасуша қабықшасы беріктенеді. Өсімдік жасушасының цитоплазмасында арнайы органоид-пластидтер – хлоропласт, хромопласт, лейкопласт бар.
1279884.ppt