Рыскул А..ppt
- Количество слайдов: 12
Тақырыбы: Заманауи дезинфекциялық заттар, олардың сипаты. Күрделі медициналық аппаратураны залалсыздандырудың ерекшеліктері. Орындаған: Рысқұл Айдана Курс: 4 Факультет: МПД Топ: 002 -2 Қабылдаған: Алекешева Л. Ж
Жоспар: I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім. 1. Асептика, антисептика, залалсыздандыру және зарарсыздандыру түсінігіне анықтама. 2. Залалсыздандыру (стерилизация) әдістері. 3. Дезинфектанттардың негізгі топтары. 4. Қазіргі заманғы антисептикалық заттар. III. Қорытынды IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе Әлемнің барлық мемлекеттерінде, оның ішінде экономикасы дамушы елдерде денсаулықты сақтаудың түйінді мәселелерінің бірі болып АІИ-мен (аурухана ішілік инфекциямен) күрес болып табылады. АІИ қоздырғышы болып әртүрлі бактерия, вирустар саңырауқұлақтар және қарапайымдылар өкілдері болып табылады.
Негізгі бөлім АІИ-мен табысты күресу үшін эпидемияға қарсы шаралардың кешенін уақытылы және дұрыс ұйымдастыру қажет. Бір рет қолданатын төсекорындарды, сүлгілерді, қолғаптарды енгізу, іріңді және таза палаталарды, бөлімдерді, операция жасау бөлмелерін бөлу және медициналық құрал-жабдықтарды бөлмелерін залалсыздандыру, науқастармен тікелей байланыс кезінде және одан кейін қызметкерлер мен дәрігерлердің қолын залалсыздандыру; төсек матрацтарын, жастықтарды, көрпелерді және т. б. залалсыздандыру.
Асептика- бұл манипуляциялық диагностикада, адам ағзасының емделу барысында немесе қоршаған ортадан микроорганизмдердің енуін ескертеді, сонымен бірге зерттеу материалдарды, микроорганизм культурасы мен қоректік ортасына лабороториялық зерттеу жүргізілуді ұйымдастыру жүйесі. Антисептика- бұл микроорганизмдерді жоюға бағытталған емдеу-профилактикалық ұйымдастыру кешені. Антисептика түрінде әртүрлі химиялық байланыстар қолданылады. Олар микробтарға қарсы әсер етеді 70% ׃ этил спирті, 5% спиртті йод ерітіндісі, 0, 5%-2% хлорамин ерітіндісі, 0, 1% KMn. O 4, 0, 5%1% формалин ерітіндісі, 1 -2% метилен көк спиртінің ерітіндісі немесе бриллиант жасыл, әртүрлі детергенттер.
Залалсыздандандыру – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі. Залалсыздандандыру жұқпалы аурулардың кең таралып кетуін болдырмау шараларының бірі. Қазақ халқы залалсыздандыру тәсілдерін ерте заманнан бері қолданып келген. Мысалы, ауырған адамның ыдыс -аяғын бөлек ұстап қайнату, науқастан түскен шашты, тырнақты көміп тастау немесе өртеп жіберу; мал шаруашылығында – қораларды, көң қоқыстарды тазалап отыру. Дезинфекциялық заттарға жататыдар ׃ хлорлы әк( 0, 5 -5% ерітіндісі), фенол (3 -5% ерітіндісі), лизол (35%ерітіндісі), 2 -3 негізді тұз гипохлорид кальций ( 0, 1 -10% ерітіндісі).
Залалсыздандырудың тәсілдері 1. 2. 3. Механикалық залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, малдың тұрағының құрал- жабдығын тазартады. Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу пайдаланылады. Химиялық залалсыздандыруда қышқылдар мен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориды, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар қолданылады.
Дезинфектанттардың негізгі топтары: 1. Құрамында галоид бар заттар, оларда микробтарға белсенді әсер ететін хлор, бром немесе йод болады (хлорлы әк, калий гипохлоридінің тұздары, хлораминдер, дихлорцианцур қышқылы және оның тұздары, аквасепт, йодонат, дибромантин); 2. Құрамында оттегі бар асқын тотық байланыстары немесе сутектің асқын тотығы негізіндегілер (первомур, ПВК, ператин, виркон, дезоксон); 3. Төрттік аммоний байланыстары мен амфотерлі байланыстар (аламетон, дюньбаль, санифект, велтолен, гермосепт, септодор) негізіндегі беткейлік – белсенді заттар; 4. Гунидиндер және ББЗ-мен олардың қоспалары (демос, катасепт, лизофермин, тиавасепт). 5. Спирттер (этанол негізінде) 6. Құрамында альдегид бар глутар немесе янтарлы альдегид (гепасепт, сайдекс, глутаран, альдесон) негізділері.
Қазіргі заманғы антисептикалық заттар: 1. Хлорамин Б - 25% белсенді хлор бар, 1%-2% концентрациясын жараны тазартуға үшін қолданады. 2. Иодонол - 1% трофикалық ойық жараны және іріңді қуыстарды тазарту үшін қолданады. 3. Йодонат- натрий алкил сульфат 4, 5% йодтық кешен. 4, 5 рет сумен сұйылтудан кейін, теріні зарарсыздандыру үшін қолданады. 4. Йодопирин – құрамында поливинилпиролидон бар йодты кешен. Теріні дезинфекциялау үшін қолданады. 5. Трибаск - 3% трибромсалициламид. 6. Диоксидин -0, 1% ертіндісі (тамыр арқылы 200 мл. дейін), 1% іріңді қуыстарға тазартуға қолданады. 7. Тауролин -2% -жараларды емдеу үшін қолданады.
1. Бұйымдардың стерилизациялау алдында тазалау сапасын азопирамды не болмаса амидопиринді сынақ қою арқылы қан қалдықтарының бар болуына тексереді 2. Ластанғаны көрінбейтін немесе алдын ала тазаланған, бұйымдарды қолмен стерилизациялау алдында тазалау үшін зат ерітіндісін, егер оның түсі өзгермесе, жарамдылық мерзімі бойы (3 тәулік) бірнеше мәрте пайдалануға болады. Сыртқы түрінің алғашқы өзгеру белгілері пайда бола бастағанда (түсінің өзгеруі, ерітіндінің көмескіленуі және т. б. ) ерітіндіні көрсетілген мерзім өткенге дейін ауыстыру қажет. 3. Бұйымдарды ультрадыбысты және басқа қондырғыларда механизациялық тәсілмен стерилизациялау алдында тазалау үшін тазалауға арналған заты ерітіндісін егер оның түсі өзгермесе, жұмыс ауысымы бойы бірнеше мәрте пайдалануға болады. Сыртқы түрінің алғашқы өзгеру белгілері пайда бола бастағанда (түсінің өзгеруі, ерітіндінің бұлыңғырауы және т. б. ) ерітіндіні көрсетілген мерзім өткенге дейін ауыстыру қажет.
Қорытынды Дезинфекция шаралардың негізгі мақсаты – қоздырғыштарды инфекция көзінен қабылдағыш адамдарға беру жолында жою болғандықтан, әрбір жұқпалы ауру жағдайынада қоздырғыштардың берілу механизмі, таралу факторлары мен жолдарының ерекшеліктеріне орай шараларды әр түрлі өткізу.
Пайдаланған әдебиеттер “Жұқпалы аурулардың стандартты анықтамалары және іс шаралар алгоритмдері” I том С. Ә. Әмреев, Т. Ә. Момынов, К. С. Оспанов, Б Черкасский 2) Азизов И. С. Основы клинической микробиологии // Караганда, 2006. - 280 с. 3) Клиническая микробиология; Методические указания. Котова А. Л. Алматы 2004. -162 с. 4) “Қазақ Энциклопедиясы”, 4 том 3 бөлім 1)
Рыскул А..ppt