Айдана 2срс.pptx
- Количество слайдов: 22
Тақырыбы: Халықтың табиғи қозғалысын талдау Орындаған: Мерекебекова А. С. Қабылдаған: Абиырова Н. Б. Факультет: ЖМ Курс: 3 Топ: 028 -2 к
Жоспары: 1. Кіріспе 2. Негізгі бөлім -Демография -Динамика -Халықтың табиғи қозғалысы 3. Қорытынды 4. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Демография (грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы туралы ғылым. Демографиялық статистика (тұрғындар статистикасы) ежелгі уақыттан бері белгілі, біздің эрамызға дейін ежелгі Египетте, Вавилон, Қытай, Рим және басқа елдерде тұрғындар санын тіркеу жүргізілген. Медициналық демография – бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым. Демографиялық статистика көрсеткіштері тұрғындар денсаулығын бағалауда; көбею заңдылықтарын; тұрғындар саны мен құрылымы негізінде денсаулық сақтау кадрлары мен ұйымдарын жоспарлау, орналастыру және болжауда; медициналық-әлеуметтік шаралардың тиімділігін бағалауда кеңінен қолданылады.
Демография СТАТИКА Халық санының белгілі бір уақытқа сәйкес жынысын, жасын, әлеуметтік, топтық, кәсіби және қызметін және т. б белгілеріне сәйкес сипаттау. ДИНАМИКА Халық санының өзгерушілігін зерттеу.
Динамика ТАБИҒИ туу және өлу, халықтың табиғи өсімі, неке және ажырасулар тәрізді демографиялық құбылыстардың жиынтығы. ӘЛЕУМЕТТІК (СОЦИАЛЬДЫ) Адамдардың бір әлеуметтік топтан екінші әлеуметтік топқа өтулері. Халықтың әлеуметтік құрылымын анықтауға өз септігін тигізеді. МЕХАНИКАЛЫҚ Халықтың көшіпқонуы, орын ауыстыруы, яғни миграциялық қозғалыс. -ішкі -сыртқы -маятниктік -қайтымсыз -уақытша -мезгілдік
Ішкі миграция – халықтың бір елдің шеңберінде орын ауысуы. Сыртқы (халықаралық) миграция – халықтың бір елден басқа елге ауысуы. Қайтымсыз миграция – Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбритания азаматтарының қайтымсыз орын ауыстыруы ( Қазақстан азаматтарының Ұлыбританияға біржолата кетіп қалуы немесе керісінше). Уақытша миграция ҚР жергіліксіз тұрғындары. Мезгілдік миграция – жұмыс күшінің уақытша ауылдық аймаққа орын ауыстыруы жыл мезгіліне байланысты ауыл шаруашылық және маусымдық жұмыстарды атқару үшін. Маятниктік миграция – басқа елді – мекеннен оқуға немесе жұмыс орнына күнделікті барып келу. мыс; Астана қаласында жұмыс істейтін Ақмола облысының тұрғындары немесе Қазақстанның басқа қаласынан Астананың жоғарғы оқу орнында оқу үшін келген студенттер.
Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық керсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері туу (туғандар саны), өлу (өлгендер саны), туғандар мен өлгендер санының айырмасы табиғи өсімді керсетеді. Егер де өлім туудан артық болса, халықтың табиғи азаюы (депопуляция) пайда болады. Демографиялық, көрсеткіштерді абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады, бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы (%о белгісімен) көрсетеді. Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты 2 типке бөледі: байырғы және қазіргі. Байырғы табиғи өсім 12%о-ден артық болатын, ал қазіргі өсім бойынша 12 %о-ден төмен. Халық қозғалысының бір типтен екінші типке өтуін демографиялық революция дейді.
Халықтың табиғи қозғалысын келесі көрсеткіштер сипаттайды: 1. Туу көрсеткіші = 1 жылдың ішінде тірі туылғандар саны / бір жылдағы халықтың орташа саны *1000 2. Әйелдердің бала туу көрсеткіші = бір жылда тірі туылғандардың саны / 15 -49 жастағы әйелдердің орташа саны * 1000 3. Жасына сәйкес бала туу көрсеткіші = бір жылда әйелдердің жасына сай туылған балалар саны / сол жастағы әйелдердің орташа саны * 1000 4. Некелі әйелдердің бала туу көрсеткіші = некелі әйелдердің бір жылда туған балаларының саны / некелі әйелдердің орташа саны *1000
Бүгінгі күні бала туу көрсеткіші жоғарылап, демографиялық мәселе шешіле бастады деп қуанып жатырмыз. Елімізде экономиканың нығаюы, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, отбасыға, ана мен балаға деген мемлекеттік оң саясаттың жүйелі түрде жүргізілуі, қатарымызды шетелдегі қандастарымызбен толықтыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуының бәрі демографиялық өсімге алып келген шығар. Бірақ елдегі бала туу көрсеткішінің осылай көтерілуінің мән бере қоймай отырған бір факторы бар. Анықтап айтқанда, 1980 жылдардың екінші жартысында дүниеге бала көп келген екен. Бүгін осы ұрпақ отбасылы болып, бала сүйетін жасқа келіп, бала туу проблемасын шешуге үлкен ықпал етті. Ал 1996 -2002 жылдарда өмірге бала аз келіпті.
Мысалы, 1991 жылы 1000 адамға шаққанда 21, 5 баладан келсе, 1999 жылы бұл көрсеткіш 14, 6 ғана. Демек, бұл ұрпақтың бала сүйетін жасқа келіп, өмірге ұрпақ әкеледі деген 2015 жылдардан соң бала туу көрсеткіші қазіргідей жоғары болмайды. Бұл 2015 жылдары демографиялық құлдыраудың тағы бір кезеңі басталатынын көрсетеді. Сондықтан осы демографиялық құлдыраудың алдын алу үшін осы бастан ұлттық демографиялық саясатты қолға алып, тиісті демографиялық қауіпсіздік туралы ұлттық бағдарлама қабылдап, нақты шаралар қабылдау керек.
Туу көрсеткішінің бүкіләлемдік тенденциялары -Азбалалық -Некеден тыс туылған балалар санының жоғарылығы (Ұлыбритания мен Францияда 30%, Данияда 40%) -Қалалы жерлерге қарағанда ауылды жерлерде туу көрсеткіші жоғары - Бірінші туудың орташа жасының жоғары болуы - Туудан бас тарту (түсік тастау, контрацепция)
5. Табиғи өсу көрсеткіші = (туылғандар – өлгендер саны) / бір жылдағы халықтың орташа саны *1000 6. Өлім көрсеткіші = бір жылдың ішінде өлгендер саны / бір жылдағы халықтың орташа саны * 1000 7. Өлім көрсеткішін талдағанда, жалпы көрсеткіштермен бірге арнайы көрсеткіштер де есептеледі, мысалы жасына , жынысына, кәсібіне және т. б. байланысты өлім көрсеткішін есептеген кезде белгілі бір жастағы (немесе жынысы, кәсібі) өлгендер санын сол жастағы (немесе жыныс, кәсіп) халықтың орташа жылдық санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдердегі халық өлімі себептерінің құрылымында қан айналым жүйесі аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар басым. Қан айналым жүйесі ауруларынан ер адамдардың өлуі барлық жас топтарында жоғары.
Республика бойынша өлімге себепкер болатындар ішіндегі алғашқы 4 орын : 1 Жүрек және қан айналым жүйесінің аурулары 2 Жарақаттану және улану 3 Қатерлі ісіктер 4 Тыныс алу жүйесінің аурулары
Бүкіл әлем бойынша өлімге себепкер Жүрек – қантамыр жүйесінің аурулары ( қатерлі ісік ауруларымен 70%) Тыныс алу жүйесінің аурулары Қант диабеті Оқыс оқиғалар ( травматизм , кісі өлтіру, суицид) Сонымен қатар ерлер әйел адамдарға қарағанда 27, 9% өлімге ұшырайды екен. болатындар :
Қазіргі таңда өлім көрсеткіштері ең төмен мемлекеттер -БАӘ -Катар -Кувейт (~2‰ жылына), жастар саны қарттарға қарағанда көп, жұмыссыздық саны аз, денсаулық сақтау саласы жақсы дамыған және ішімдікті халық аз пайдаланады. Өлім көрсеткіші жоғары мемлекеттер (25‰ жоғары жылына) Свазиленде - Ботсвана -Лесоте Яғни, өмір сүру деңгейі төмен мемлекеттер.
Сәбилер өлімі халықтың әлеуметтік салауаттылығығын, медициналық-әлеуметтік көмектің деңгейі мен сапасын, акушерлікгинекологиялық және педиатриялық көмектің тиімділігін бағалайтын оперативті критерий және индикатор болып саналады. Сәбилер өлім көрсеткіші осы календарлық жылдағы 1 жасқа толмай өлгендер санын осы жылдағы тірі туылғандар санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Туу көрсеткішінің айқын тербелісі кезінде былтырғы туылғандар санына нақты есептеу жүргізіледі – 1 жасқа толмай өлгендер санын биыл туылғандардың 2/3 мен былтыр туылғандардың 1/3 қосындысына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді.
1 жасқа толмаған балалардың өмірі 2 мерзімге бөлінеді: 1 айлық (4 апталық) - жаңа туған сәбилік (неонаталдық мерзім) 2 -12 айға дейін – сәбилік (постнеонаталдық мерзім) Неонатальды өлім-жітім көрсеткішінің формуласы: Ерте неонатальды өлім-жітім көрсеткішінің формуласы: Кеш неонатальды өлім-жітім көрсеткішінің формуласы: Өлі туылу көрсеткішін есептеу формуласы: Өмірінің алғашқы 4 апталығында өлгендер саны /тірі туылғандар саны *1000 Туылған соң 0 -6 күн аралығында өлген балалар саны/тірі туылғандар саны *1000 Өмірінің 2, 3, 4 апталығында өлген балалар саны/тірі туылған балалар саны –өмірінің алғашқы 4 аптасында өлген балалар саны * 1000 Өлі туылғандар/тірі және өлі туылғандар *1000
Перинаталдық өлім көрсеткіші = өлі туылғандар саны + жаңа туылғандардың 1 апталықта өлгендері/ өлі және тірі туылғандар сандарының қосындысы *1000 Қазақстан Республикасындағы сәбилер өлімінің себептері: перинатальды кезеңде туындайтын жағдайлар; туа пайда болған ақаулар; тыныс алу жүйесінің аурулары; қайғылы жағдайлар; улану және жарақаттар, инфекциялық және паразитарлық аурулар.
Балалар өлімінің негізгі себептеріне жатады: тыныс алу жүйелерінің аурулары және инфекциялар, оның ішінде басты орында ішек инфекциялары, сепсис және менингиттер. Балалар өлімі мен тамақтанудың бұзылуы, анемия, емшекпен қоректендірдің болмауы немесе ерте тоқтату арасында байланыс анықталған. Қайғылы оқиғалар – жол-көлік жарақаттары, термиялық және химиялық күйіктер, биіктен құлау үлесі орасан. Көп жағдайда қайғылы оқиғаларға ер балалар көбірек ұшырайды. Осы жас кезеңінде ауылдық жерлерде өлім жағдайының жоғарғы көрсеткіші тіркелген.
Сәбилер өлімі ең көп кездесетін мемлекеттер - Ангола — 180‰ - Сьерра-Леоне — 154‰ - Афганистан — 151‰ - Либерия — 138‰ Сәбилер өлімі ең аз кездесетін мемлекеттер - Сингапур — 2, 31‰ - США — 6, 26‰ - Мексика — 18, 42‰ - Куба — 5, 82‰ Орташа әлемдік көрсеткіш— 44, 13‰ 9. Некелілік пен ажырасушылықтың жалпы коэффициенттері - тіркелген некелер мен ажырасулар саны халықтың орташа жылдық санына қатынасы. 1000 адамға есептеледі.
Қорытынды: Қазақстан халқы 2009 жылғы санақ бойынша 16 млн 402 мың адамға жетті. Халық санының аз болуы - бұл әлсіз ішкі нарық, яғни сыртқы нарыққа тәуелділік, сондай-ақ жұмыс қолының жетіспеуі, соған байланысты қажетті аймақтардың игерілмеуі, сонымен бірге елдің қорғаныс қабілетінің әлсіреуі. Сондықтан да халық санын көбейту - қоғамнын, негізгі мәселелерінің бірі. Қазақстан халқының саны бойынша орташа мемлекеттер қатарына жатады. Халық саны жөніндегі толық мәліметтерді халық санағы береді. Мемлекет оны белгілі бір уақыт аралығында жүргізіп отырады (біздің елімізде 10 жыл сайын). Әр санақ аралықтарында қорытынды есеп беріліп отырады. Алғашқы жалпы халық санағы 1897 жылы, ал соңғы ҚР Ұлттық санағы 2009 жылы 25 ақпаннан 6 наурыз аралығында өтті. Бұл уақыттың ішінде Қазақстан халқы 4 есе өсті. Бірақ оның динамикасы біркелкі болған жоқ, жылдам өсу айтарлықтай төмендеумен алмасып келіп отырды. Елдің, аймақтың, елді мекеннің халкының саны екі түрлі себептерге (факторға) байланысты. Бірінші фактор - туу мен өлудін, нәтижесінде ұрпақ, ауысуы немесе халықтың табиғи өсімі, ал екіншісі - адамдардың бір жерден екінші жерге қоныс аударуы (келу мен кету), оны халықтың механикалық қозғалысы (көшіқон) деп атайды. Туу мен көшіп келу тұрғындар санын көбейтсе, өлу мен көшіп кету, керісінше азайтады
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Биғалиева Р. Қ. , Исмаилов Ш. М. “Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару”. – Алматы, 2001 ж. - 371 б. 2. Девятко В. Н. , Исаев Д. С. , Абылкасимов Е. А. “Основы социальной медицины в охране здоровья матери и ребенка”. – Алматы, 2002. – 299 б. 3. Лисицын Ю. П. “Общественное здоровье и здравоохранение”: Учебник. – 2 -е изд. , перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 б. 4. Максимова Т. М. “Современное состояние, тенденции и перспективные оценки здоровья населения”. – М. : ПЕР СЭ, 2002. – 192 б. 5. Интернет желілері
Айдана 2срс.pptx