Valyutaly_1179_operatsialardy_retteu.pptx
- Количество слайдов: 12
ТАҚЫРЫБЫ: ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ. Орындаған: ФК-41 тобының студенті Ташкенбаев Е. Тексерген: аға оқытушы Хамитхан Н.
Сабақтың жоспары: 1. Валюта жане валюталық операциялар туралы түсінік; 2. Валюталық операцияларды реттеу, оның мәні, мақсаты және міндеттері; 3. Валюталық операцияларды реттеу органдары; 4. Валюталық операцияларды лицензиялау.
Валюта - мемлекеттер заңды төлем құралы ретінде қабылдаған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазынашылық билеттері және монеталар, оның ішінде бағалы металлдардан жасалған монеталар (айналыстан алынғандарын немесе алынатындарын, бірақ айналыста жүрген ақша белгілеріне айырбасталуға жататындарын қоса алғанда) түріндегі, қолма-қол және қолма-қол емес нысандардағы құнның ресми стандарттары, сондайақ шоттардағы, оның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражат.
Валюталық операциялар : - валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың ауысуына байланысты операциялар, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем құралы ретінде пайдалану; - валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған, номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару.
Валюталық операцияларды реттеудің мәні, мақсаты және міндеттері. Валюталық операцияларды реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады. Валюталық операцияларды реттеудің мәні тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің саясатының ықпалы болып табылады.
Валюталық реттеудің міндеттері: - елде валюталық құндылықтар айналысы тәртібін белгілеу; - елде дүниежүзілік экономикаға одан әрі шоғырландыру үшін жағдайлар жасау; - валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.
Валюталық реттеу органдары : 1. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады. Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде қызметі: 1)Шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін және оған қойылатын талаптарды; 2)Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн: 3)Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн; 4)Уәкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi.
Валюталық реттеудің объектілері болып: - валюта бағамы; - тҿлем балансы. Объектілерді реттеуді оңтайландыру ҥшін Орталық банктер валюталық реттеудің аралық объектісі ретінде резиденттер мен резидент еместердің валюта операцияларын жҥргізудегі тҽртібін белгілейді.
Валюталық операцияларды лицензиялау: Лицензия алу шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыру үшін ғана қажет (валюта айырбастау пункттерінің қызметі). Капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша (қаржы заемдары, тікелей инвестициялар, коммерциялық кредиттер, шетел банктеріндегі шоттар) статистикалық ақпарат жинау мақсатында Қазақстанда тіркеу және хабарлау режимдері бар. Аталған режимдер шеңберінде алынатын ақпарат төлем балансы, халықаралық инвестициялық позиция және жалпы сыртқы борыш бойынша статистикалық және талдау ақпаратын қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Қазақстанда қазіргі кезде капиталдың орын ауыстыру еркіндігіне ешқандай да шектеу қоймайтын және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға ешқандай кедергі келтірмейтін ырықтандырылған валюталық режим жұмыс істейді. Валюталық ырықтандырудың негізгі мақсаты капиталдың қозғалысына қойылған валюталық шектеулердің толық күшін жою және экономикалық саясат бойынша шешімдер қабылдауға арналған база ретінде валюталық операциялардың ақпараттық статистикалық және талдамалық мониторингін құру болып табылады.
Назарларыңызға рахмет!!!
Valyutaly_1179_operatsialardy_retteu.pptx