Электив педиатрия.pptx
- Количество слайдов: 19
Тақырыбы: «Туа біткен жүрек ақаулары. » Орындаған: Бегалы Б Есенбек А Қабылдаған: Ахашева Ш Тобы: ЖМ 13 -022 -2қ
Жоспар: І. Кіріспе Туа біткен жүрек ақаулары туралы түсінік. ІІ. Негізгі бөлім 1. Туа біткен жүрек ақауларының эпидемиологиясы мен даму себептері 2. Жіктелуі. 3. Негізгі клиникалық көріністері. 4. Диагностикалық зерттеу әдістері және емдеу шаралары, профилактикасы 5. Туа біткен жүрек ақауының асқынулары. ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Туа біткен жүрек ақауы (ТБЖА) – бұл құрсақта қалыптасқан және баланың жүрек құрылымы мен ірі тамырларының нәресте дүниеге келгеннен бірге жүретін ақауы. Барлық жүрек ауруларының ішінде бұл аурулар 1 -2% шамасында. Барлық туған балалардың 0, 3 -0, 4% жүректің және магистралды қан тамырларының кемістігімен туады(100 нәрестенің 1 кездеседі). Оның 40% күрделі болып табылады және сәби бір жасқа келгенше оталық емдеуді талап етеді егер ешқандай шара қолданылмаса, балалардың өлім-жітімі 87% құрайды. Сондықтан, дертті дер кезінде сезіктеніп, нақты диагнозды анықтап және тиісті оталық емдеуді жүргізу өте маңызды
Туа біткен жүрек ақауларының даму себебі: Ø хромосомалық бұзылыс — 5 %; Ø қандайда бір геннің мутациясы 2— 3%; ØАнасының немесе әкесінің маскүнемдігі, жуктілік кезіндегі қызылшамен ананың ауыруы, дәрілік заттар, ата-анасының шылым шегуі 1— 2%; Ø полигенно-мультифакторлы тұқым қуалау — 90 %.
ТБЖА жіктеледі o. Жүрекшеаралық қалқаның кемістігі oҚарыншааралық қалқаның дара кемістігі o. Ашық артериялық түтік(Баттолов түтігі) o. Аортаның коароктациясы o. Тетрадо Фалло o. Пентадо Фалло
Жүрекшеаралық қалқаның кемістігі-жүрекшелер аралығында тесіктің болуы. Бұл жүректің туа біткен ақауларының 10 -20% құрайды, әйелдерде 3 есе жиі байқалады. . алық қалқаның кемістігі. Ашық овальді тесік (66%). Жүрекшеар
Клиникалық көріністері: Тесігі кішкене ақауда шағымы болмайды, үлкендеу тесікте § ентігу § тез шаршау § жүрек қағуы § шалыс соғуы Бұл шағымдар 20 жастан бастап білінеді. Науқастардың дене бітімі әдетте нәзік, тері жамылғылары боз келеді, басында цианоз білінбейді. Асқынулары: 1. Оң жүрекшенің ұлғаюынан дамитын ырғақ бұзылыстары. 2. Өкпе гипертензиясы 3. Рецидивтеуші бронхит, бронхопневмония.
Қарыншааралық қалқаның дара кемістігі
Клиникалық көрінісі: Ақаудың көрінісі кемістіктің санына, көлеміне, олрналасуына және өкпе артериясындағы қысымға тәуелді. Егер тесік аса ірі болса- ақаудың белгілрі жасқа толмаған кезден басталады. • Бала емшек емгенде ентігіп қалады, оқта-текте демін терең алады • Тойып еме алмаған бала үнемі аш қалып, гипотрофияға ұшырайды • Сәби үлкейе келе тұрақты цианоз пайда болады. • Жылағанда көгеріп, терісі мрамор тәрізді шұбарланады. Асқынулары: • Инфекциялық эндокардит • Өкпе гипертензиясы • Жүрек шамасыздығы.
Ашық артериялық түтік(ААТ) Артериялық түтік (Боталлов түтігі) өкпе артериясының сол тармағын және аортаның төмендеу бөлігінің бас жағын қосады. Боталлов түтігі солбұғанаасты артериясының аортадан таралған жерінің қарама-қарсысында немесе одан кейін орналасады
Клиникалық көріністері: Түтіктің диаметріне, өкпе артериясының қысымына тәуелді. • Ентікпе • респираторлық аурулармен жиі ауыру, • физикалық дамудың кешеуілдеуі • каротидтер биі диастолалық қысымның төмендеуі • пульстік қысымның ұлғаюы • әлсіздік сезіледі • Төстің сол жақ бойындағы II-III қабырғааралықар деңгейінде систолалық немесе диастолалық діріл білінеді, бірақ бәрінде бола бермейді. Асқынулары: • Инфекциялық эндокардит • Жүрек жеткіліксіздігі • Өкпе гипертензиясы • Артериялық түтіктің аневризмасы • Өкпе артериясының аневризмасы
Аортаның коароктациясы: Аортаның даму кемістгінен жергілікті тарылуы. Коароктация, доғаның мойын бөлігі мен бифуркация аралығының кез келген жерінде орналасуы мүмкін, бірақ ең жиі доға мойын бөлігінде орналасады. Бұл ақау туа біткен жүрек ақаулардың 15 -18% құрайды.
Клиникалық белгілері • Бас ауруы § жиі лоқсу §Көрудің нашарлауы §Тез шаршау §АҚ төмендеуі §Сан артериясының пульсациясының әлсіздігі Асқынуы • Миға қан құйылу • Жүрек жарылуы
§Іштегі нәрестеге жатыр ішінде феталды Эхо. КГ жасау ТБЖА бар болуын анықтауға және жүктіліктің әрі қарай тактикасын жүргізуге мүмкіндік береді. • Бала туған соң маман ең алдымен жүрек пен ірі тамырлардың жасына сәйкес барлық параметрлерін бағалауға міндетті, және алынған нәтижені баланың ақиқат мәртебесімен салыстыру керек. • Рентген тексеру. • ЭКГ, ФКГ. • Жүрек қуыстарын зондпен тексеру, ангиокардиография.
Күтімі: • Бала жатқан палатаның ауасы үнемі таза, жылы болуы керек, 20 -220 С. • Бала төсекте өзіне ыңғайлы жағдайда жатуы керек, бас жағы жоғары, кішкене балаларды бос жөргектеу керек. • Баланың терісін, шырышты қабықтарын таза ұстау керек. • Жеке бас гигиенасын сақтау. • Терінің ойылуының және өкпе қабынуының алдын-алу үшін төсектегі жағдайын алмастырып, қолға алып, терісін майлап тұру керек. • Жұқпалы аурулардан сақтандыру. • Тамақтың көлемін азайтып, жиі беріп тұру. • Баланың денесі құрысып-тырысқанда жедел көмек көрсету керек: басын, аяқ-қолын ұрып алмау үшін астына жұмсақ төсек немесе жөргек төселеді; тілі тыныс жолдарын жауып қалмас үшін тілұстағышпен ұстап немесе дәке оралған шпательмен басып тұру керек. • Тумастан бұрын пайда болған жүрек ақауы бар балалар педиатр мен врач-кардиологтың диспансерлік есебінде болып, уақтылы лабораторлы және клиникалық байқаудан өтіп тұрады.
Профилактикасы: • Аяғы ауыр әйелдердің жұқпалы аурулармен ауырмауын қадағалау • Босанудан алдын патронажға барғанда маскүнемділіктің және темекі шегудің зияндығын айтып түсіндіру • Тұқым қуалашылық деңгейін анықтау • Жуктілік кезінде қолдануға қарсы көрсетілімі бар дәрі – дәрмектерді шектеу • Жүктілікті жоспарлау
Емі: 90% жағдайда жүрек ақауларын оперативті жолмен емдейді. Жүрекке жасалынатын операциялар радикалдық (ақаудан мүлдем айықтыратын) және полиативтік (баланың жағдайын жеңілдететін, өмірін ұзартатын) болып бөлінеді. Заманауи кардиохирургия кез келген жастағы және салмақтағы балаларға әртүрлі оталарды жасауға мүмкіндік береді (жасанды қанайналым жағдайда жүрекке ашық тәсілімен оталар, жасанды қанайналымды қолданбай шағын инвазиялық оталар, шеткері тамырды тесу арқылы эндоваскулярлы оталар). Заманауи диагностика және ТБЖА жасалған тиісті ота балаға сау жүректі сыйлап оған қоғамның нағыз мүшесі болуға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер 1. http: //kazmedic. kz/archives/407 2. https: //ru. wikipedia. org/wiki/Врожденные_пороки _сердца 3. Шимкевич. В. М. , Догель А. С. , Тарханов, Островский В. М. , . Сердце // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона : в 86 т. (82 т. и 4 доп. ). — СПб. , 1890— 1907. 4. Thomas P. Shanley; Derek S. Wheeler; Hector R. Wong. Pediatric critical care medicine: basic science and clinical evidence. — Berlin: Springer, 2007. — P. 666. — ISBN 1 -84628 -463 -5. 5. ↑ Heart Defects: Birth Defects. Merck. Проверено 30 июля 2010. Архивировано из первоисточника 4 марта 2012.
Электив педиатрия.pptx