Гулсайраш слайд.pptx
- Количество слайдов: 14
Тақырыбы: Техногендік қауіптер Тексерген: Нүркенова Э. Орындаған: Нәбиолла Г. Топ: НДБ- 14 -6
Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Техногенге жалпы түсінік 2. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар 3. Зілзала туралы түсінік 4. «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабы ІІІ. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар-дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрттер, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестерінің зақымдануы туғызатын төтенше жағдайлар; Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар-өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), қатты әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялықжағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған төтенше жағдайлар;
Авария –технологиялық үрдістердің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы; Зілзала –бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлімжетімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді, 20%тропикалық циклондары, 15% -жер сілкінісі, ал қалған 25%-зілзаланың басқа түрлері. Зілзала-төтенше жағдайдың пайда болуына әкеліп соққан жойқын құбылыс;
Техногенді сипатты төтенше жағдайларға төмендегілер жатады: өндірістік; транспорттық авариялар (темір жол поездар, теңіз және өзен қайықтар) ; өрттер (жарылыстар); ҚӘУЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; СҚЗ тасталуымен (тасталуы ықтимал) авариялар; ғимараттардың кенеттен құлауы; электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар; коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру желілердегі авариялар; тазартқыш құрылыстардағы авариялар; гидродинамикалық авариялар (плотиналардың, бөгеттердің бұзылуы) жатады.
Екінші негізгі белгісі-таралу ауқымы мен келтірген материалдық шығынының көлеміне қарай төтенше жағдай мынадай ТЖ бөлінеді. нысандық төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықпаса; жергілікті төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан шықса, бірақ облыстың 2 ауданына ғана тараса; аумақтық төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы бір облыстың кем дегенде 3 ауданына тараса, немесе ТЖ ҚР 2 облысында пайда болса; барынша ауқымды төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының 3 немесе одан көп облыстарына тараса немесе көрші мемлекеттердің шекарасына шықса.
Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпа-шылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға. Қазақстан Республикасы аумағында мынадай зілза-лалар болуы мүмкін: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, сырғыма, дауыл, су тасқыны, буырқасын, өрт. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар дегеніміз адамдардың өз қолдарымен жасалып жаткан апаттар мен қирауларды айтады.
Зілзала түрлері: — Өндіріс орында болатын апаттар (зауыт-тарда, шахталарда және т. с. с). — Көлік жүйесіндегі апаттар. — Түрлі жарылыстар мен өрттер (өндіріс орын-дарында, мүнай, газ қүбырларында, энергия жүйесінде, коммуналдық жүйеде және т. с. с). Себептері: Бүгінде ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуынан өндіріс, қүрылыс, тау-кен байлығын өидіру, жаңа химиялық заттарды өндіріске енгізу сияқты іс-әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бүндай қарқынды даму экономикаға әсер еткенімен, экологиялық апатқа әкеліп соғу қауіпі де туындап отырады. Кей жерлерде жаңа техниканы және технологияны, материалдарды пайдалану ережелері сақталмайды, қауіпсіздік шаралары орындалмайды. Міне, осы сияқты қателіктердің салдарынан апаттың болу қауіпі туындайды.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарынавариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағыуәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында: — «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялыққұтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген. Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріптұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі. ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.
Қорытынды Қазақстан Республикасы аумағында жергілікті өзін-өзі басқару орындарының табиғи және техногекдік сипаттағы төтенше жағдайлардьщ алдын алу мен оларды жою ісіне қатысуына жол беріледі, бұл халықтың жергілікті мәні бар мөселелерді дербес шешуін қамтамасыз етеді. Жергілікті езін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі тәртібін заңда белгіленген шектерде азаматтардың өздері анықтайды. Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары мемлекет Конституциясына негізделеді және өзге де мемлекеттік нормативтік –құқықтық актілерден түзіледі.
Пайдаланылган әдебиеттер 1. «Қазақстан» : Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 589800 -123 -9, VIII том 2. Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С. Арпабеков. – Алматы, 2004.
Назар аударғандарыңызғ а көп рахмет!!!
Гулсайраш слайд.pptx