
www.ZHARAR.com - тенге.ppt
- Количество слайдов: 20
Тақырыбы: «Тәуелсіздік символы — ұлттық валюта тарихы »
Мақсаты: Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі —теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Оқушылардың бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандыққа тәрбиелеу
-Ажалдан ақша беріп құтылмас -Алтын шыққан жерді белден қаз -Базарда бәрі бар Ақшасыз ешкім бермейді -Ұры байымас, Сұқ семірмес -Байдың күні пәрменмен, Жарлының күні арманмен. -Ар - намысы таза адамның ақшасы аз болады. -Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, теңгелер, әртүрлі валюталар. Барысы: Ұйымдастыру.
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасының Президенттің 1993 ж. қараша 15 жарлығы бойынша айналысқа еңгізілді. Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Сонымен бірге, кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді.
1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар; 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген), 2001 жылы: 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген); 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген); Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген). 2002 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды. 2003 жылы: 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. 2006 жылы: 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн).
І бөлім. «Теңгенің шығу тарихы» Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 1991 жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті… Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльдік аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды. Ұлттық валютаны «теңге» , ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді. 1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді.
200 Теңге 10000 Теңге 2000 Теңге
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 www. ZHARAR. com ғасырларда өмір сүргені анықталды
ІІ бөлім. « Теңге — ұлттық табыстың кепілі» Тапсырмалар: 1. Сандар сөйлейді 2. «Әр елде — өз валютасы » 3. Логикалық есептер 4. Сұрақ жауап
1. Сандар сөйлейді: 1991 ж. 16 –желтоқсан 1992 ж. 4 -маусым қараша 1995 ж. 30 тамыз 1997 ж. 06 шілде 1997 ж. 11 шілде 2010 ж. 1 -2 -желтоқсан 30. 01. -07. 02. 2011 ж-
2. «Әр елде — өз валютасы » Қырғызстанда. Ресейде – Германияда — Америкада — Ұлыбританияда. Украинада — Қытайда — Тәжікстанда — Өзбекстанда — Түркияда – Латвияда – Кореяда —
3. Логикалық есептер шешу. «Теңге» 1 -есеп: 3728954106 санының цифрларынан 3 цифрді өшіріп және қалған цифрлардың орнын сақтап, ең кіші санды табыңыз. 2 -есеп: Қашан теңеседі: Бір ананың үш қызы болады. Шешесі 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19 -ға, ортаншысы 11 -ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады. Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі? Ойлынып көр. «Тиын» 1 -есеп: 2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? 2 -есеп: Әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады? Теңдеу арқылы шеш.
4. Сұрақ –жауап: 1. Қай жылы Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті? 2. Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар қандай болды? 3. Алғашқы кезде теңгенің бірінші шығарылған қатары? 4. Алғашқы теңгелер қай елде шығарылды? 5. Алтын адам киімі каншама алтын әшекейлермен безендірілген?
5000 Теңге 500 Теңге 1000 Теңге
АСТАНА. -қарашаның 15 -і - ұлттық валютамыздың айналысқа енген күні. Қазақ елінің егемендігін әйгілеген тағы бір аса маңызды құрал ретінде 1993 жылы қолымызға тиген теңге алғашқы мүшелін абыроймен артқа тастады. Осыған орай, төл теңгеміздің төңірегіндегі бүгінгі ахуалға қысқаша шолу жасағанды жөн көрдік. Қазіргі заманда қандай да бір валюта болмасын, алдымен оның АҚШ доллары мен еуроға қатысты бағамы, сосын тұрақтылығы ауызға алынады. Ол заңдылық та. Күн сайын құбылған мына заманда тірнектеп жиған ақшаңды не саудаға, не кәсіпке «жегесің» , әйтпесе банктердің депозиттік салымдарына саласың. Әйтеуір, қолдағы капитал құр жатпауы тиіс. Сондықтан, банкке саларда қай валютамен тиімді, қайсысы сенімді болатынына назар аударасың. Теңге туралы, депозиттік салым туралы айтқанда, инфляция жайында сөз қозғамау мүмкін емес. Өйткені қолдағы қаражатты банктің депозитіне салып қойып, «пәленше пайыз сыйақы алам» деп малданып жүргенде, оны инфляция жұтып қоюы әбден мүмкін. Ал біздегі инфляция әжептәуір. Ресми деректер бойынша біздегі жылдық инфляция биыл 10 пайыз болатын түрі бар. Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов осы аптада жылдық инфляция -10 пайыз, ал орташа жылдық инфляция -15 пайыз шамасында болатынын айтты. Оның деңгейіне ішкі және сыртқы ықпалдар бірдей әсер етіп отыр. Атап айтсақ, әлемдік рыноктағы тауарлар бағасының өсуімен бір мезгілде ішкі рыноктағы тарифтердің өсуі де орын алды. Тағы бір назар аударатын жайт - банктердің сырттан қарыз алу мәселесі. Бұл да белгілі бір деңгейде теңгенің қазақстандықтар үшін тиімділігіне әсер етуі мүмкін. Олай дейтініміз, АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың салқынымен жалпы халықаралық қаржы рыногында өзара қарыз алу мүмкіндігі қиындады. Бұл жағдай Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденовтың пікірінше, 2008 жылдың бірінші жартысына дейін созылуы мүмкін. Демек, сыртқы қарыздарға көбірек иек артып келген біздің екінші деңгейлі банктер қажетті қаражатты енді ішкі нарықтан, отандық ресурстардан іздеуге мәжбүр. Соның бір көрінісін әлден-ақ байқауымызға болады. Қазір банктер жаппай халықты депозиттік салымдарға қызықтыруға ұмтылып, салымдардың тартымдылығын, олардың пайыздық сыйақыларын көтеріп жатыр. Бұл бағытта тіпті қатаң бәсеке жүріп жатыр десек те болады. Бұл қолында аз-маз артық ақшасы бар жұрт үшін тиімді құбылыс. Тек салымды қай валютамен салатындығын пайымдап алған жөн. Ал ұлттық теңге өзінің тұрақтылығын күн өткен сайын дәлелдеп келеді. Өйткені ол – Ұлттық валюта. Теңгеміз көбейіп, табысымыз арта берсін, !
Қорытынды: Қазақ халықының өз ұлттық валютасының пайда болуы тәуелсіз ел мемлекет екендігіміздің шынайы айнасы болып табылады. Өз валютамызды енгізу – біздің халықтарымызды бөлетін ТМД елдері арасына қойылған ешқандай жасанды кедергі болып табылмайтынын ашық жариялағанымыз. Тауарлардың, адамдардың барыс-келісінің, капиталдың өзара еркін қозғалысына да тосқауыл болмайды. Бұған қоса Қазақстан – Ресей келіссөздері барысында Ресейдің үкіметімен реформасына байланысты Қазақстанға техникалық және басқа да көмектер беруге міндеттеме қабылдады. Біздің Отанымыз — егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 -дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Қорытынды шығару: Ақша еңбекпен, біліммен келеді.
Рахмет www. ZHARAR. com
www.ZHARAR.com - тенге.ppt