ЭКОЛОГИЯ.pptx
- Количество слайдов: 30
Тақырыбы: Су, орман, жануар заңдарын бұзғандығы үшін құқықтық жауапталық
Су заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық - ҚР-да су заңнамасы ең алдымен Конституцияға негізделеді, 2003 ж 9 шілдеде қабылданған Су Кодексіне және Экологиялық Кодексіне негізделеді. - Су Кодесінің 1 бабына сәйкес барлық су объектілерінде орналасқан су ресуртары сулар болып табылады.
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу Су қорын пайдалану мен қорғаудың негізгі принциптері мен бағыттарын айқындау ҚР су Кодексіне сәйкес арнайы міндеттер орын алған: су ресурстарын зерттеу, барлау және осы ресурстарын су шаруашылық құрылыстарын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы қатынастарды басқару Су қатынастарын реттеу Тұрақты су пайдалануды және су қорын қорғауды қолдау мен дамытудын құқықтық негіздерін қамтамасыз ету
ҚР су қоры айрықша меншік те болады, су айдындарына жатады: ü Өзендер мен оған теңетірілген каналдар ü көлдер ü Су қоймалары ü Ішкі сулар ü Аумақтық сулар ü Мұздықтар ü Батпақтар ü Мемлекет аралық және респулика аралық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары алып жатқан су қорларының жерлері
Су объектілері: q Жер үсті су объектілері q Жер асты су объектілері q Теңіз сулары q Трансшекаралық сулар Пайдалану түрлеріне қарай: Ø Ортақ пайдаланудағы су объектілері Ø Бірлесіп пайдаланудағы су объектілері Ø Оқшау пайдаланудағы су объектілері Ø Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық су объектілері Ø Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілері
Жер үсті су объектілері: • Су айдындары • Өзеңдер және оған теңестерілген каналдар • Көлдер • Су қоймалары • тоғандар (арық) • Басқа ішкі су айдындары • Аумақтық сулар 1 • Мұздықтар • Батпақтар 2
Жер асты су объектілері: § Су тұтқыш аумақтар § Тау-кен жұмыстарының жиектері, кешендері 2. Жер асты суларының бассейндері; 3. Жер асты суларының орынары; 4. Жер астының құрлықта немесе су астынан табиғи шығуы; 5. Жер қойнауының суландырылған учаскелері. 1
Жеке және заңды тұлғаларға қатысты су объектілері Қысқа мерзімді пайдалануға арналған Ұзақ мерзімді пайдалануға арналған (5 жыл) (5 -9 жыл)
Суларды қорғау мен ұтымды пайдалану саласындағы ұйымдастырушылық құқықық құралдары: v v v Су объектілерінің ұтымды пайдалануды жоспарлау; Суларға әсер етудің шекті мөлшерлерін нормалау; Су объектілерінің мемлекеттік мониторингі; Мемлекеттік су есебі; Су объектілерінің қорғау мен пайдалануға мемлекеттік бақылау.
Жер заңдарын бұзғаны үшін занды жауаптылық
Жер заңдарын бұзғаны үшін занды жауаптылық Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың барлық түрлерін біріктіретін бір жағдай бар. Бұл — жер қатынастары, осы салада жер құқығы қатынастары туындайды және олар жоғарыда аталған құқық салаларының нормаларына ауысады және Қазақстан Республикасы еңбек, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық кодекстерінің тиісті баптарының диспозицияларынан орын алады.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексінін, 277 -бабы мынаны көздейді: «Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды және пайдалану объектілерінің басқа да түрлерін, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялық объектілерді жобалау, орналастыру, салу, жөндеу, қолданысқа беру және пайдалану, қалалар мен өзге де елді мекендер құрылысы кезінде, сонымен қатар, әскери және қорғаныс объектілеріне әскери және ғарыштық қызметке қатысты экологиялық талаптарды осы талаптарды орындау үшін жауапты тұлғалар бұзған жағдайда, егер бұл қоршаған ортаның елеулі ластануына, адам денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар және өсімдіктер элемінің жаппай қырылуына және өзге де ауыр салдарға алып келсе, — белгілі бір лауазымды иелену не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге дейін айыра отырып не бұларсыз 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады» .
ҚР Жер кодексінің 93 -бабына сәйкес жауаптылықтың субъектісі ретінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар болуы мүмкін.
Мақсаты бойынша пайдаланбаған немесе жер зандарын бұза отырып пайдаланған жер учаскесін алып кою тәртібі ҚР Жер кодексінің 94 -бабында көзделген. ҚР Жер кодексінің 92 -бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою туралы талап-арыз меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейін кемінде бір жыл бұрын учаскені мақсаты бойынша пайдалану кажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін және осы уақыт ішінде жер учаскесінің меншік иесі не жер пайдаланушы учаскені мақсаты бойынша пайдалану жөнінде қажетті шаралар қолданбаған жағдайда ғана берілуі мүмкін. ҚР Жер кодексінің 92 және 93 -баптарында аталған негіздер бойынша сот шешімімен учаскені меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып койған жағдайда жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы (жер учаскесінің мемлекеттен сатып алынған жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу және атқарушылық заңдарында белгіленген тәртіппен ашық саудасаттықта сатылады.
• Жеке және заңды тұлғалардың меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзатын әрекеттері құқыққа қайшы болуы мүмкін. Мысалы, бөтен жер учаскесін өз бетімен басып алу, өз бетімен пайдалану, меншік объектілерін өз бетімен орналастыру, жерлерді уландыру, ластау және т. б. • Жер учаскелерінің сапасынын нашарлауы топырақтың құнарлығын бұзуға, су режимін нашарлатуға, ауыл шаруашылығы өнімдері мен өсімдіктер үшін зиянды заттар бөліп шығаратын объектілер құрылысы және оларды пайдаланудың нәтижесінде орын алуы мүмкін. • Қазіргі кезде көршілес ауыл шаруашылығы жер пайдаланушыларының — мұнай-газ-металл өндіруші өнеркәсіп субъектілерінің жоғарыда аталған іс-әрекеттері жиі орын алып жатады. • ҚР Жер кодексінің 166 -бабында зияндарды өтеудің тәртібі белгіленген. Меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген шығын оны келтірушінің есебінен етеледі.
Өтемақы мөлшерін айқындау кезінде оған мыналар енгізіледі: v жер учаскесінің немесе жер пайдалану құкығының нарықтық құны; v жеміс ағаштары мен көпжылдық екпелерді қоса алғанда, учаскедегі жылжымайтын мүліктің нарықтық құны; v жеручаскесін игеруге, оны пайдалануға, қорғау іс-шараларын жүргізуге, топырақ құнарлылығын арттыруға байланысты шығындардың инфляциясы есепке алынған құны; v меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға үшінші тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты келтірілген шығынды қоса алғанда, олардан жер учаскесін алып қоюмен байланысты келтірілген барлық шығын; v алынбай қалған пайда енгізіледі.
Орман заңдарын бұзғаны үшін құқықтық жауаптылық
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы 1. 2. 3. 4. 5. 6. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану құқығы тендер нәтижелерi туралы хаттама және сол негiзге алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды. Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану құқығы орман билетiнiң негiзiнде туындайды. Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен басқа адамға ауысады. Орман пайдаланушы заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесiлi орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады. Орман пайдалану құқығы - орман пайдалану түрi сақталғанда ғана, құқық мирасқорында орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат пен өндiрiстiк қуаттар және облыстық атқарушы органдар айқындайтын тиiстi біліктiлiкке ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөніндегі қызметтiң лицензияланатын түрi жүзеге асырылатын жағдайда лицензиясы бар болған кезде ғана ауысуы мүмкiн. Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетiне, орман билетiне өзгерістер енгізу арқылы ресiмделедi. Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын тәртiппен туындайды.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану 1) Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға тендер хаттамасы негiзiнде және кейiн қарауында мемлекеттік орман қоры учаскелерi бар уәкiлеттi орган немесе облыстық атқарушы орган мен орман пайдаланушы арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi. 2) Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман ресурстары орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қаражаты мен өндiрiстiк қуаттары және тиiстi біліктiлiкке ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi. 3) Орман ресурстарын сүрек дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттік орман қоры учаскесiнде сүрек ресурстары орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бірақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi. 4) Мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру сол аумақта тұратын халықтың мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс. 5) Мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиіс.
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР заңның жалпы сипаттамасы. Жануарлар әлемін пайдалану және қорғау туралы заңдардың бұзылғаны үшін жауаптылық
q Жануарлар дүниесі қоршаған ортаның құраушы бөлігі және экологиялық жүйе шынжырының бөлінбес тізбегі болып табылады. Ол қарапайым қауымдастықтардың жұмыс істеуіне, топырақтың құрылымы мен табиғи өнімділігіне, өсімдік жамылғысының, судың биологиялық құрамының қалыптасуына және жалпы қоршаған ортаның сапасына белсенді әсер ететін, табиғат энергиясы мен заттар алмасу процесінің қажетті құрамдасы болып табылады. q Жануарлар түрлерін санаттарға жатқызу және оларды бір санаттан екіншісіне ауыстыру жануарлар дүниесінің түрлік алуандылығын сақтау, өсімін молайту және тұрақты пайдалану мақсатында жүргізіледі. q Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы қаулысымен Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесіне мемлекеттік есептеу, кадастр және мониторинг жүргізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалануды мемлекеттік басқару үшін, сондай-ақ жануарлардың биологиялық әралуандылығы мен тіршілік ету ортасын сақтап қалу мақсатында жүргізіледі. q ҚР Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі Заңының 1 бабында жануарлар дүниесі және қорғалуы, өсімінің молайтылуы және пайдаланылуы Заңмен реттелетін жануарлардың заңдық ұғымы беріледі.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілде қабылданды. Бұл заң 9 тараудан, 61 - баптан тұрады.
Аңшылық және аң аулау шаруашылықты құқықтық реттеу. Балық аулау және балық шаруашылығын құқықтық реттеу. Жануарлар дүниесін пайдаланудың негізгі түрлерінің бірі аң аулау болып табылады. Аңшылық мынадай түрлерге бөлінеді: 1. өндірістік аң аулау; 2. әуесқойлық аң аулау; Заңды тұлғалардың, сондай ақ жеке кәсіпкерлердің өндірістік балық аулауға рұқсаттамасының бар жоқтығын, аулауды жүргізу ережелерін сақтауын және рұқсат етілген балық түрлерін аулағанын бақылауды арнайы уәкілетті орган іске асырады. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық органдары ғылыми мекемелермен келісе отырып, балық аулау мақсатының басталуын ертерек немесе кеш мезгілге, алайда балық аулау маусымы жалғасатын жалпы мерзімнен 15 күнтізбелік күннен асырмай белгілеу туралы шешім қабылдай алады.
Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабы.
Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Парижқаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды.
v Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1 -томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2 -томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2 -басылымы, 1972 ж. 3 -басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4 -басылымы 5 том болып жарық көрді. v Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақ - ерекше қорғау режимі бекітілген мемлекеттік табиғиқорық қорының обьектілері және жер, су және олардың үстіндегі әуе кеңістігі, табиғи кешендер орналасқан аймақ. ü Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың табиғи кешендері дегеніміз – қорғалуға жататын, биологиялық әртүрлілік пен өлі табиғат обьектілерінің жиынтығы. ü Мемлекеттік табиғи-қорық қоры – мемлекеттік қорғауға алынған, аса экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар қоршаған орта обьектілерінің жиынтығы. ü Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар және ондағы экологиялық, ғылыми, мәдени маңызы бар қоршаған орта обьектілері ҚР ұлттық құндылығы болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы негізгі принциптерге мыналар жатады: q ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды бірегей және кәдімгі ландшафттарды, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен қалпына келтіруді қамтамассыз ететін биологиялық жүйенің компоненті ретінде дамыту; q ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік реттеу мен бақылау; q мелекеттік табиғи-қорық қорын және экологиялық жүйелерді сақтау; q ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды ғылыми, мәдени, ағартушылық, білім беру және туризм мақсаттарында пайдалану; q ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды пайдаланудың ақылы болуы; q ерекше қорғалатын табиғи аймақтар саласындағы ҚР заңнамаларын бұзған үшін жауаптылық; q ерекше қорғалатын табиғи аймақтардағы мәселелерді шешуге жеке жіне заңды тұлғалардың қатысуы; q ерекше қорғалатын аймақтартарда ақпараттың қолжетімділігі; q ерекше қорғалатын аймақтарда халықаралық ынтымақтастық;
Атмосфералық ауа мониторингi v Атмосфералық ауаның жай-күйiн байқау, оның жай-күйiн кешендi түрде бағалау мен болжау, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды, ұйымдар мен халықты атмосфералық ауаның сапасы туралы ағымдағы және шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторингiн ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтарында оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi. v Атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторингi Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттiк мониторингiнiң бiртұтас мемлекеттiк жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. v Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшелерi атмосфералық ауаның өндiрiстiк мониторингiн жүзеге асыруға тиiстi ұйымдардың тiзбесiн белгiлейдi
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
ЭКОЛОГИЯ.pptx