
саят част ихтио.pptx
- Количество слайдов: 12
ТАҚЫРЫБЫ: СКАТ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАСЫ, ОТРЯДТАРЫ, ТАРАЛУЫ, КӨЛЕМІ МЕН ПІШІНДЕРІ, МАҢЫЗЫ Орындаған: Қабдылманап С. Тексерген: Сапарғалиева Н.
Қарастырылатын сұрақтар v Скаттар Құрылысы Қорегі v Түрлері v v
Скаттар-Batamorpha Скаттар (лат. Batomorpha ), тұтасқанат тылар тақтажелбезектілер отрядының үстіңгі тобына жататын балықтар. Жоғары юра кезенінең белгілі, жоғары бор дәуірінде көп тараған. Негізінен мұхиттарда (тереңдігі 2700 м-ге дейінгі жерлерде), тропиктік аймақтардағы өзендерде кездеседі. Скаттардың 5 отряды, 16 тұқымдасы, 50 туысы және 350 -дей түрі бар. ü
Құрылысы: Скаттардың акулалардан ерекшелігі сол, олардың 5 желбезек саңылауларының түгелдей бастың вентральды жағында орналасуы. Бұлардың тұлғасы дорсовентральды бағытта күшті жалпайған, ал кеуде жүзбеқанаттары дене мен бастың бүйір жақтарымен бірігіп кеткен. Жыпылдауық жарғақша болмайды. Аналь жүзбе қанаты жоқ. ü
Денесі тығыз, жалпақ, диск не ромб тәрізді, ұзындығы 30 см-ден 7 м-ге, салмағы ірілерінде 2, 5 т-ға дейін жетеді. Терісі тықыр, кейде бұдырлы. 5 жұп желбезек саңылаулары бауыр жағында орналасқан. Жалпақ басы кеуде жүзу қанаттарымен бірігіп кеткен. Арқа жүзбеқанаттары құйрық жағында, көпшілігінде ол жоқ. Кеуде жүзбеқанаттары өте үлкен болады. ü
Көптеген түрлерінде құйрығының сабағы нашар дамыған, ал құйрық аппаратының қалақтары редукцияға ұшырауы мүмкін. Скаттардың бүріккіші жақсы жетілген: осы бүріккіш арқылы желбезек қуысына су жиналады. Скаттардың көпшілігі су түбінде тіршілік етеді, тек аздаған түрлері -пелагикалық балықтар. ü
ü ü Скаттар — әдетте тірідей не жұмыртқалап туатын балықтар, ромб скаттәрізділер жұмыртқа салады. Скаттардың көпшілігі — бентофагтар (су түбінде тіршілік ететін жәндіктер), араларында жыртқыштары да кездеседі. Қорегі: Cу түбі омыртқасыздары және майда балықтармен қоректенеді.
ü Скаттардың көп түрінің еті жеуге жарамды, жүзбеқанаттары бағалы, бауырынан тех. май алынады.
ü Кейбір түрлері (денелерінің бүйір жақтарында орналасқан эл. органдары мен улы бездері бар құйрық бөлігі) адамдарға қауіпті. Бұрынғы КСРО теңіздерінде (Азов және Қара теңізде) 10 -нан астам түрі мекендейді. Олар кәсіптік мақсатта кеңінен ауланады.
ü Азов және Қара теңізде тіршілік ететін скаттардың құйрығының түбінен кертпелі сояу сойдиып тұрады, сол себептен ол түрі қазыққұйрық деп аталады. Қазыққұйрықтың сояуында улы без болады.
ü Сондай-ақ электрлі тұтасқанаттылар бар, олар оңтүстіктегі теңіздерде тіршілік етеді. Мұндай скаттардың 300 -ден астам түрі барлық тропиктік және субтропиктік суларда кездеседі. Скаттар жемін аулағанда кертпелі сояуды немесе электр зарядын пайдаланады. Олардың электр зарядының кернеуі 8 -ден 220 вольтқа дейін жетеді. Скаттар жұмыртқа арқылы немесе тірідей шабақтап көбейеді.
Назарларыңызға рахмет
саят част ихтио.pptx