311_oz.pptx
- Количество слайдов: 25
Тақырыбы: шет елдік денсаулық сақтау ісі. Орындаған: Сәулебаев Қ. 332 топ ЖМ Тексерген: Балданбаева Д. Ә.
Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі мынадай түрде басқарылады: Орталық танды рылған • Орталық тандыры лмаған жартылай орталық тандырыл маған.
Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Денсаулық сақтау жүйесінің басқарылуы. 2. Денсаулық сақтауды қаржыландыру түрлері. 3. Дамушы елдердегі денсаулық сақтау ісі. 4. Амбулаторлық емханалық көмек. 5. Әлемдік денсаулық сақтау. 6. Балалардың әлемдік жағдайы. ІІІ. Қорытынды.
• Орталықтандырылған Ресейде, Ұлыбританияда және басқа мемлекеттерде дамыған. Мемлекет басқару жүйесін үлкен мөлшерде орталықтандырады және денсаулық сақтау жүйесі бір министрліктің басқаруымен жүзеге асады. Бұның маңызы: мемлекеттік заңдылық, мемлекеттік қаржыландыру, мемлекеттік жүйеге кадрлар дайындау және бірыңғай принциптер. Денсаулық сақтау министрлігі бұйрық шығарады, оны барлық денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері орындау тиіс. Денсаулық ұйымдары: облыстық, аудандық; мекеме дәрігерлік жәрдем көрсететін мекеме.
Орталықтандырылған жүйенің артықшылықтары: Бағдарлы нормативтер өңдеу; Үлестіру жүйесі; Аймақта жергілікті нормативтік актілерді жасаудың қажеті жоқ.
Кемшіліктері Әртүрлі аймақтарда бірыңғай нормативтер болмайды (тұрғындардың тығыздығы, табиғи жағдайлар т. б байланысты ). Ұлыбританияда орталықтандырылған жүйе, өздерінің жергілікті нормативтерін енгізуге рұқсат берілген, ұйымдар мен мекемелерге арналған денсаулық сақтауда бұйрықтар, жарлықтар арнайы министрліктің бұйрығымен ұсынылған.
• Жартылай орталықтандырылмаған басқару жүйесі: министрліктің бұйрығы бойынша бекітілген нормативтік актілерді денсаулық сақтау мекемелері орындауға тиісті. • Толық орталықтандырылмаған мемлекеттер бар. Югославияда министрлік және территориялық билік орындалуы міндетті емес, себебі денсаулық сақтау мекемелері толық ерікті. Дәрігерлік кеңес басқару тобын таңдайды және директорды сайлайды (медициналық білімді болуын қажет етпейді). Басқару тобы нормативтерді өңдейді: жұмыс уақытының ұзақтығын, әр қызметкердің жұмысын, мадақтау және тағы басқа.
Денсаулық сақтауды қаржыландырудың түрлері: Мемлекеттік Сақтандырылған Жеке кәсіпкерлік
Мемлекеттік қаржыландыру • Ресейде, Ұлыбританияда, мемлекет қаржы көлемін талқылайды, ал денсаулық сақтау министрлігі қаржы министрлігімен бірге тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етуді кепілдендіреді.
Медициналық сақтандыру Скандинавтық мемлекеттерде өте жақсы қалыптасқан. Мемлекет өз бюджетінен 30% қаржы медициналық жәрдем мен денсаулық сақтау мәселелеріне бөледі. Медициналық көмек тегін көрсетіледі инфекциялық ауруларда, тұрғындардың дәрежесімен (мысалы: сотталған, балалар, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер). Қаражаттың 30% жұмыс берушілер төлейді. 3 40% тұрғындардың салығы түрінде кіреді. Мемлекет төмен медициналық көмекке кепілдік береді
Дамушы елдердегі денсаулық сақтау ісі Бұл мемлекеттерге Орталық Африка елдері, Оңтүстік – Шығыс Азия елдері жатады. Бұл елдерде медициналық көмек кезеңмен көрсетіледі. Бірінші кезеңде тұрғындардың аз болуына және үлкен емес аймақтарда дәстүрлі емес медицина емшілік деңгейінде қалыптасқан. Әрбір аймақтық пунктте денсаулық орталықтары бар, оларда төменгі медициналық персонал, кейде фельдшерлер қызмет етеді. Аурухана немесе медициналық орталықтағы учаскелік дәрігер бірнеше медициналық орталықтарға жетекшілік етеді. Сосын мамандандырылған көмек көбіне қалаларда шоғырланған. Дәрігерлер учаскелік мезгілімен ауруханаға барады, керек жағдайда медициналық көмек көрсетеді.
Төлемдер жүйесі Жалпы тәжірибелік дәрігер көмек көрсететін жеріне және халқының санына байланысты айлық алады. Мысалы, 50 мың халыққа 10 мың қаржы бөледі. Сақтандыру мекемесі және стандартты медициналық емдеудің барлық түрі сақтандыру компаниясы арқылы төленеді. Мысалы, гипертоникалық аурудың нақты емдеу түрі және ұзақтығы анықталған. Араласқан төлем жүйесі: тіркеудегі тұрғынға емдеу заттары бөлінеді, нәтижесі мен дәрігердің қызметі үшін төленеді.
Амбулаторлық емханалық көмек Ресейде емхана медициналық көмекті көрсету бойынша алдынғы орында, бірақ қымбат. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі елдерде кездеседі. Көп кездесетін тәжірибелік топ бөлімшесі: мемлекеттік дәрігерден басқа науқасты қабылдайтын жеке дәрігерлер айлықты сақтандыру компаниясынан алады. Шет елдік стационарлық мекеменің ерекшелігі онда дәрігерлер аз жұмыс істейді, көбіне орта буын қызметкерлері. Дәрігерлердің көп бөлігі операция және консультация жүргізілуге шақырылады. ЖТД өзінің бақылауындағы науқасқа операция жасағанда қатысады.
Әлемдік денсаулық сақтау көптеген жұқпалы аурулардың алдын алады ӘДС арқылы мамандар технологиялар ауыстырылады. қажеттіліктерді қайырымдылыққа жұмсасау қазір мамандық дайындауға ұлттық жоспарлар жасалады. аурудың таралуын, өлім дәрежесін анализдейді әртүрлі аурулар жиынтығын үйренеді.
ЖЕНЕВА, қаңтардың 22 сі, 2008 жыл – ЮНИСЕФтің бүгін Женевада өткен «Балалардың әлемдегі жағдайы, 2008 жыл: Балалардың қатаюы» басты баяндамасының тысаукесерінде, басты назар бес жасқа жетпеген балалардың арасындағы өлім жітім көрсеткішін төмендету мәселесене аударылды. Соңғы статистикалық мемлеметтерге сай бес жасқа жетпеген балалардың арасындағы өлім жітім деңгейі төмендеді, бірақ «Балалардың әлемдегі жағдайы, 2008 жыл» баяндамасында тек қана цифрлер емес, сонымен қатар осы саладағы жетістіктерге апаратын нақты бастамалармен шаралар ұсынылады.
ЮНИСЕФ тін басты партнерлары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік банк ұсынған материалдарда негізделген. Баяндамада «Балалардың құтаюы мен дамуын қамтамасыз ететін жедел бағдарлама» атты жемісті бастамасының барысында Сахарадан оңтүстік орналасқан Африка елдеріндегі кедей үй шаруашылықтарына бәрін қамтушы бастапқы медициналық көмек көрсетілуі туралы, сонымен қатар «Қызылшамен күресу бастамасы» атты ғаламдық кампаниясының нәтижесінде 2000 жылдан бастап балалар арасындағы өлім жітім көрсеткіші әлем бойынша 68 пайызға, ал Африка елдерінде аталған көрсеткіштін 90 пайыздан астам төмендеуі сияқты бастамалары туралы мысалдары келтірілген.
Ана мен бала өлім жітім көрсеткіштін төмендетуі жүйесі • саясат және бағларламаларды әзірлеу үшін сенімді ақпаратты ұсынуға; • ауруларға қарсы күреспен тамақтандыруды жақсартуға бағытталған күшті үздіксіз медициналық көмек көрсету үшін біртұтас шара пакетіне біріктіруге; • ұлттық стратегиялық жоспарлау денсаулық қорғау қызметтерін қолдау мақсатымен тамақтандыру және аналар мен нәрестелер және балдырғандық жастағы балалардың денсаулығын қорғау сұрақтарын есепке алуға • денсаулық сақтау жүйесінің сапасын жақсартуға және оның қаржыландыруын көтеруге; • үздіксіз медициналық көмекті қамтамасыз ететін саяси миндеттемелерді ұстануға; және де • денсаулық сақтау саласындағы ғаламдық жүйелермен серіктестіктерді біріктіруге шақырады.
ЮНИСЕФ туралы анықтамалық ақпарат. ЮНИСЕФ балалардың жас кезінен бастап бозбалалық шағына дейин өмір сүрулері мен гулденуін қамтасыз ету мақсатымен 150 ден астам елдерде жұмыс істейді. Дамушы елдеріне ең ірі вакцина жабдықтаушысы ЮНИСЕФ сонымен қатар, балалардың денсаулығын қамтамасыз ететін, таза су және санитарлық жағлайды, барлық қыз балалармен ұл балаларға білім беруді көздейтін, және зорлық пен СПИД тен қорғайтын басқа да бағдарламармен айналысады. ЮНИСЕФ тің қайраткерлігі тек ғана жеке адамдардың, компаниялар мен қорлар өкілдерінің, үкіметтердің ерікті жарнақтарымен қаржыланады.
Қорытынды: Қазіргі кезеңде денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалардың жетістіктері • медициналық санитарлық көмекті ұйымдастыру • Басқару • қаржыландыру • денсаулық сақтау жүйесінің экономикасын жақсартуды жетілдіру.
Шет елдерде • емдеу профилактикалық шараларды жүргізу • денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету • азаматтардың құқықтарын сақтау • медициналық сақтандыру жақсы жетілген.
Мемлекет қаржыны • • • Мамандар дайындауға медициналық мекемелердің құрылысына жаңа аппаратуралармен қамтамасыз етуге жұқпалы аурулардың профилактикасына әлеуметтік қауіпті ауруларға жұқпалы емес көп ауруларға бөледі
Қолданылған әдебиеттер: Индейкин Е. Н, Кричагин В. И, Мыльникова И. С. Зейнеткерлер, инвалидтер, жұмыссыздар. 1992 жыл, 64 бет (аудармасы). Индейкин Е. Н, Кричагин В. И, Мыльникова И. С. Денсаулық сақтауды қаржыландыру. 1992 жыл, 78 бет. (аудармасы). Кричагин В. И. , Мыльникова И. С. , Индейкин Е. Н. Денсаулық сақтау жүйесінің дамуы. 1992 жыл, 96 бет. (аудармасы). Лисицын Ю. П. , Стародубов В. И. , Гришин В. В. Медициналық сақтандыру. 1994 жыл, 96 бет. (аудармасы). http: //www. unicef. org/sowc 08.
Назар аударғандарыңызға рахмет !
311_oz.pptx