Тақырыбы: “Сан есім” (3, 4, 5, 7 - сыныптарда )
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Білімділігі: Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайтып тиянақтау, олардың өздеріне мысал келтіру арқылы жаңа сабақты игерту, сан есімнің жасалу жолдарын даралай, жіктей білуге әрекеттендіру. Дамытушылық: Жеке тұлғаның ой қабілетіне әсер ету арқылы тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорларын молайтып, қазақша сөйлеуге бейімдеу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, этникалық тәрбие беру.
САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕРІ: Әдісі: Сатылай кешенді талдау, түсіну, тану, қолдану, әрекеттендіру, сұрақ-жауап, топпен, жұппен жұмыс. Түрі: Панорамалық сабақ Типі: Білімді қорыту және жүйелеу, тест сұрақтарымен жұмыстану, дидактикалық материалдармен, оқулықпен жұмыс. Көрнекілігі: Кестелер, ережелер, сабақтың қосымша материалдары
САНАП КӨРСЕТЕЙІК, САНДАРМЕН ТАНЫСАЙЫҚ: • • а) 1 – 10 -дейін санап шығу ә) 10 – 1 -дейін санап шығу 10 (он) 30 (отыз) 50 (елу) 70 (жетпіс) 200 (екі жүз) 500 (бес жүз) 700 (жеті жүз) 900 (тоғыз жүз) 5000 (бес мың) 7000 (жеті мың) 3000 (үш мың) 10000 (он мың)
САН ЕСІМНІҢ ҮШ ТҮРІ: Есептік Реттік Жинақтық
КЕСТЕМЕН ЖҰМЫС Есептік сан есім бес ( қанша? ) Реттік сан есім бесінші (нешінші? ) Ортақ ұқсастықтары : сан есім, бір түбірлі сөздер. Жинақтық сан есім бесеу ( нешеу? )
САН ЕСІМНІҢ ТҰЛҒАСЫ: Құрамына қарай дара күрделі Тұлғасына қарай негізгі туынды Мағынасына қарай Есептік (неше? ) Реттік Жинақтық (нешінші? ) (нешеу? ) Болжалдық (шамамен неше? ) Топтау (нешеден? ) Бөлшектік (нешеден неше? )
САН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ: 1. 2. 3. 4. 5. Жеті- қасиетті сан. Екі екім - төрт. Үшеуінен үйренгенің саған жетеді. Айжан жаңа әнді екі рет айтты. Қайраттың бес - алты асығы бар.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ГРАММАТИКА Сан есім Имя числительное айырмашылығы: 1. Сан есімнің орыс тілінен байланысу арқылы айырмашылығы бар. Мысалы: сағат бес- пять часов. 2. Бөлшектік сан есім орыс тілінен басқаша айтылады. Мысалы: бестен бірі- одна пятая. 3. Сан есімге байланысты “род” деген ұғым жоқ. Мысалы: бесінші қыз - пятая девочка.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ГРАММАТИКА Сан есім 1. 2. 3. 4. Имя числительное ұқсастықтары: Дара және күрделі болады. Негізгі және туынды болады. Мағынасына қарай 6 түрі бар. Сөйлемде барлық сөйлем мүшесі бола алады.
БАҒАЛАУ v 3 – 4 - сыныптарда баға қою. (баланың дұрыс санағаны, дұрыс аударғаны үшін) v 5 - сыныпта. Сан есімнің дұрыс - бұрысын ажырату, қазақша айтқанда қалай қолданылатынын білгені үшін. Мысалы: он бала – бала он сағат бес – бес сағат v 7 – сыныпта. Мысалы: -ау, -еу- қандай сан есім жұрнақтары? -ыншы – қай кезде жазылады? Жіктік жалғау сан есімге жалғана ма? v Тестілеу. (әр сыныпқа өткен тақырыптарына сәйкес)
ҮЙ ЖҰМЫСЫ Бастауыш сыныптарға. 50 – ге дейін санап үйрену 5 – сыныпқа. Сан есімге байланысты мақал, жұмбақтар жаттау. 7 – сыныпқа. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі бойынша сөйлем құрастыр.