рахит.pptx
- Количество слайдов: 12
Тақырыбы: Рахиттің визуальды диагностикасы Орындаған: Үмбетәлі Тоғжан Қабылдаған: Исаев Н Тобы: ЖМ-306 Түркістан 2015
Жоспар: • • Рахит ауруының негізгі себептері Рахит классификациясы Рахит диагностикасы Рахит аурудының профилактикасы Қорытынды Әдебиеттер
РАХИТ Рахит – ерте жастағы балалардың сүйек тініңдегі минерилизация процесінің бұзылысынан және витамин «D» дефицитінен пайда болатын полиэтиологиялық ауру. Ең алғаш рахит ауруы 17 ғ. Англияда пайда болған. Бірақ, ол кезде аурудың неден пайда болатыны және дамуы анықталмаған еді. 20 ғ. отызыншы жылдары витамин «D» құрылысының ашылуы. Сонымен қатар, УК сәуленің әсерінен витамин «D» терідегі синтезі жүретіні анықталды. Қазіргі кезде витамин «D» дефициті аурудың негізгі себебі болғанымен, ағзадағы Ca және P алмасуының бұзылыстары аурудың дамуына әсер етеді.
Рахит ауруының негізгі себептері • • Рахит дамуының негізгі 3 себебін ажыратады: Шала туған балалар. УК сәуленің жеткіліксіздігі. Дұрыс рационды тамақтанбау.
Рахит классификациясы Бірінші кезең — бастапқы кезең. Екінші кезең – қызған кезең. Үшінші – айығу немесе жазылу кезеңі.
• Бастапқы кезең 1 айда немесе 2 -3 айынан бастап, бастапқы белгілер пайда болады. Себепсіз тершеңдік. Шаршағыштық Бала басын жастыққа үйкей береді, сол себепті, желке түбінің шашы түсе бастайды. Бірте – бірте үлкен еңбектің шеті жұмсарып, үлкейеді. • Екінші кезең Бұл кезең сүйек өзгерісімен білінеді. Үлкен еңбегі үлкейіп, бассүйек аралығындағы тігісі жұмсарады, маңдайы томпаяды, желке сүйегі квадрат тәрізді болады, бала басын ұстай алмайды. • Үшінші кезең Кеуде қуысы бірте – бірте бөшке немесе құс төсі тәрізді болады. Қабырғалары жұмсарып, бұлшықет тонусы төмендеп, ішке тартылып, Гаррисон сайы п. б. Кеуде қуысының төменгі аппертурасы кеңиді. Төс жақтан қысылады. Білезік сүйектері жұмсарып, қисық өсіп, тері астында томпайып тұрады. Оны мешелдік білезік деп атайды. Бұлшықет тонусы төмендеп, іші томпаяды.
Балаларда рахит ауруының дамуы
Рахит диагностикасы Рахитті анықтау үшін рентгенологиялық және биохимилық зерттеу әдістерін қолданады. Ең ерте байқалатын зертханалық белгі – остеобласт ферменті сілтілік фосфатазаның белсенділігінің жоғарылауы және фосфор концентрациясының төмендеуі. Рахиттың алғашқы рентгенологиялық симптомы диафиз бен эпифиз арақашықтығының ұлғаюы болып табылады. Ол метафиздің өсуі, ұзын сүйекте өсінді пайда болуы, остеопороз әсерінен өзгеріске ұшырайды. Ары қарай остеопороз ұлғаяды, метафизарлы зона көлемі өседі, әктену аймағы төмпек түрден горизонталдыға ауысады, сүйек тіні бұзылады.
Аурудың асқынуы кезінде ұзын сүйектер мен “жасыл бұтақ” типі бойынша қабырғалар сынығы болуы мүмкін. Реконвалесценция кезеңінде метафизде кальций фосфаты жіңішке тығыз сызық түрінде қорға жиналады. Рахиттың рецидивті ағымында осындай бірнеше әктену сызықтары пайда болады.
Рахит ауруының профилактикасы. Балалардағы рахит ауруының алдын – алу ерте кезден, яғни нәресте дүниеге келместен бұрын жүргізілуі керек. ØДұрыс тамақтану. (құнарлығы жоғары тағамдар, жеміс – жидектер т. б) ØСеруендеу. Күн сәулесінде жүру. ØМассаж, гимнастика.
Қорытынды Рахитті емдеу кешенді түрде жүргізілуі керек. Алдымен, кальций және фтор алмасуын реттеу керек. Таза ауада көбірек серуендеу қажет. Нәрестелерді кем дегенде 5 ай емізу керек.
Әдебиеттер http: //anamenbala. kz/4072 http: //kazmedic. kz/archives/615 http: //www. zhardem. kz/news/ Шабалов Н. П. Детские болезни: Учебник. 5 -е изд. В двух томах. — СПб. : Питер, 2005. — Т. ISBN 5 -272 -00320 -9 • Майданник В. Г. Педиатрия: Учебник для студентов высших медицинских учебных заведений III—IV уровней аккредитации. 3 -е изд. — Х. : Фолио, 2006. ISBN 966 -03 -3460 -5 • •
рахит.pptx