дифтерия.pptx
- Количество слайдов: 37
Тақырыбы: Орындаған: Таңатарова А. А Қабылдаған: Жаупанова З. Ж
Дифтерия – бұл негізінен шырышты қабықтар зақымданып, оларда ақшыл – сұрғыт қабықшалардың пайда болуымен және организмнің жалпы улануымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қ О З Д Ы Р Ғ Ы Ш Ы: Дифтерия таяқшасы 1884 жылы Леффлермен ашылған. Бұл таяқша сыртқы ортада өте тұрақты және ойыншықтарда, ыдыс – аяқта, көрпе – төсекте көпке дейін сақталады. Сонымен қатар бұл таяқшалар өте улы экзотоксин бөліп шығарады.
Эпидемиологиясы
Аурудың көзі: Ауырған адам және қоздырғыш тасымалдаушы. Ауру таратуда әсіресе қоздырғыш тасымалдаушылар және дифтерияның дағдылы емес формаларымен ауырғандар мейлінше қауіпті. Себебі олар оқшауланбайды, сақтық шараларына мән берілмейді.
Таралу жолы: Инфекция ауа – сілекей жолымен, сондай – ақ әртүрлі заттар арқылы жұғады.
Сезімталдылық: Көбіне 3 – 7 жас аралығындағы балалар ауырады.
Маусымдылық: Қыс, бірақ соңғы жылдары бірен – саран ауру жыл бойы кездесіп тұрады. Иммунитет тұрақты.
ПАТОГЕНЕЗІ: Қоздырғыш мұрын, көмекей, жұтқыншақтың шырышты қабағына еніп, өсіп – өніп, улы экзотоксинді бөліп шығарады. Осыған байланысты эпителий жасушалары өліп, фибриноздық ақшыл – сұрғылт түсті қабықшалар түзіледі. Бұл қабықшалар шпательмен қиын алынып, орнында жара қалады.
Клиникалық белгілері: Жасырын кезеңі 2 – 10 күн. Инфекцияның ену орнына байланысты, аурудың бірнеше клиникалық түрлері белгіленеді: 1. Жұтқыншақтың дифтериясы 2. Көмей дифтериясы 3. Көздің дифтериясы 4. Жыныс мүшелерінің дифтериясы.
1. Жұтқыншақ дифтериясы Ең жиі кездесетін түрі, 95 – 97 % жағдайда. Дифтерияның бұл түрі 3 клиникалық түрге бөлінеді: 1. Жайылмаған 2. Жайылған 3. Улағыш, токсикалық түрі
Баланың жалпы жағдайы нашарлап, улану белгілері пайда болады. Таңдай бездері үлкейіп ісінеді, жұтқыншақтың шырышты қабықтарын қан кернейді. Бұл жайылмаған жұтқыншақ дифтериясының катаральды түрі, аурумен қарым – қатынаста болған балаларда жиі кездеседі. Кейде таңдай бездерінің әр жерінде ақшыл – сұрғылт қабықшалар пайда болады – бұл аралық түрі. Ал қабықшалар таңдай бездерін толық жауып тұрса, қабықшаланған түрі дейді. Соңғы екі түрінде баланың жағдайы нашарлап, тамағы ауырады.
ЖАЙЫЛҒАН ЖҰТҚЫНШАҚ ДИФТЕРИЯСЫ Қабықшалар жұтқыншаққа, жұмсақ таңдайға, таңдай тілшігіне, таңдай тілшік имектерге жайылады. Улану белгілері: ұлғайып басқа мүшелердің қызметін бұзады, жүрегі әлсіз және жиі соғады, қан қысымы төмендейді. Жұмсақ таңдайдың парезі, бүйректің тапшылығының белгілері пайда болады.
Қабықшалар одан әрі өсіп тіпті қатты таңдайды жабады. Аурудың аузынан шылқыма тәтті иіс шығады. Дене қызуы көтеріліп, қатты басы ауырады, іші бүріп ауырып, құсуы мүмкін. Жұтқыншақты қан кернеген және мойынның тері асты май қабаты ісінеді. Бұл ісік ауыр түрінде бұғанадан төмен түсуі мүмкін.
2. Көмей дифтериясы 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі де, өте ауыр түрде өтеді. Қабықшалар көмейде, кеңірдекте пайда болады да, тыныс жолдары тарылып, баланың дем алуы қиындайды. Ол 3 түрге бөлінеді: 1. Шоғырланған – қабыршақтар көмейде ғана орналасқан; 2. Жайылған – қабыршақтар көмей мен кеңірдекте; 3. Төмен қарай түскен – ларинготрахеобронхит.
Клиникалық ағымы бойынша круп 3 кезеңнен тұрады: 1 кезеңі – катаральды белгілер кезеңі: аздап дауысы өзгереді, дөрекі құрғақ жөтел мен дене қызуы жоғары болады. Бірте – бірте дем алысы шулы, иттің үргені сияқты жөтел пайда болады. 1 – кезең 1 – 3 күнге созылады.
2 – кезең - стеноз белгілерінің айқындалуы. Жоғарыдағы белгілерге қабырғааралық бұлшық еттердің дем алған кезде ішке қарай қабысуы, цианоз қосылады. Бала мазасыз, аласұрады, салқын, жабысқақ тер жабады. Бұл кезең өмірге өте қауыпты, сол себепті шұғыл көмекті қажет етеді.
3 – кезең – асфиксия кезеңі. Оттегі жетіспеушілігінен бала әлсіз, төсекте қозғалыссыз, бей – жай қалыпта болады. Дем алысы үстірт, жиі, терісі өте боз, аяқ – қол суық, тамыр соғысы әлсіз, жүрек соғысы күңгірт. Бұл жағдай бірнеше минутқа созылады да өлімгк әкеліп соқтырады. Көмей дифтериясы көбінде өкпе қабынуына асқынады, ал ол өлімнің тікелей себебі болып табылады.
Оның уланғыш түрлерінде уытының әсерінен болады. Олар: инфекциялы – токсикалы шок, миокардит, нефроз, полирадикулоневриттің әсерінен болатын шеткі парездер мен параличтер.
ДИАГНОСТИКА Эпидемиялогиялық анамнез Клиникалық белгілері Лабораториялық зерттеу: бактериоскопиялық, бактериологиялық.
Ауруханаға жатқызып, төсек режимін тағайындау, ұйқысын ұзарту; Сұйық, жақсы қорытылатын, витаминдерге бай жасына сәйкес тамақтандыру. Ауыр жағдайларда, яғни жұмсақ таңдайдың параличінде - зонд арқылы тамақтандыру; Негізгі ем дифтерияға қарсы анатоксиндік сары су ертерек қолдану, әсіресе аурудың алғашқы 3 күнінде егу қажет. Дифтерияға қарсы анатоксиндік сары су Безредко тәсілімен егу: әуелі тері ішіне сары судың 1 : 100 ерітіндісін 0, 1 мл мөлшерінде, 20 минуттан кейін тері астына сары судың өзін 0, 1 мл мөлшерінде, ал 20 минуттан кейін бұлшық етке сары судың қажет дозасы түгел егіледі. сары судың дозасы аурудың дәрежесіне байланысты: 10000 ӘБ шоғырланған түрінде, улағыш түрінде 45000 ӘБ дейін жеткізіледі.
Детоксикалық ем Симптомдық ем Витаминдер комплексі Гормондар Антибактериялық ем Дифтериялық круптың ең ауыр түрінде – интубация немесе трахеостомия жасалады.
КҮТІМІ: Палатада эпидемияға қарсы режимді мұқият сақтау; Төсек – орнын, ішкі киімінің тазалығын бақылау; Баланың төсек режимін сақтауын қадағалап, қан қысымын, жүрек соғу жиілігін тексеріп тұру; Баланы қасықпен немесе зондпен тамақтандыра білу; Дәрігердің нұсқауымен егулер өткізу, жұтқыншақтан бактериялық анализге жағынды алу; Трахеостомдық түтікшеге күтім өткізу.
Арнайы емес: 1. Ауру баланы мейлінше ерте оңашалау; 2. СЭС – қа № 58 форма бойынша хабар беру; 3. Аурумен қарым – қатынаста болған балаларға 7 – 8 күнге карантин салып, оларды 2 рет бактериологиялық зерттеуден өткізу керек. Аурудан жазылған балалар да 2 рет дұрысталған анализдерден кейін ғана ауруханадан шығарылады; 4. Инфекция ошағында дезинфекция жасау; 5. Санитарлық – ағарту жұмыстарын өткізу; 6. Бактерия тасымалдаушыға 7 күн бойы тетрациклин тобы антибиотиктерімен ем өткізіледі.
Арнайы: АҚДС – вакцинасымен 2, 3, 4 айда 0, 5 мл бұлшық етке егеді, бірінші ревакцинациясы 18 айда егіледі. Одан кейін 6 – 7 жаста АДС – вакцинасы, 12 - жаста АД – М, 16 – 17 жаста – АДС – М вакциналары 1, 0 мл бұлшық етке жасалады.
дифтерия.pptx