ЭЖ.pptx
- Количество слайдов: 33
ТАҚЫРЫБЫ: ОРТАЛЫҚ ЖӘНЕ ШЕТКЕРІ ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ
ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ Эндокриндік жүйеге – қан және лимфаға гормондар бөлетін ағзалар, ағза бөлікшелері және жекелеген жасушалар (эндокриноциттер) жатады. Гормондар – ағзаның зат алмасуын, физиологиялық функцияларын реттеуге қатысатын, ішкі секреция бездерінің арнайы жасушаларымен өндірілетін табиғаты органикалық, биологиялық активті заттар.
ЖІКТЕЛУІ І. Орталық ЭЖ: 1) Гипоталамус (нейросекреторлық ядролар) 2) Гипофиз (аденогипофиз, нейрогипофиз) 3) Эпифиз ІІ. Шеткері ЭЖ: 1) Қалқанша безі 2) Қалқанша маңы безі 3) Бүйрек үсті безі (қыртысты және милық заты)
ЖІКТЕЛУІ (жалғасы) ІІІ. Аралас бездер: 1) Гонадалар (аталық, аналық бездер) 2) Плацента 3) Үйқыбезі IV. Жеке гормон бөлетін эндокриноциттер: 1) нейроэндокринді жасушалар (эндокринді емес ағзадағы) 2) стероидты және т. б. гормондарды өндіретін жеке жасушалар
ОРТАЛЫҚ ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ АҒЗАЛАРЫ Гипоталамус – эндокриндік қызметтерді реттейтін жоғарғы нерв орталығы. Гипоталамустың нервті жасушалары – нейросекреторлы жасушалар деп аталады. Херринг денешіктері – нейросекреторлы жасушасының аксонының кеңейген аймағы, құрамында көптеген секретке толы гранулалары бар.
ГИПОТАЛАМУС Құрлысы: Алдыңғы бөлім 1) супраоптикалық ядролар (вазопрессин, АДГ) 2) паравентрикулярлы ядролар (окситоцин) Ортаңғы бөлім аденогипофизотропты гормондар (либерин, статин) Артқы бөлім
ГИПОФИЗ Дамуы: гипофиз эмбриональдік дамудың 4 -5 апталарында эпителиальді және нейральді бастамалардан дамиды.
ҚҰРЫЛЫСЫ гипофиз аденогипофиз Алдыңғы бөлім Аралық бөлім нейрогипофиз Туберальді бөлім Артқы бөлім Сабауы
Аденогипофиздің алдыңғы бөлімінің эндокриноциттері: 1) хромофильді (ацидофильді 30 -35%, базафильді 10 -15%, ) 2) хромофобты (60%)
Саматотроптар (соматотропин) ацидофильді Хромофильді Маммотропты (пролактин) Гонадотропты (фолитропин, лютропин) Тиротропты базофильді тиротропин Кортикотропты АКТГ
Хромофобты (жұлдызшалы, гранулдар жоқ) Гранулаларынан босатылған хромофильді жасушалар Аз маманданған камбиальді жасушалар
АДЕНОГИПОФИЗДІҢ АРАЛЫҚ БӨЛІМІ Құрылысы: жіңішке эпителий жолағы ретінде болады. Эндокриноциттері ақуызды және шырышты секрет өндіреді. Гормондары: 1) меланоцитотропин 2) липотропин (липидтер метаболизмін күшейтеді) Аденогипофиздің туберальді бөлімі Куб тәрізді жасушалардан тұратын эпителиальді перделерден тұрады.
НЕЙРОГИПОФИЗ Құрылысы: пішіні өсінділі болып келген, эпендима жасушаларынан – питуициттерден тұрады. Нейрогипофизде АДГ, окситоцин және Херринг денешіктері жинақталады.
ГИПОФИЗДІҢ БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІГІ Нәресте дүниеге келген кезде оның гипофизінің құрылысы қалыптасқан болып келеді. Туылғаннан кейін балаларда гипофиздің алдыңғы бөлімінің массасы ұлғаяды. Ацидофильдер мен базофильдердің мөлшері мен көлемі ұлғаяды. Балалардың (10 жасқа дейін) аденогипофизі үшін ацидофильдердің және териотропоциттердің басым болуы тән. Жас-өспірім кезеңінде (қыздар үшін 11 -14 жас, ер балалар үшін 12 -15 жас) гипофиздің құрылымдық өзгерістері ацидофильді аденоциттердің пайыздық құрамының ұлғаюымен байланысты. Жыныстық жетілу кезеңінде базофильді аденоциттердің саны мен көлемінің ұлғаюы байқалады.
ЭПИФИЗ (томпақ дене) Қызметі: организмде циклді түрде өтетін құбылыстарды (овариальді-менструалдық цикл), күн мен түннің ауысуындағы циркадты кезеңдегі гормондардың түзілуі мен бөлінуін және минеральді зат алмасуды реттейді. Дамуы: эмбриональді дамудың 5 -6 аптасында аралық мидың III қарыншасының жоғарғы бөлігінен (эпендимадан) дамиды. Құрамында субкомиссуральді ағзасы бар без. Максимальді дамуы 7 жасқа дейін.
ЭПИФИЗ Құрылысы: сыртынан дәнекертіндік капсуламен қоршалған, ішіне қарай перделер тарап, ағзаны бөлікшелерге бөледі. Бөлікше құрамында 2 типті жасушалар бар: 1) секрет түзуші пинеалоциттер (ашық, күңгірт ) 2) Тіректік глиальді жасушалар
ЭПИФИЗ Бояуы гематоксилин-эозин 1 – пинеалоциттер 2 – кальций тұздарының және кремний қосылыстарының жинақталуы (милы құм)
ШЕТКЕРІ ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ АҒЗАЛАРЫ Қалқанша безі – фолликулярлы типті эндокринді бездер қатарына жатады. Ол тиреоидты гормондарды өндіреді, олар метаболиттік реакцияларды және даму үрдістерін реттеуге қатысады, сонымен қатар без кальцитонин гормонын өндіреді, ол кальция алмасуын реттейді. Эмбриональдік дамуы. Қалқанша безі адам ұрығында 3 -4 аптада бронхогенді желбезек қалтасынан дамиды.
ҚАЛҚАНША БЕЗ ҚҰРЫЛЫСЫ Бездің сырты тығыз талшықты дәнекер тінмен қапталған. Бездің паренхимасы бөліктерден тұрады, құрылымдық-қызметтік бірлігі – фолликулдар деп аталады. Фолликул – пішіні шар тәрізді, көлемі әртүрлі болып келетін, қуысы бар қапшық. Ішін тироциттер қаптайды, қуысы тироглобині бар коллоидқа толы болып келеді.
Жасушалары Тироциттер – пішіні мен көлемі бездің қызметіне байланысты өзгермелі болады, апикальді аймағында микробүрлері болады, одан басқа эндоплазмалық торлар, рибосомалар, полисомалар, Гольджи жиынтығы, митохондриялар кездеседі. Парафолликулярлы (немесе К) жасушалар – без паренхимасында көптеп кездеседі. Кальцитонин гормонын өндіреді, қандағы кальций мөлшерін азайтады. Қалқанша безінің гормоны – паратириннің антогонисі.
ҚАЛҚАНША МАҢЫ БЕЗІ Қызметі – кальцийдің метаболизміне қатысып, қанға паратирин гормонын бөлу. Дамуы – ұрықтың III-IV жұп жұтқыншақ пен ішек қалташығының эпителийінен дамиды. Құрылысы: сыртынан дәнекертіндік капсуламен қапталған. Жасушалары – паратироциттер (негізгі және оксифильді). Негізгі паратироциттер – ең көп, цитоплазмасы базафильді боялған, рибосомалары көп. Ашық (құрамында гликоген қосындылары бар) және күңгірт түрлері болады. Оксифильді паратироциттер – (ескірген паратироциттер) көлемі ірі, саны аздау, цитоплазмасыда оксифильді түйіршіктері және митохондриялары бар.
БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІ Дамуы: бездің қыртысты заты 5 аптада целомдық эпителийден бастама алады да, кейіннен ұлғайып интерренальді денеге айналады. Милық заты 6 -7 аптада симпатикалық ганглийден дамиды. Құрылысы: Қыртысты заты: 1) шумақты аймақ 15% 2) шоғырлы аймақ 75% 3) торлы аймақ 10%
ШУМАҚТЫ АЙМАҒЫ Құрылысы: қалыңдығы 12 -15 мм, эндокриноциттері шумақтаса орналасады. Бөлетін гормоны – минералокортикоидтар (альдостерон). Қызметі: ағзадағы электролиттердің гомеостазының тұрақтылығын сақтап, натрийдің, хлордың реабсорбциясына қатысады, калий және сутегінің экскрециясын үдетеді.
ШОҒЫРЛЫ АЙМАҚ Бездің ең қалың аймағы. Эндокриноциттердің 2 түрі болады: ашық және күңгірт. Эндокриноциттер глюкокортикоидты гормондарды бөлуге қатысады: кортикостерон, кортизон және гидрокортизон (кортизол). Олар көмірсу, ақуыз және майлардың метаболизміне әсер етеді. Глюкокортикоидтар глюконеогенезді және бауырда гликогеннің жинақталуын үдетеді.
ТОРЛЫ АЙМАҚ Құрамындағы эпителиальді перделер тармақталып, тор түзеді. Эндокриноциттері андрогенді әсері бар жыныс стероидты гормондарды өндіреді. Сондықтанда бүйрек үсті безінің қыртысты аймағының қатерлі ісігі әйелдерде вирилизмге (екіншілік жыныс белгілері сақал мен мұрттың) әкелуі мүмкін.
Милы заты: өте ірі, дөңгелек пішінді эндокриноциттер (ашық немесе күңгірт) немесе хромаффиноциттерден тұрады, олар қан тамырларымен жақсы қамтылған. Ашық эндокриноциттер – адренолинді, күңгірт – норадреналинді синтездейді. Қызметтері: Тегіс салалы ет жасушаларының жиырылғыштығын реттеп, көмірсу мен липидтердің метаболизміне қатысыды.
Бүйрекүсті безінің құрылысы: 1 — меншікті дәнекертіндік капсула; 2 — қыртысты заты; 3 — милы заты.
Бүйрекүсті безінің қыртысты затының гистологиялық құрылысы: 1 — бүйрекүсті безінің меншікті дәнекертіндік капсуласы; 2 — шумақты аймақ; 3 — шоғырлы аймақ; 4 — торлы аймақ; 5 — дәнекертіндік перделер; 6 — қан тамыры.
НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА КӨП РАХМЕТ!
ЭЖ.pptx