
Kan_Gulmira.ppt
- Количество слайдов: 21
Тақырыбы: Лейкоциттер: нейтрофилдер, эозинофилдер, лимфоциттер
Жоспар: 1. Қан, лейкоциттер 2. Нейтрофилдер 3. Лимфоциттер
ҚАН ПЛАЗМАСЫ ЭРИТРОЦИТ ҚАН ТРОМБОЦИТ гранулоциттер ЛЕЙКОЦИТ агранулоциттер нейтрофилдер моноциттер эозинофилдер лимфоциттер базофилдер
Лейкоциттер Қанды микроскопиялық зерттеу кезінде ядросы анық көрінетін ірі мөлдір жасушаларды байқауға болады. Бұл – қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер. Лейкоциттер (гр. leukos-ақ және kytos-қойма, жасуша) – адам және жануар қанының түссіз жасушасы. Лейкоциттердің барлық типтерінде ядро болады және олар белсенді амеба тәрізді қозғалысқа қабілетті. Ағзада бактериялар және өлі жасушаларды қорытып жеп, антиденелер түзеді. Сау адам қанының 1 мм 3 4 -9 мың лейкоциттер болады. Ағзадағы лейкоциттердің мөлшері тағам мен физикалық аурытпалықтарға байланысты өзгеріп тұрады. Лейкоциттер гранулоциттер (құрамында дәндері, гранулалары болады) және агранулоциттер (түйіршіксіз лейкоциттер) деп екіге бөлінеді.
Гранулоциттер – омыртқалы жануарлар мен адамдардың лейкоциттері, цитоплазмасында дәндер (гранулалар) болады. Сүйек кемігінде түзіледі. Түйіршіктердің арнайы бояулармен боялуына байланысты олар базофилдерге, нейтрофилдерге, эозинофилдерге бөлінеді. Ағзаны токсиндер мен бактериялардан қорғайды. Агранулоциттер (түйіршіксіз лейкоциттер) – жануарлар мен адам лейкоциттері, цитоплазмасында дәндер (гранулалар) болады. Агранулоциттер иммундық және фагоцитарлы жүйелердің жасушалары; лимфоциттер мен моноциттерге бөлінеді.
Түйіршікті лейкоциттер эозинофилдер (түйіршіктері қышқыл бояулармен боялады), базофилдер (түйіршіктері негізгі бояулармен боялады) және нейтрофилдер (бояудың екі түрімен де боялады) деп бөлінеді.
Эозинофилдер – эозинмен қызыл түске боялады. Ағзаның аллергиялық реакцияларына қатысады. Базофилдер – цитоплазмасында негізгі (сілті) бояулармен боялатын құрылымдары бар қанның түйіршікті лейкоциттері. Нейтрофилдер – ұсақ бөгде бөлшектерді фагоцитоздау қабілетіне ие, өлі жасушаларды қорыту қабілетіне ие.
АГРАНУЛОЦИТТЕР ЛИМФОЦИТТЕР – жасушасында шар тәрізді дұрыс формалы ядросы бар МОНОЦИТТЕР – дұрыс емес формалы ядросы бар
Мечников фагоцитозға қатысатын лейкоциттердің екі түрін бөліп көрсеткен: микрофагтар (микробтарды қорытады) және макрофагтар (әртүрлі бейорганикалық қосылыстарды – ыдырау өнімдерін, шаңды қорытады). Микрофагтардың қызметі нейтрофилдердікіндей. Макрофагтар – жануарлар мен адам мезенхимасынан шығатын жасушалар, ол бактерияларды, жасуша қалдықтарын, ағза үшін бөтен және токсикалық қасиетке ие бөлшектерді белсенді түрде қоршап алып, қорытады. Моноциттер мен гистоциттер макрофагтарға жатады.
Фагоцитоз кезінде лейкоциттер тіршілігін жоя отырып, өзінен бактерияларды өлтіретін қосылыстар бөледі. Тіршілігінен айырылған жасушалар қою ірің түзеді. Жараны жарғанда ірің сыртқа шығып, фагоциттер зақымдалған ұлпаның қайта қалпына келуіне әсер етеді. Егер лейкоциттер микробтарды жоя алмай, ол бүкіл денеге тарала бастаған жағдайда келесі қорғаныс кедергі-фильтр қызметін лимфа түйіндері атқарады, бактериялар сонда ұсталып қалып, тіршілігін жояды. Егер микробтар қан айналымына енсе, онда лейкоциттердің барлық түрлері ағзаның күресіне қатысады.
Лейкоциттердің қорғаныштағы рөлі фагоцитозбен шектелмейді. Лимфоциттер немесе лимфоидты жасушалар қанға арнайы ақуыздарды – глобулиндерді өндіріп, шығарады. Олар өзіндік қорғаныс қасиеттеріне ие: ағзаға бөгде ақуыздармен байланысып, қауіпсіз комплекстер түзеді, олар уақыт өте келеді бұзылады. Лейкоциттер зат алмасу процесінде, әсіресе ақуыз және май алмасуында маңызды рөл атқарады. Әртүрлі омыртқалылылардың қанында эритроциттермен салыстырғанда лейкоциттердің саны өте аз.
Түйіршікті және түйіршіксіз лейкоциттердің арақатынасы жануардың түріне байланысты. Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар қанында түйіршіксіз лейкоциттер көп болса, сүтқоректі жануарлар қанында түйіршіктілері басым. Лейкоциттердің көпшілігі фагоцитозға қабілетті, қозғала алатын жасушалар. Әртүрлі ауруларда түйіршікті лейкоциттердің проценттік арақатынасы әртүрлі болады: қабыну процестерінде нейтрофилдер саны артады, пневмония мен скарлатина кезінде эозинофилдер көп болады.
Лейкоциттер ағзаның қорғаныс күштерінің негізгі көрсеткіші болып есептеледі. Сау адамда қан лейкоциттерінің саны тұрақты емес. Ауыр физикалық жұмыстан кейін, ыстық ванна қабылдағанда, әйелдерде жүктілік кезінде, босану кезінде және етеккір алдында көрсеткіші жоғарылайды. Тамақ қабылдағаннан кейін де көрсеткіш жоғарылайды. Сондықтан анализ дұрыс болу үшін қанды аш қарынға, таңертен, бір стақан су ішіп тапсыру керек. Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 л қанындағы лейкоциттер саны 4, 0 -9, 0*109 құрайды. Ал балаларда көрсеткіші жоғары: бір айлық жаста 9, 2 -13, 8*109 /л, 1 жастан 3 жасқа дейін 6 -17*109 /л, ал 4 жастан 10 жасқа дейін 6, 111, 4*109 /л.
Лейкоциттердің саны көбейсе лейкоцитоз деп, ал азайса лейкопения деп аталады. Лейкоцитоз көп жағдайларда инфекциямен (пневмония, скарлатина), іріңді аурулармен (аппендицит, перитонит, флегмона), қатты күйіктермен ауыратын адамдарда байқалады. Лейкоцитоз қан кеткеннен кейін 1 -2 сағат өткен соң лейкоцитоз байқалады. Лейкоциттер сүйек кемігінде түзіледі. Сәулелендіру, кейбір дәрілік заттар (бутадион, цитостатиктер, эпилептикаға қарсы препараттар) сүйек кемігін бұзады. Нәтижесінде түзілетін лейкоциттердің саны жеткіліксіз болып, лейкопения дамиды.
Нейтрофилдердің негізгі қызметі – ағзаны инфекциядан қорғау. Олар бактерияларды фагоцитоздайды. Яғни қоршап алып, қорытады. Сонымен қатар нейтрофилдер ерекше антимикробты қосылыстар бөледі. Нейтрофилдер бактерия енген жерде көп мөлшерде шоғырланады. Ірің – тіршілігін жойған нейтрофилдер. Қалыпты жағдайда ересек адамның қанында таяқшапішінді нейтрофилдер барлық лейкоциттердің 1 -5%ын, сегментоядролылар 45 -65%-ын құрайды. Нейтрофилдер санының, әсіресе жетілмеген формаларының көбеюі ағзада инфекцияның (абсцесс, аппендицит, пневмония, пиелонефрит, ангина, менингит, сепсис) бар екендігін көрсетеді.
Эозинофилдер аллергиялық аурулар кезінде пайда болатын гистаминнің артық мөлшерін жояды. Гельминттермен зақымдалған эозинофилдер ішек кеңістігіне өтіп, онда бұзылып, нәтижесінде гельминттерге токсикалық әсер ететін қосылыстар бөлінеді. Қалыпты жағдайда ересек адамның қанында эозинофилдер барлық лейкоциттердің 1 -5%-ын құрайды. Эозинофилдер саны бронхиальді демікпе, аллергиялық дерматит, дәрілік аллергия, паразиттермен зақымдалғанда, кейбір лейкоздар мен ісіктерде көбееді.
Базофилдер Аллергиялық реакциялардың ешқайсысы базофилдер қатысынсыз өтпейді. Олар қабыну процесінде маңызды рөл атқарады. Қалыпты жағдайда қандағы базофилдердің мөлшері мардымсыз 0, 5% құрайды. Базофилдер санының көбеюі сирек кездеседі – аллергиялық реакцияда, кейбір лейкоздарда, лимфогранулематозда, қалқанша безі функциясының төмендеуі және эстрогендермен емдеу кезінде.
Лимфоциттер – ағзаның басты реттеушісі. Олар ағзаға бөтен молекулалар мен микробтардың енбеуін, ағзаның өз жасушаларының бақылаудан шықпауын, яғни мутацияға ұшырау-ұшырамауын, ретсіз бөлінуін, оның ісікке айналмауын қадағалайды. Лимфоциттердің басты хабаршысы – макрофагтар. Олар ағза бойымен орын алмастырып, күмән тудырған үлгілерді жинап, оларды лимфоциттерге таныстырады. Қалыпты жағдайда қандағы лимфоциттер ағзадағы лейкоциттердің барлық мөлшерінің 25 -35%-ын құрайды. 6 жасқа дейінгі балаларда нейтрофилдерге қарағанда мөлшері көп болады, ал 6 жастан кейін лимфоциттер азаяды, нейтрофилдер керісінше көбееді.
Моноциттер – толық жетілмеген жасушалар. Олар өзінің негізгі функциясын макрофагтарға айналғанда атқара бастайды – ірі қозғалғыш жасушалар, кейбірі барлық мүшелер мен ұлпаларда орналасады. Макрофагтар – өзіндік санитарлар. Олар бактерияларды, өлі жасушаларды, бөлшектерді қорытып, мөлшері өзімен бірдей жасушаларды жеп, жояды. Макрофагтар лимфоциттерге иммундық реакцияны жүзеге асыруында көмектеседі. Қалыпты жағдайда моноциттер қандағы барлық лейкоциттердің 01 -8% құрайды.
Бақылау сұрақтары: 1. Қанның құрамына кіретін элементтер 2. Гранулоциттердің агранулоциттерден айырмашылығын сипаттаңыз 3. Лимфоциттердің субпопуляцияларына сипаттама беріңіз, олардың айырмашылықтарын бөліп көрсетіңіз 4. Эозинофилдер қандай бояумен боялады? 5. Сілтілі бояулармен боялатын лейкоциттің түрін атаңыз 6. Микрофагқа жататын лейкоциттің түрін көрсетіңіз 7. Фагоцитоз дегеніміз не? 8. Макрофаг пен микрофагтың бір-бірінен ерекшеліктері 9. Лейкоциттердің көрсеткіші қандай жағдайларда артады?
Kan_Gulmira.ppt