0c58b0f09eafdf4155837733eb0f6a00.ppt
- Количество слайдов: 13
Тақырыбы Компьютердің негізгі блоктарының архитектуралық орналасуы
Жоспар I. Кіріспе. Дербес компьютердің жалпы анықтамасы. II. Негізгі бөлім. Дербес компьютердің негізгі элементтері. ДЭЕМ – нің негізгі блоктары. Компьютердіңі қосымша құрылғылары. III. Қорытынды.
Дербес компьютер – бұл электрондық аспаппен орындалатын программамен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы.
Компьютердің негізгі блоктары: Жүйелік блок Дисплей Пернетақта Тышқан
Жүйелік блок - ішінде компьютердің ең маңызды компоненттері орналасқан негізгі торабы. Олар: ─ компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микро – процессор, оперативті есте сақтау, құрылғылардың басқарушысы және т. б. ); ─ компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты тогтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректендіру блогы; ─ икемдік магниттік дискіге жазылуда және оқуда пайдаланатын икем-ді магниттік дискінің жинақтаушысы; ─ алынбайтын қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтаушы.
Монитор Дисплей – деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады. Оның негізгі тұтыну параметрлері – экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенерация изобрежения) ең көп шамадағы жиелігі, қорғаныс класы.
Пернетақта Компьютерге бастапқы информацияны енгізуде, сондай – ақ оның жұмысын басқаруда пернетақта пайдаланылады. Бүгінгі күні дербес компьютерлерде пернетақта біріңғайластырылған. 101/102 стандарттарында немесе 108 пернелік пернетақта орналасқан.
Тышқан – тетік (мышь) – бұл информацияны компьютерге енгізудің манипуляторы. Тышқан – тетік түбіндегі алақан аясына оңай сиятын екі немесе үш пернелі шағын қорап. Монипулятор компьютерге сым арқылы жалғасады. Тышқан – тетік түбіндегі саңылау арқылы шарик шығарылған. Ол үстел үстінде орналасқан тышқан – тетік корпусының ішінде айналады. Тышқанның орындаушы тетігі бұл айналдыруды сым арқылы машинаға беретін және тышқантетеіктің нұсқаушысы аталып кеткен экрандағы арнайы белгі дисплейінің ағымдағы жағдайын анықтайтын электрлік сигналға айналдырады.
Компьютердің қосымша блоктары Сканер Стример Принтер Дыбыстық карта Плоттер
Принтер және плоттер Плоттер - графикалық информацияны шығарудың құрылғысы. Оны үлкен плакттарды, диаграмманы, сызбаларды, картаны, басу тақташаларының нобайын (эскизін), гистограмманы безендіру үшін пайдаланады. Плоттердің әрекеті қарапайым, жазу құралы із қалдыра отырып қағазда жылжиды. Принтер немесе басу құрылғысы информацияны қағазға көшіріп шығаруға арналған. Барлық принтерлер текстік информацияларды шығарады, олардың көбісі суреттер мен сызбаларды, ал кейбір притерлер түрлітүсті кескіндерді де шығара алады. Қазіргі уақытта пайдаланылатын притерлерді үш топқа – матрицалық, бүріккіш (струйные) және лазерлік деп бөлуге болады.
Дыбыстық карта, Сканер – қағаздың немесе машиналық емес тасушыдан информацияны компьютерге енгізетін құрылғы. Сканер мәтінді, графикалық кескінді енгізуде қолданылады. Сканер компьютерге суретті де енгізеді. Арнайы программамен қамтамасыз етілген компьютердің көмегімен сканер арқылы енгізетін картинкаларағы символдарды танып білуге болады, бұл қағазға басылған, кейде қолжазбадағы мәтінді компьютерге жылдам енгізуге мүмкіндік береді. Сканерлер бірбірінен түстер және сұр түс белгілерін қаншалықты дәрежеде ұйғара алатын қабілетімен айрықшаланады. Дыбыстық карта дербес компьютердің ең артынан, яғни кейін ғана жетілген құрылғыларының бірі. Ол туындық карта түрінде аналық тақшаның бір столынан қосылады және дыбысты, сөзді, әуенді өңдеумен байланысты есептелетін операцияларды орындайды. Дыбыс дыбыстық картаның шыға берісіне қосылған сыртқы дыбыстық колонка арқылы шығады. Арнайы ажыратушы дыбыстық сигналды сыртқы күшейткішке жөнелтуге мүмкіндік береді. Микрофонды қосудың да ажыратқышы болады, ол сөзді Полуторный әуенді жазып алуға және оларды одан өңдеп, пайдалану үшін дискіде сақтауға мүмкіндік береді.
Қорытынды Қарап отырсақ, дербес компьютердің негізгі блоктарының құрылу жүйесі өте күрделі. Олардың архтектуралық орналасуы өзара бір-бірімен өзара байланысқан. Олардың өзара байланысуының өзіндік ерекшелігі мен әсемдігі нағыз шеберлердің туындысы. Ең қызықтыратыны дербес компьютердің негізгі элементтерінің арасындағы байланыс, жүйелік шинаның қызметі. Дербес компьютер – бұл информациялық технологияның негізгі технологиялық базасы. Ал осы компьютерді және оның негізгі блоктарының арасындағы өзара байланысты, олардың орналасу ретінің архитектуралық маңызын ойлап тапқан ғұламалардың еңбектеріне таң қаласың. Компьютердің блоктарының өзіне тән қызметі келесі блоктың қызметін толықтыра байланыса құрылған. Мысалы біз мәліметті пернетақта арқылы енгіздік делік, ол мәлімет процессордан өту арқылы экран бетіне шығады. Міне осындай қарапайым мысалдан блоктардың өзара күрделі байланыстылығы мен бір- біріне тәуелділігін көруге болады. Бұл дербес компьютердің блоктарының архитектуралық орналасуының үлкен сәттілігі деп ойлаймын.
Орындаған: Байгазиева Эльнара 103 стом. Тексерген: Асемгуль Шабиденовна Астана 2008
0c58b0f09eafdf4155837733eb0f6a00.ppt